Сайтқа кіру Тіркелу

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы
Жаңабұлақ ОЖББМ - ің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Құбашев Данияр Болатұлы

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: Уақыты:
Сабақ тақырыбы: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Өткізетін орны: спорт зал
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке тәрбиелеу;
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Құрал - жабдықтары: Ысқырғыш, секундомер, т. б.
Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау
І. Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
- Тік тұр!
- Саламатсыздар ма?!
Жүру жаттығулары:
- қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
- қол алда, жартылай отырып жүру;
- қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
- Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
- Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
- Сол қол алда, артпен жүгіру;
- Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
- Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
- Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.
- Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.
- Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.
- Сап бойынша жүру
- Тыныс алу жаттығулары.
Жалпы дамыту жаттығулары:
- Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
- Б. қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
- Б. қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
- Б. қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
15 мин.

Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.
Қолды бүкпей, толық айналдыру
Аяқты бүкпей орындау
Денені тік ұстау
Қолды бүкпей, толық қисаю
Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.
Аяқты бүкпей толық қисаю.

ІІ. Негізгі бөлім
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:
- Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;
- «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;
- Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;
- Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;
- Оқушыларды бір орыннан жүгірту
25 мин.

Оқушылардың сөре сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадағалау.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
- Тік тұр!
- Еркін тұрыңдар!
Үйге тапсырма беру;
Жүйелі түрде бағалау;
Оқушылармен қоштасу.

5 мин.
Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.
Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары

Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары

Жүру: Аяқтың үшімен, өкшемен, Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен. Отырып, жартылай отырып жүру....
Гимнастикалық орындық

Гимнастикалық орындық

Гимнастикалық орындық үстінде аяқты аяқтың алдына қойып жүруді үйрету Он, сол аяқпен кезек, кезек секіруге жаттықтыру....
Уақыт есебімен 4х100м жүгіру (эстафета)

Уақыт есебімен 4х100м жүгіру (эстафета)

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі Рахымжанов Мейир...
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Файзуллин...
Бір адым жасап, екі қолмен кеудесінен доп беру

Бір адым жасап, екі қолмен кеудесінен доп беру

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ - ің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Құбашев Данияр Болатұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×