Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қолқа демікпесі (астма)

Қолқа демікпесі — бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, олардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін тыныс жолдарының созылмалы қабыну сырқаты.

Грекше «астма» — ауыр тыныс, тұншығу дегенді білдіреді. Созылмалы қабыну қайталанып отыратын ысқырықты сырыл, ентігу, әсіресе түнде және таң ата кеудедегі қысылу сезімі мен жөтелге әкелетін тыныс жолдарының жоғары сезімталдығынан туындайды. Ем нәтижесінде немесе өздігінен қайтатын бұл эпизодтар әдетте жайылған, бірақ өзінің айқындылығын өзгертіп тұратын бронхтардың түйілуіне байланысты болады.

Қолқа демікпесі сыртқы және ішкі факторлардың қатысуымен, көбіне экологиялық бұзылыстар салдарынан дамиды. Ол негізгі екі түрге бөлінеді: инфекциялық емес — аллергиялық (атопиялық) және инфекциялық — аллергиялық.

Пайда болуына әсер ететін факторлар
Қолқа демікпесінің пайда болуына әсер ететін факторлар: тұқымқуалаушылық, яғни науқастың туыстарының астмамен немесе басқа аллергологиялық аурулармен (аллергиялық ринитпен, атопиялық дерматитпен) ауыруы; климаттық, атап айтқанда ылғалдылығы жоғары жерлерде бұл сырқаттың дамуы 93, 8%- да кездеседі; маусымдық, кейбір науқастар жоғары температураға сезімтал болғандықтан ауру қыс және жаз мезгілдерінде өршиді. Кейбір науқастарда белгілі бір өсімдіктердің гүл ашу кезеңімен байланысты дамиды; үй шаңы — ересектер арасындағы атопиялық қолқа демікпесінің ең жиі кездесетін себебі. Қолқа демікпесінің белгілері: жөтел немесе ентігудің, тұншығудың кезекті ұстамалары; ысқырықты сырылдардың пайда болуы; жөтел мен кеуде қуысына ауыр салмақ түскендей сезім.

Клиникалық белгісі
Қолқа демікпесінің маңызды клиникалық белгісі: белгілердің өздігінен немесе бронх кеңейткіш дәрмектерді және қабынуға қарсы дәрілерді қолданғанда жойылуы. Жиі салқын және ылғал ауамен немесе аллергенмен, физикалық күштемемен, әртүрлі иістермен, жылаумен, күлумен немесе вирусты инфекциямен шақырылатын қайта өршулер, және де белгілердің маусымдық өзгермелілігі мен науқаста немесе оның туыстарында осыған ұқсас аурулардың болуы.

Қолқа демікпесі екі кезеңге бөлінеді: өршу және ремиссия (басылу).

Ауырлық дәрежесі
Ауырлық дәрежесін келесі белгілер бойынша бағалайды: бір аптадағы түнгі ұстаманың саны; апталық және тәуліктік тұншығу ұстамасының күндізгі саны; тәулік бойына қысқа әсерлі β2 - агонистерді қолданудың қажеттілігі; физикалық белсенділік пен ұйқы бұзылысының айқындылығы; өршу кезеңінде сыртқы тыныс алу қызметі көрсеткішінің өзгеруі, ал ремиссия кезінде өзгерістің болмауы; сыртқы тыныс қызметінің тәуліктік өзгермелілігі.

Емі
Қолқа демікпесінің емінде негізінен дәрілердің екі тобы қолданылады. Олар: бронхтардың түйілуін азайтатын оронходилататорлар және олардың қызаруын азайтатын қабынуға қарсы дәрілер. Бірақ соңғысы кенет дамыған демікпе ұстамасын жоя алмайды.

Жоғарыда аталған емнен нәтиже болмаған жағдайда, қабынуға қарсы дәрмектер ретінде глюкокортикоидтар (преднизалон) және де бірінші кезекте ингаляциялық түрлері қолданылады: беклометазон; моментазон; будесонид; флутиказон; флунизолин т. б.

Антихолинергиялық дәрілер: олардың ішінде атропин және оның туындылары, атровент, травентол, оксивент, вентилат т. б. бронх бұлшық еттерінің жиырылуына және кілегейдің көп түзілуіне әкелетін арнайы нерв талшықтарынан бөлінетін аиетилхолиннің әсерін тежейді, 30 - 90 минуттан соң әсер етеді. Бірақ бұл дәрілердің ауыздың құрғауы секілді жанама әсері бар. Ал бұл өз кезегінде демікпе ұстамасын күшейтуі мүмкін. Осы топтың жанама әсері аздау дәрілеріне — ипратропиум бромиді (атровент) жатады.

Ш. Әбенова пульмонолог дәрігер
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Суық тигенде емделудің ең жақсы жолдары

Суық тигенде емделудің ең жақсы жолдары

Суық тию — диагноз емес. Бұл көбіне қыс пен күз мезгілдерінде, күннің суығында пайда болатын аурулардың тұрмыстық деңгейде тараған үйреншікті атауы....
Қорылдаудың себептері және одан құтылудың жолдары

Қорылдаудың себептері және одан құтылудың жолдары

Ауа мұрын жұтқыншағы мен ауыз жұтқыншағының артқы бөлігі арқылы қиындықпен өткен жағдайда қорыл пайда болады....
Өкпенің қатерлі ісігі

Өкпенің қатерлі ісігі

Өкпенің қатерлі ісігінің ағымында клиникаға дейінгі және клиникалық сатылары болады. Біріншісі, бір ісік жасушасы пайда болғаннан, клиникалык...
Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)- тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан...
Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету