Сайтқа кіру Тіркелу

Дене тәрбиесі күнделікті сабақ жоспарлары

Тақырыптар
1. Допты кеудеден беру тәсілі. Допты жер арқылы беру тәсілі.
2. Допты жүргізу және беруден кейін лақтыру.
3. Бағыт пен жылдамдықты өзгерту.
4. Допты бір орнынан және қозғалыс барысында беру.
5. Қорғаныс тұрысы.
6. Саптық жаттығулар.
7. Волейболдың дамуына қысқаша шолу. Волейбол ойынын ойнау.
8. Допты тура жоғарыдан қабылдау.
9. Допты жоғарыдан беру.
10. Баскетбол. Алдау қимылдары.
11. Допты жүргізу және беруден кейін лақтыру.
12. Бағыт пен жылдамдықты өзгерту
13. Допты бір орнынан және қозғалыс барысында беру.
14. Қорғаныс тұрысы.
15. Саптық жаттығулар.
16. Волейболдың дамуына қысқаша шолу. Волейбол ойынын ойнау.
17. Волейбол. Оқу – үйрену ойны.
18. Допты тура жоғарыдан қабылдау.
19. Допты жоғарыдан беру әдісін түсіндіру, көрсету, үйрету.
20. Ағаш аттан аяқтарын бүгіп секіру. Ағаш ат снарядының ені арқылы жанымен секіру
21. Жартылай шатқа, оң және сол жақ шатқа отыру. Ағаш аттан аяқтарының арасын ашып секіру
22. Жауырын мен баспен тұру әдістері. Жатқан күйден көпірге тұру, артқа құлау..
23. Тізерлеп отырған күйден алдыға қарай аунау. Арқанға өрмелеп шығу.
24. Тізерлеп отырған күйден алдыға қарай аунау. Жатқан күйден көпірге тұру, артқа құлау..
25. Топтасуда – тізе бүккен күйде артқа және кері аунау. Артқа аунап жауырынға тұру
26. Шаңғымен бір орнында бұрылуды қайталау.
27. Шаңғымен жүру техникасын жетілдіру.
28. Гимнастикалық орындықтағы жаттығулар
29. Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау және бекіту
30. Дұрыс дене мүсінін қалыптастыру
31. Шабуыл мен қорғаныста ойын.
32. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар. Гимнастикалық орындықтағы жаттығулар
33. Спорт ойындарынан топтарға арналған
34. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар. Жатқан күйден көпірге тұру, артқа құлау.
35. Гимнастикалық орындықтағы жаттығулар. Артқа аунап жауырынға тұру.
36. Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау және бекіту. Дұрыс дене мүшесін қалыптастыру
37. Қозғалу түрлері, тізені жоғары көтере аяқтың ұшымен жүру
38. Шабуылдау ойын техникасы. Қорғаныста ойын техникасы.
39. Допты меңгеру техникасы, жүгірген кезде секіру. Қорғаныста ойын техникасы.
40. Допты меңгеру техникасы
41. Допты жүргізу және беруден кейін лақтыру. Допты кеудеден беру тәсілі
42. Шабуыл мен қорғаныстағы ойын.
43. Баскетбол элементтері бар ойындар және эстафеталар
44. Бір мезгілде екі адымды жүріс. Шаңғымен өрге көтерілу техникасын үйрену
45. Шаңғымен өрге көтерілу техникасы үйрену. Шаңғымен қырдан түсу техникасы үйрену.
46. Алма кезек бір адымды жүріс. Алма кезек екі адымды жүріс
47. Алма кезек екі адымды жүріс. Бір мезгілде бір адымды жүріс.
48. Саптық тәсілдерді шаңғы мен және шаңғысыз үйрету.
49. Шаңғымен жүру техникасын жетілдіру. Алма кезек бір - екі адымды жүріс.
50. Шырша жасау әдісімен көтерілу. Баспалдақ әдісімен көтерілу.
51. Шаңғымен жүру техникасын жетілдіру. Конькилік жүрістер.
52. Шаңғымен бір орнында бұрылу. Шаңғымен жүру техникасын жетілдіру.

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 33 - 34
Міндеттері:
1. Білім беру: Допты кеудеден беру тәсілі, допты жер арқылы беру әдісін
түсіндіру, көрсету, үйрету.
2. Сауықтыру: Иық – қол бұлшық еттерін дамыту, машықтандыру.
3. Тәрбиелеу: Студенттерді ұстамдылыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өткізілу уақыты: 90 минут.
Сабақтың өтетін орны: Спортзал
Қажетті спорттық құрал жабдықтары: Баскетбол доптары, секундомер, ысқырық.

Кіріспе бөлім.
Топты сапқа тұрғызып сәлемдесу, тізім бойынша тексеру, сабақтың мақсатын түсіндіру
Саптағы жаттығулар: оңға, солға, және кері бұрылу.
Жүру жаттығулары: өкшемен, аяқ ұшымен, сыртымен, ішімен, жартылай отырып және толық отыру.
Залды айналып жүгіру жаттығуларын орындау
а) Жеңіл жүгіріспен жүгіру;
ә) оң және сол жанымен қадамдап жүгіру;
б) Оң және сол жанмен қайшылап жүгіру;
в) Арқамен алдыға жүгіру;
г) Тізелерді биік көтеріп жүгіру;
ғ) Өкшелерді биікке лақтырып жүгіру;
д) Жылдамдықты өзгертіп жүгіру;
ж) жеңіл жүгіріспен жүгіру;
и) Жәй жүріс, тынысты қалпына келтіру.
Залдың ортасымен сол жақ иық алда төрт қатармен алдыға жүру. Топты зал ортасына төрт лекке сапқа тұрғызу.
Гимнастикалық жаттығулар: мойынға, иыққа, қол буындарына, белге, жамбасқа, аяқ буындарына, созылу, секіру жаттығулары, демді қалпына келтіру

Негізгі бөлім
Допты нақты әрі тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді; кеудеден беру, төменнен беру. Бастапқы қалыптың әр қайсысы екі қолмен және бір қолмен беру арқылы орындалады. Допты жер арқылы беру тәсілі көбінесе екі үш ойыншылардың арасында қалып қалған жағдайларда жер арқылы беріледі. Осылай берудегі жетілдіру мынадай жаттығулар арқылы жүзеге асады: екі қатарда тұрып, допты бір біріне бір адым жасау арқылы беру; ортада бір студент, қалғандары шеңберді айнала орналасады, ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа бір ойыншыға беріп, соның орнына барып тұрады, осылай ойынға қатысушылардың барлығы бір бірден допты беріп шығады.
Допты кеудеден беру тәсілі; допты кеуде тұсында ұстайды, шынтақ төменде, қолды алға жылжытуға байланысты доп алға қарай ұшады, осылай беру қолдың толық түзелуімен аяқталады. Осылай берудегі жетілдіру мынадай жаттығулар арқылы жүзеге асады: екі қатарда тұрып, допты бір біріне бір адым жасау арқылы беру; ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айнала орналасады, ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа бір ойыншыға беріп, соның орнына барып тұрады, осылай ойынға қатысушылардың барлығы бір бірден допты беріп шығады. Студенттер қарама қарсы тұрып допты жерге соғып алдаған секілді болып бір біріне кеудеден пас беруді бірнеше рет қайталау.

Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызып, өткен сабақтың жетістіктерін айту, кемшіліктерін ескерту.
2. Өткен сабақты қорыту.
3. Үй тапсырмасын беру.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Туганбаева Диляра

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ойын техникасын жақсарту (волейбол: допты жоғарыдан беру)

Ойын техникасын жақсарту (волейбол: допты жоғарыдан беру)

7. 1. 1. 1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл - қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл - қозғалыс...
Волейбол ойынында шабуыл жасау және тосқауыл қоюды үйрету

Волейбол ойынында шабуыл жасау және тосқауыл қоюды үйрету

Сабақтың мақсаты: 1. Шабуыл жасау және тосқауыл қою техникасын үйрету. 2. Дененің жылдамдық, ептілік, икемділік, сапалық қасиеттерін дамыту....
Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері

Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Идрисов Самат Қаржаубайұлы...
Бастауыш сыныптарға

Бастауыш сыныптарға "Доппен спорттық ойындар"

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптарға «Доппен спорттық ойындар»...
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны

Игерілген әдіспен баскетбол ойыны

Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×