Сайтқа кіру Тіркелу

Біздің толағайлар

Тақырыбы: «Біздің толағайлар!»
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.

Түрі: жарыс түрінде.
Керекті құралдар: Парта, пневматикалық мылтық, Маркер, плакаттар, гір тас (16кг), т. б.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Біздің толағайлар!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Біздің толағайлар!» атты жарысын көріп тамашалаңыздар!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Чемпион болу оңай ма
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортсмен оқушыларды шақырамыз.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Олай болса біз Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына тоқталайық Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының жүлдегерлері. 2012 жыл Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама: 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте 12 орынға шықты және алтын медалдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді. Бұл біздің еліміздің мақтанышы!
Сонымен слайдты тамашалап алайық!
Жарыстың шарттары:
1. Мергендер
2. Шымыр болсаң...! (Бұл шартта оқушыларымыз 16 келі гір тасын көтереді)
3. Білектесу (Оқушылар бір - бірімен білектесіп күш сынасады)
4. Сурет салу (оқушылар тапсырылған тапсырма бойынша сурет салады)
5. Өз біліміңді тексер! (Сұрақтарға жауап беру.)

Сұрақтар:
1. 2008 жылы Олимпиада қай елде болып өтті? (Қытай, Пекин)
2. Лондон Олимпиадасында Қазақстанға бірінші алтын медалды алып берген кім? (Александр Винокуров)
3. Футбол алаңының ұзындығы мен ені неше метр? (Ұзындығы 90, ені 45 м)
4. Волейбол алаңының ұзындығы ен ені неше метр? (Ұзындығы 18, ені 9 м)
5. Футбол сөзі қандай мағынаны білдіреді? (Фут – аяқ, бол – доп)
6. Футболдың отаны қай жер? (Англия)
7. Қазақстандық зілтемірші чемпиондарды дайындаған бапкер кім? (Александр Ни)
8. Қазақ тұңғыш Олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
9. Лондон Олимпиадасында 3 рет қарғып секіруден чемпион болған кім? (Ольга Рыпакова)
10. Светлана Подобедова неше кг тасты көтеріп әлем рекордын жаңартты? (295кг)
11. Баскетбол ойынында әр командада неше адам ойнайды?(5 адам)
12. Мектепте президенттік сынама қай сыныптарға жүргізіледі? (5, 9, 11 сыныптарда)
13. Стритбол ойыны қай спорт түріне жақын? (Баскетбол)
14. Қазақ ұлттық ойындарын ата.
15. Илья Ильин неше рет чемпион атанған? (3 рет әлем, 2 рет Олимпиада чемпионы)

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
– дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шынықсаң шымыр боласың спорттық сайыс

Шынықсаң шымыр боласың спорттық сайыс

Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін...
Әкем, шешем және мен отбасылар сайысы

Әкем, шешем және мен отбасылар сайысы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі Рахымжанов Мейир...
Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс

Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы “Бейнеу лицейі”ММ. I -санатты дене шынықтыру мұғалімі Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы...
Көңілді балдырған

Көңілді балдырған

Мақсаты: Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік, күш, сапалық...
Менің сүйікті спортшым

Менің сүйікті спортшым

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×