Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы

28 ақпан 2017 жылы С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 6 және 7 сынып оқушыларына Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағарту және туризм бөлімі бастығы Эльмира Джуманова, ағарту бөлімінің мамандары Р. Егенбердиев, С. Шерімбаев және инспектор Ө. Мұсабаев «Ақсу - Жабағылы табиғи қорығы - ұлт байлығы» атты тақырыпта экологиялық сабақ өткізді.

Экологиялық сабақта оқушылар туған өлкеміз туралы көптеген мәліметтерге қанықты. Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Талас Алатауының солтүстік – батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық, Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасында орналасқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Ол 1926 жылы 14 шілдеде көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен құрылған. Бүгінде қорықтың аумағы 131934 гектар алқапты алып жатыр. Қазір Ақсу - Жабағылы Қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Тау өңірінде өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 түрі бар. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамырын тереңге жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігінің жемісі майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Ақсу - Жабағылының аршасы Тәңіртаудың төңірегінде, Алатау мен Қаратаудың түйісер тұстарында аршаның алты түрі болған. Кейінгі үш жүз жылдың ішінде оның үш түрі мүлдем жойылып кеткен. Кәзіргі кезде қара арша, балғын арша, сауыр арша дейтін түрлері қалған. Аршаны алаш баласы әулие ағаш санаған.
Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілерден арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь - Шань қоңыр аюы, борсық, сусар кездеседі. Құстардан гималай ұлары, кекілік, саққалтай, бүркіт, қара құтан, ителгі кездеседі.

Ақсу – Жабағылы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлар отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен тулкілерді, аюлар мен ақкүмістерді кездестіре аласыз.
Ақсу - Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің қаңқаларын тапқан.

Сабақ соңында оқушыларға қорық жайлы сұрақтар қойылып, үн - парақтар мен буклеттер таратылды. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, сабақты ынта қойып ықыласпен тыңдады. Сабақ соңында мектеп әкімшілігі атынан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Нағима Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкерлеріне рахметін айтып, ризашылығын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.

“Ақсу - Жабағылы табиғи қорығы - ұлт байлығы”
ОҚО. Түлкібас ауданы. Жаскешу ауылы. С. Сейфуллин ЖОМ. оқу ісі орынбасары: Еркебаева Нағима
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету