Сайтқа кіру Тіркелу

Ақ тышқан мен нәресте

Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте де айрылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде нәресте мен ақ тышқан қалады.

Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында аузы - басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр - иманы қалмай, аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды. Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды көреді...
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×