Сайтқа кіру Тіркелу

Адам генетикасы

Адам генетикасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға адам генетикасының ерекшеліктерін айта отырып, тұқымқуалау шылықтың зерттеу әдістерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Балаларды тұқым қуалайтын аурулар түрлерімен таныстыра отырып, оларды емдеу жолдарымен алдын алуға үйрету.
3. Тәрбиелік
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе судың, ауаның, азық – түліктің мутагендік әсерлері бар заттармен ластанбауына көп көңіл бөлуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өткізілу әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сәйкестендіру, тест, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таблица.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Жаңа сабақты қорытындылау
6. Үйге тапсырма беру
7. Бағалау

1. Ұйымдастыру:
Балалармен амандасып, оқу құралдарын түгелдеу, оқушыларды тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
(Оқушыларға жалпы сұрақтар қою арқылы тексеремін.)
1) Генетика дегеніміз не?
2) Өзгергіштік дегеніміз не?
3) Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
4) Мендельдің неше заңы бар, қандай?
5) Мендельдің бірінші заңына анықтама бер;
6) Мендельдің І, ІІ заңдарына анықтама бер;
7) Доминантты және рецессивті белгілер дегеніміз не?
8) Генотип және фенотип дегеніміз не?
9) Генотипіне қарай организмдер қандай болады?
10) Гендердің өзара әрекеттесуі нешеге бөлінеді?
11) Жыныстық хромосомалар; Олар қалай бөлінеді?
12) Гомогаметалы, гетерогаметалы дегенімізді қалай түсінесің?
13) Көбелекте, тауықта қандай гаметалар?
14) Адамда, сүтқоректілерде қандай?

3. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жаңа сабақ жоспары:
- Адам генетикасы немесе антропогенетика туралы түсінік;
- Генеалогиялық әдіс;
- Цитогенетикалық әдіс;
- Егіздік әдіс;
- Онтогенетикалық әдіс;
- Популяциялық әдіс;
- Биохимиялық әдіс.
Антропогенетика – адам генетикасын зерттейтін ғылым. Бұл зерттеулерді жүргізгенде көптеген қиындықтар туады. Олардың негізгілері: адамға арнайы тәжірибе жүргізуге болмайды; тіршілік жағдайларын біркелкі ету мүмкін емес; оларды бір - бірінен ажырату қиын. Осы жағдайларға қарамастан адам генетикасын зерттеу соңғы кездері жақсы дамуда. Адамдағы тұқым қуалаушылықты зерттеуге мүмкіндік беретін бірнеше әдістер бар. Олар: генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық, биохимиялық әдістер.
Генеалогиялық әдіс бойынша адамның кез келген белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын оның шыққан тегіне шежірелік карта құру арқылы зерттеп анықтайды. Бұл әдісті адамның әкесі мен шешесі жағынан бірнеше атаға дейінгі туыстары белгілі болған жағдайда пайдалануға болады.
Бұл әдісті медицинада түрлі тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданады.
Цитогенетикалық әдіс деп қалыпты және өзгеріске ұшыраған жағдайдағы адамдардың кариотипіне цитологиялық талдау жасауды айтады. Бұл әдіс нәтижелі болу үшін оны генеалогиялық әдіспен ұштастыра отырып, зерттеу қажет. Цитогенетикалық әдіс дене және жыныс жасушаларында пайда болатын хромосомалық өзгерісті байқауға болады.
Егіздік әдісекі топқа бөлінеді: 1) бір жұмыртқалық не монозиготалылар.
Бұлар ұқсас, міндетті түрде бір жынысты болады; 2) екі жұмыртқалық егіздер не дизиготалылар. Бұлар онша ұқсамайды, бір жынысты да, әр жынысты да бола береді.
Онтогенетикалық әдіс арқылы адам онтогенезінде тұқым қуалайтын өзгерістің бар - жоғы анықталады. Бұл әдісті пайдаланып, ауру тасымалдайтын гендерді анықтау арқылы болашақ ұрпақты ол аурулардан сақтандыруға болады.
Популяциялық әдіс арқылы тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиілігі зерттеледі.
Биохимиялық әдіс соңғы кезде пайдаланылып жүрген әдістердің бірі. Бұл әдіс арқылы ДНҚ - ның құрамын зерттеуге мүмкіндік ашылып отыр. Сондықтан да бұл әдістің практикалық маңызы зор.

4. Жаңа сабақты бекіту:
Слайдтан көрсетілген кестені, вен диаграмманы, сәйкестендіруді балалар тақтаға шығып орындайды.(Қалғандары орындарынан орындайды).

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы мектептің
биология пәні мұғалімі А. С. Шураева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Денсаулықтың генетикалық негіздері, генетикалық аурулар

Денсаулықтың генетикалық негіздері, генетикалық аурулар

Гендік аурулар - гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болған тұқым қуалайтын аурулар Мысалы: гемофилия, синдром дауна, синдром Патау, синдром...
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...

Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...

Комплементарлық деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы,...
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Адам генетикасының ерекшеліктері мен адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері туралы түсінік беру. 2....
Жыныс генетикасы

Жыныс генетикасы

Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының заңдылықтарын ұғынуға, ата тектің қасиеттерінің берілуі жөнінде...
Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы

Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы

Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Имангалиева Галия Жумабаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×