Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Шеміршекті балықтар ерекшеліктері, оларды қорғау

Шеміршекті балықтар ерекшеліктері, оларды қорғау

Жануарлар әлемі (биология. қолданбалы курс)
Сабақтың тақырыбы: Шеміршекті балықтар ерекшеліктері, оларды қорғау
11 сынып
Қолданбалы курс тақырыбы: Жануарлар әлемі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жануарлар жайлы түсініктерін толықтыру. Балықтар және олардың тіршілігі жайында түсінік беру, дүниетанымын кеңейту. Адам мен қоршаған ортаның байланысын түсіндіру.
ә\ дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз ойларын тұжырымдап жеткізе білуге баулу, танымдық белсенділігін арттыру.
б\тәрбиелік: Қоршаған ортаны ұстауға, оны аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, жануарлар бейнеленген суреттер, карточкалар «Теңіз балықтары»

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Танысу кабинеті
А\ Балықтар қандай жануарлар және кластарын білесің?
Балықтар - сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20000 түрі мекендейді. Зоология ғылымдарының балықтарды зерттейтін саласы ихтология деп аталады.
Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық жүзбе қанаттары дене тепе - теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбе қанаттарының көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан - жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбе қанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар болып екіге бөлінеді. Шеміршекті балықтар екі клас тармағына бөлінеді. Олар тақта желбезектілер және тұтасбастылар деп атайды. Сүйекті балықтар төрт клас тармағына бөлінеді. Шеміршекті - сүйекті, қосжынысты, саусаққанатты және сәуле қанатты балықтар деп клас тармағына бөлінеді.
Адамзат өмірінде балықтардың маңызы зор. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырып, шабақтар өсіруде. Адамдарды нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде балықтар бірінші орында тұрады. Олардың еті, уылдырығы, бауыр майы тағам ретінде пайдаланылса, басқа өнімдерінен әр түрлі дәрі - дәрмектер жасалады. Үй жануарларының азыңына қосып беріледі.

Б\ Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы қандай?
Сүйекті балықтардың тіршілік ететін ортасы су тоғандарының оттегі байлығы, температурасы, тұздылығы бойынша айырмашылығы бар. Тұщы су балықтары теңіз балықтары сияқты тек судың ішіне ғана емес судың түбіне де жақын тіршілік етеді. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқалық бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті қақпақпен жабылған. Денесі бас, тұлға және құйрықтан тұрады. Қаңқасында бассүйегін, омыртқа жотасын иық белдеуі мен жұп көкірек жүзбе қанаттары, жамбас белдеуі мен жұп құрсақ жүзбе қанаттарының қаңқасын ажыратады.
Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақ сүйектерінде тағы бас сүйектерінде де тіс бар. Сүйекті балықтарда торсылдақ болады. Денесінің екі бүйірін бойлай бүйір сызық мүшесі орналасады.

2. Терминдер кабинеті
Ихтология - балықтарды зерттейтін ғылым
Жүрек – 1қарынша, 1 жүрекшеден тұрады. Қанайналым шеңбері – біреу.
Торсылдақ – суда тереңдікте өтуге көмектесетін, іші ауаға толы қапшық тәрізді, ерекше мүше торсылдақ болады.
Желбезек - желбезек доғасында орналасқан және желбезектер сүйекті қақпақпен жабылған.
Бүйрек - жұп бүйрек ұзын таспа тәрізді.
Уылдырық - майда жұмырқа жасушалар.

3. Нақты сандар кабинеті
20000 - су айдынындағы балықтар түрі.
5 - 7 жұп желбезек саны
180 ге жуық – Қазақстанда кездесетін балықтар түрі.
100 - 200 г балық адам жүрегінің жұмысын жақсартады.
3 - 6 тәулік – шабақ дамиды.
2 қуысты - жүрегі
16 түрі – Қазақстанның қызыл кітабына енген
98000 - 1, 5 000000 – сазанның 1 рет уылдырық шашандағы саны
Сайыстың 1 кезеңі
«Акула» тобы Шеміршекті балықтардыңсыртқықұрылысын айт
Шеміршекті балықтар теңіздер ме мұхиттарда тіршілік етеді. Қаңқасы тек шеміршекті болады: бас қаңқасы, ми сауыты, жақ, тіл асты, желбезек доғаларынан тұрады: ал омыртқа жотасы тұлға және құйрық бөліктерінен тұрады. Омыртқаларының арасында желі қалдығы бар. Тұмсығы созылыңқы келеді. Олардың желбезек қақпағы жоқ сондықтан 5 - 7 желбезек саңылаулары бастың екі жағында ашық орналасқан. Шаміршекті балықтарда торсылдақ жоқ. Көкірек, жүзбе қанаттары тұтасып кеткен. Құйрық тең қанатты емес \үстіндегісі ірілеу\ жұп көкірек, жұп жүзбе қанаттары көлбей орналасады. Терісінің сыртұы құрылысы тіске ұқсас дентин және эмалмен құралған плакоидты қабыршақпен қапталған.
«Скат» тобы; Шеміршекті балықтардың ішкі құрылысын айт
Шеміршекті балықтардың ас қорыту мүшелері мен асқорыту бездері, асқорыту жүйесін түзеді. Ауыз қуысы - жұтқынша - өңеш - көлемді қарын - қысқа ас ішек - жуан тоқ ішек – тік ішек – клоакаға ашылады. Жағы шеміршекті әрі қозғалғыш келеді, жаққа ірі тістер орналасқан, тілі нашар дамыған, аш ішекке бауырдан келетін өт өзегі мен ұйқы безінің өзегі ашылады.
Шеміршекті балықтарда тыныс алу мүшесі желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезек аралық перде және желбезек шашақтары болады. Жаелбезек доғаларының саны 5 жұп желбезек шашақтарын ұсақ қылтамырлар торлап жатады. Жүрегі екі қуысты, 1 жүрекше 1 қарыншадан тұрады. Қанайналым шеңбері біреу. Жүрегі арқылы үздіксіз көмірқышқыл қанына қаныққа вена қаны ағады. Желбезек шашақтарына оттегіне қаныққан артерия қаны арқа қолқа қантамырлары арқылы денеге таралады. Шеміршекті балықтарда таспа тәрізді жұп бүйрегі болады. Бүйрекке қаннан түзілген зәр заттары бір жұп несепағар өзегі арқылы клоакаға ашылады.
Шеміршекті балықтардың миы жақсы дамыған. Ми бөлімдері алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық және сопақша ми. Жылдам жүзу әрекетін мишығы жақсы жетілген. Шеміршекті балықтарда иіс сезу мүшесі жақсы жетілген. Көз қысаң қабығы жазық, көз бұршаңы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы жақсы дамыған. Шеміршекті балықтар дара жынысты. Аталықтарында - жұп тұқым жолы аналықтарында жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Анықталы ұрықталған уылдырық шашады, ал кейбір түрлері тірі шабақтайды.

Сайыстың 2 кезеңі
Сұрақ - жауап
«Акула» тобы
1. Шеміршекті денесі неден құралған? \шеміршектен\
2. Терісі қандай қабыршақпен қапталған? \Планойдты\
3. Акуланың дене тұрқы, салмағы қандай? \20 см - 20 м салмағы 14 тонна\
4. Акуланың бауырынан не алынады? \техникалық балық майын\
5. Шеміршекті балықтардың терісі неше қабаттан тұрады? \2 сырты - эпидермис, эпителий ұлпасынан құралған, ішкі – нағыз тері - дәнекер ұлпасынан тұрады\
6. Шеміршекті балықтардың ас қорыту мүшесі \ауыз - өңеш - көлемді қарын - қысқа аш ішек - жуан тоқ ішек - клоака\
7. Акуланың кең тараған түрі \ жолақ акула\
8. Скаттар не үшін ауланады \ еті жеуге жарамды болған үшін және кәсіптік мақсатта\
9. Шеміршекті балықтар қалай ұрықтанады? \іштей, кейбіреулері тірілей туады\
10. Жұптасқан жібек қанаттары денеде қалай орналасқан? \көлденең\

«Скат» тобы
1. Шеміршектібалықтар қайда тіршілік етеді \тропикалық және субтропикалық теңіздерде және мұхиттарда\
2. Шеміршекті балықтардың желбезек саңылаулары сыртқа неге тікелей ашылады? \себебі желбезек қақпағы жоқ\
3. Шеміршекті балықтарда торсылдақ бола ма?\жоқ\
4. Адамға шабуыл жасайтын акула? \Сұр акула\
5. Акулалардың көру мүшесі қалай дамыған? \нашар\
6. Скаттардың дене пішіні \6 - 7 м салмағы 2, 5 тонна\
7. Акуланың иіс сезу мүшесі қалай дамыған? \өте жақсы 0, 5 км қанның иісін сезеді\
8. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі \ желбезектерінде – желбезек доғасы - желбезек перде - желбезек шашақтары болады\
9. Шеміршекті балықтардың қан айналым шеңбері \ жүрегі 2 қуысты 1 жүрекше 1 құлақша қанайналым шеңбері біреу
10. Скаттарда улы без қайда орналасқан \құйрығының астындағы кетпелі сояуда\

№172 орта мектеп
Пән мұғалімі: Г. Нағашыбаева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қосмекенділер

Қосмекенділер

Мұхиттар, теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр. Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады. Жер...
Балықтар

Балықтар

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары Мақсаты: а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған...
Балықтар жоғары класы. Шеміршекті балықтар

Балықтар жоғары класы. Шеміршекті балықтар

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі: Темирбаева Г....
Аквариумдағы балықтар

Аквариумдағы балықтар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Аквариумдағы балықтар...
Балықтар жоғары класы

Балықтар жоғары класы

Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің география, биология пәндерінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна Сабақтың тақырыбы: Балықтар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету