Сайтқа кіру Тіркелу

Сыныптан тыс "Толағай!" отбасылық сайысы

Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру, денсаулық асыл қазына, асқан байлық, өмірдің тірегі екендігін түсіндіру.
«Толағай» отбасылық спорттық сайысымызға қош келіпсіздер.
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой,
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.
Ден қойып, тыңдаңыздар, тамашалап.
«Ердің туы - намыс» екенін біліп қой!- дегендей, сайысқа қатысушы отбасыларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

Шарттары:
1. Эстафеталық таяқпен жүгіру
2. Қапшықпен секіру
3. Допты баскетбол сеткасына салу
4. Секіртпемен секіру
5. Әкелері гір көтеру
6. Тізбектеліп жүгіру
7. Велосипедпен жүру
8. Допты аяқпен қысып жүгіру
9. Кедергілерден өту
10. Арқан тарту

Әділқазылар алқасы армысыздар,
Қош келіпсіз, есен - сау бармысыздар,
Сіздерге үміт артқан отбасыларға,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар,- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Уа, ағайын, туысқан,
Пайда болмас тұрыстан.
Басты көтер, белді жаз,
Кетер еңсе сайыстан!
Әнші қызды шақырып,
Әннен шашу шашайық!
Ән: «Астанам»
Әр шарт сайын әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
Жас ұрпақ өнегемен көгереді,
Дәстүрсіз жалаң қолдан не келеді?
Артыңа өшпес мұра сыйлап кеткен,
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты.
Келесі сайыстан – ақ байқайықшы.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Отбасылар аянбай – ақ жан салайықшы!
Эстафеталық таяқпен жүгіру, қапшықпен секіру, допты баскетбол сеткасына салу шарттары.
Жауырыны жерге тимеген,
Жалтақтауды білмеген.
Білекке иіп сом темір,
Қайыстай ғып илеген.
Әкелерім қайдасың? - гір көтеру, секіртпемен секіру, тізбектеліп жүгіру, велосипедпен жүру, допты аяқпен қысып жүру шарттары.
Отбасыларымыз тынығып алғанша әсем ән жолдаймыз.
«Өз елім» әнін қабыл алыңыздар.
Соңғы шарттарымыз: кедергілерден өту және арқан тартыс.
Әділқазылар алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бойтұмар ғып ар – ождан, қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі

Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі

Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...
Толағай отбасылық ойыны

Толағай отбасылық ойыны

Мақсаты: Балалардың үйренген дене жаттығуларының түрлерін ата - аналарымен бірге және өз бетінше орындауға үйрету. Эстафеталық ойындар арқылы дененің...

"Толағай" оқушылар арасындағы сайыс

Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке...
Шынықсаң шымыр боларсың!

Шынықсаң шымыр боларсың!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, Саға негізгі мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалманов Жарас Рысбаевич...
Толағай отбасылық сайысы

Толағай отбасылық сайысы

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, «№11 Қоскөл орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісінің орынбасары Тортаева Айгуль Серікқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×