Сайтқа кіру Тіркелу

Өкпенің қатерлі ісігі

Өкпенің қатерлі ісігінің клиникалық көріністері

Өкпенің қатерлі ісігінің ағымында клиникаға дейінгі және клиникалық сатылары болады. Біріншісі, бір ісік жасушасы пайда болғаннан, клиникалык белгілердің пайда болуына дейін 6-9 жылға созылады. Екіншісі (емделмеген науқастың өмір ұзақтығы) 2-3 жылға созылады. Өкпенің орталық және шеткі қатерлі ісігінің клиникалық көріністері әр түрлі. Тамыралды ісіктің клиникалық симптомдарын 3 топқа бөледі, олардың пайда болуы патогенетикалық түрде түсіндіріледі.

Бірінші топ ісіктің бронхитта өсуі, сезімтал нерв ұштарына өсіп, жөтелу рефлексін шақырады. Жөтел қатты, кұрғақ, жеңілдік әкелмейді, ісік бронх қабырғасына өседі, жөтелу арқылы ісікті итеріп жылжыту мүмкін емес. Сол кезде ісіктің орталық бөлігі ыдыраңды, содан ол жара сияқты қисайып өзгереді. Бұл кезде майда тамырлар зақымданады және кішкене қан түкірік немесе дән тәрізді қақырық тасталады. Қақырықтағы қанды микроскопиялық зерттеу кезінде жаңа эритроциттер кездеседі. Кеудеде ауырсыну сезімі пайда болады, себебі ісік үдерісіне нерв талшықтары қосылады. Ол ауырсыну тұрақты, тұйық болады. Жөтел қан түкіру, кеудедегі ауру сезімі тамыр алдындағы өкпенің қатерлі ісігінің бірінші белгілерінің триадасын кұрайды. Бронхтардағы ісіктің өсуі оның жолдарының жабылуына әкеледі, одан ателектаз пайда болады. Ірі бронхтың ісікпен жабылуы, ентігуге әкеледі. Ателектазға ұшыраған жерде қабыну үдерісінің дамуына жағдай туады.

Екінші топтың симптомдары асқынулармен байланысты, ісіктің өсуінен және метаста беруінен пайда болады. Бронхтағы ісіктің өсуі, оның жолдарының жабылуына әкеледі, ісіктің қай бронхта орналасуына байланысты сегментте, бөлікте немесе тұтас өкпеде ателектаз болуы мүмкін. Ентігу де осы ателектаздарға байланысты. Ателектазға ұшыраған жерде қабыну үдерісінің дамуына жағдай жасалады (өкпенің тыныс алу қызметінің нашарлауы, бронх заттарының іркілуі, термостатикалық жағдай, инфекцияның болуы, ойық жараға айналған ісік). Пневмонияда науқас дене қызуының жоғарылауына байланысты дәрігерге көрінеді. Пневмония физикалық әдіспен (аускультация, перкуссия) анықталады, емі тез әсер береді, науқасты ауруханадан шығарады. Бірақ пневмонияның даму жағдайы жалғасып, қайталанып, ал қайталанған пневмония кейде өкпе іріңдігіне айналуы мүмкін. Бұны пневмонияға ұқсас немесе абсцеске ұқсас өкпенің қатерлі ісігі деп атайды, оны ісіктің атипиялық түріне жатқызады.

Жергілікті өсумен бірге лимфа және қан тасымалдау жолдарына метастаз береді, лимфогенді метастаз кезеңмен өтетін өкпе ішіндегі лимфа түйіндеріне, бронхопульмоналды, паратрвхеальды, бифуракция, медиастинальды лимфа түйіндеріне, қолқаның, жұтқыншақтың, бұғана үсті лимфа түйіндеріне метастаз береді. Жоғары қуысты көк тамырдың бойында орналасқан лимфа түйіндеріне метастаз береді. Бұл көктамырлық қысымынын жоғарылауына және беттің ісінуі мен көгеруіне алып келеді.

Гематогенді метастаз кез келген мүшеге, көбіне бас мида неврологиялык ошақтың симптомдарымен (мишық түрі) көрінеді, бауырда сүйекте, бүйректе, бүйрекүсті безінде, өкпеде кездеседі. Бұл өкпе қатерлі ісігінің анапластикалық түріне тән, бұл кезде ісіктің алғашқы ошағын анықтау қиынға соғады. Қатерлі ісік кезінде науқастың жалпы жағдайы өзгереді: әлсіздік, селқостык, жұмыс қабілетінің төмендеуі, апатия, ЭШЖ-нің (эритроциттердің шөгу жылдамдығы) жоғарылауы, арықтау және анемизация болмайды, керісінше гемаглобин, викарин және эритроцит жоғары болады. Шеткі өкпенің қатерлі ісігінің клиникалык көрінісі айқын емес.

Өкпенің қатерлі ісігінің нақтамасы және анықталуы
Бұл аурумен көбіне орта жастан асқан ер адамдар ауырады. Сондықтан аурудың тыныс жүйесінің кез келген шағымын ескере отырып, өкпенің рентгенологиялық зерттеуін жүргізу керек. Егер патологиялық көлеңкелер табылса, науқасты фтизиатрға емес онкологқа жіберу керек, себебі өкпенің қатерлі ісігі егде жастағы еркектер арасында, туберкулезге қарағанда екі есе жиі кездеседі. Өкпенің қатерлі ісігінің негізгі әдісі – рентгенологиялық, рентгенография екі проекцияда, көп осьті рентгеноскопия, томография. Диагнозға күдік туса, бронхография, компьютерлік томография жасалады. Өкпенің орталық қатерлі ісігінде көлеңке ателектазға тән, ал шеткіде шеті айқын дөңгелек қараңғы, бірақ тегіс емес. Шеткі қатерлі ісік ыдырағанда қуысты, шеті толық, бұдыр қабаттан тұратын түзіліс түзеді. Толық диагноз қоюда компьютерлік томография және радиомагнитті резонанс томографиясы көмектеседі, мұнда көлеңкенің түрі және сүлдесі анықталады. Эндоскопиялық зерттеулер ісіктің орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік береді, биопсия алуға бронхтан жуындыны цитологиялық зерттеуге және ісіктің бетінен жағынды алуға көмектеседі. Диагностиканың соңында гистологиялық зерттеу жүргізіледі. Ол қатерлі ісіктің қай түрге жататынын анықтауға және емнің дұрыс әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Егер осы әдістердің барлығы дұрыс нақтама қоюға мүмкіндік бермесе, онда диагностикалық торокотомия жасау керек, ісік алып тасталады немесе лимфа түйінін гистологиялық зерттеу жасалады, бұл болса құрастыру тәсілімен ары қарай емдеу әдісін дұрыс таңдауға көмектеседі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қолқа демікпесі (астма)

Қолқа демікпесі (астма)

Грекше «астма» — ауыр тыныс, тұншығу дегенді білдіреді. Созылмалы қабыну қайталанып отыратын ысқырықты сырыл, ентігу, әсіресе түнде және таң ата...
Бас ауруының себептері

Бас ауруының себептері

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу...
Ең пайдалы азықтар жайлы

Ең пайдалы азықтар жайлы

Әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялап отырмыз, мұқият танысып шығып керегіңізді алыңыз!...
Емшектің қатерлі ісігі

Емшектің қатерлі ісігі

Емшек безінің қатерлі ісігі - соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрі. Емшектің қатерлі ісігі, сүт безінің рагы — сүт безінде болатын қатерлі ісік....
Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әд ...

Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әд ...

Сабақтың мақсаты: Білімдік (оқыту) – Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістерін, анамнез жинау, негізгі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×