Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық ойындар

Дайындық бөлім – 10 м.
Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында оңға, солға, артқа бұрылу жаттығулар түрін орындау. Алаңды айнала жүру және жүгіру барысындағы жаттығулар түрін 1 - 2 минут жасаймыз. Алдыңғы сабақтардағы қол, иық бұлшық еттеріне арналған жалпы дамыту жаттығулар дене мүшелеріне тиісті қайталап орындау.
Оқушыларды санау арқылы үш топқа бөлеміз. Мына төмендегідей жаттығуларды ретімен орындау.
1. Негізгі тұрыста – Бастапқы қалыпта екі қолды алға және жоғарғы жанына созып төмен түсу. Бастапқы қалыпқа келу.
2. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды алға созып, жоғары көтеріп және екі жанына ұстап бастапқы қалыпқа келу.
3. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды алға созып, кезектесіп жоғары және төмен айқастырып орындау.
4. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта аяқты алшақ қойып, екі қол белде солға басты қисайтып бастапқы қалыпқа келу оңға қисайып бастапқы қалыпқа келу.
5. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта басты алға және артқа шалқайтып кезекпен жаттығуды орындау.
6. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта екі иық қолдардың деңгейінде оңға және солға жаттығудың қимылын айналдыру.
7. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды кеудеге ұстап, оңға және солға қолды созып жаттығуды қайталау.
8. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта аяқты алшақ қойып, екі қол белде оңға және солға санақ бойынша қисайтып орындау.
9. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта екі қол белде оңға және солға аяқ жылжымайды қимыл жаттығулар жасаймыз.
10. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта екі қолды тізеге қойып оңға және солға айналдыру.
11. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды алға ұстап созып, «1» дегенде отыру, «2» дегенде тұру, «3» деген отыру, «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу.
12. Бір орнында жүгіру.
13. Бір орында тұрып қос аяқпен жоғары секіру.
14. Бір орнында жүру жаттығулары.
15. Бір орнында тұрып, 1 - 2 аяқты жоғары көтеріп, дем алмай аяқпен төмен жүгіріп 3 - 4 дегенде сыртқа дем шығару.
Негізгі бөлім - 30 м
Санау арқылы сыныпты екі топқа бөлеміз, ойынның қарапайым ережесімен таныстыру.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Ойынға ұзындығы 8 - 10 метрлік екі ұшы түйілген арқан қолданылады. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады. Арқанның ортасына қызыл мата байланады.
Оқушылар арқанның сол жағынан бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап тұрады.
Ойынның мақсаты - қарсыласының бір немесе бірнеше ойыншының орнындағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.
«Теңге шашу» ойыны – 10 м
Ойында оқушылар тең екі команда құрып, қашықтығы 30 - 40 м жерде тұрып ортаға тастаған қызыл матаға шүйлігіп теңге мәреден сөреге жинап және орнына қайта қою.
Ойынның мақсаты – жылдамдық, шапшаңдық, ептілік пен қабілеттіліктерін қалыптастыру. Қай команда дұрыс, жылдам жаттығуды орындаса сол команда жеңіске жетеді.
«Әтештер қақтығысы» ойыны – 10 м.
Диаметрі 4 - 5 метрлік шеңбер сызылады, ойыншыларды теңдей екі топқа бөлеміз. Ойынға шыққан ойыншылар ойын жүргізушінің берген белгісінен соң оң қолмен аяғын ұстап, сол қолды артқа ұстап, оң аяқпен секіре жүріп иықтарымен қағыса бастайды.
Ойынның мақсаты – екеуі бірін - бірі шеңберден ығыстырып шығару.
Қарсыласын шеңберден шығарған ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ойын барысында ұстаған аяғын жіберіп қойса ол жеңілген болып есептелінеді. Екеуі бірдей уақытта шеңберден шығып кетсе онда ешқайсысына да жеңіс берілмейді. Иықтарымен қақтығысу кезінде ойыншы тұрған сол қолын артына ұстайды. Қақтығысу барысында қолмен итеруге болмайды.
Қорытынды бөлім
Осы үйренген жаттығуларды жетілдіре түсуді үйге тапсырма ретінде беру. Сабақты қорытындылау. Сабақ кезінде кеткен артық - кемшіліктерді ескере отырып оқушылардың үлесті тиісті бағаларын қоямыз
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×