Сайтқа кіру Тіркелу

Салықтан құтқарған сөз

Баяғыда бір кедей көшерге көлігі болмастан, жыл сайын қыстауда қала береді екен. Бір күні оның үйіне елді сүлікше сорған бір ұлық келіпті.
— Сені жарлы қылған мен емес ем, жазған Құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ бидайдан, үйіңдегі алты адамға тоғыз пұт астық төлейсің, — деп ұлық қиғылық салып отырып алыпты.
Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы байғұс қалай мақұл дей қойсын, қатты сасыпты. Ауыл - аймаққа шешендігімен аты шыққан қаршадай ған кедейдің бір баласы бар екен.
Ұлық сол баланы шақырып алыпты да:
— Бала, сені жұрт шешен деседі. Мына әкеңді биылғы алым - салымнан босатайын, сол өнеріңді көрсетші! Мәселен, адамға мына көз, мұрын, қол мен ауыздың қаншалықты керегі бар? Осыған ойланып жатпастан, табан астынан жауап тауып айта қойшы, қане! — депті.
Сонда бала тұрып:
— Тақсыр, қапылыста шыққан сөз қанжардан өткір келуші еді. Жазатайым қытығыңызға тиіп кеткендей болсам, біздей пендеңізге әңгіртаяқ ойнатып жүрмес пе екенсіз? — депті.
— О, ол не дегеніңіз?! Сөз тапқанға қолқа бар ма? Жауабың нанымды болса, жазғырар жайым жоқ. Сөйле, қорғанба! — депті ұлық.
— Е, ұлық басымен уәде беріп, қаршадай бала сенің сөзіңе өкпелеп не көрініпті? Бәріміз де куәміз? — десіп, ұлықтың қасындағы нөкерлері де қаумалап әкеткен соң, бала:
— Олай болса тақсырым, Сөйлейін сөздің тап шынын:
Көз деген көпті үйіруге керек,
Қол — жарлының малын жылатып алуға керек,
Ауыз — алғаныңды көмейге салуға керек, — деген екен.
Ұялғанынан құлағына дейін қызарып, қасындағылардың бетіне қарай алмаған ұлық:
— Қап! Мына жүгірмекке тіпті дауа жоқ екен! — деп, атына мініп, жөніне жүре беріпті.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×