Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар

66. Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар.
67. Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы. Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Экологиялық қауіпсіздіктің концепциялары
68. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Тұрақты даму.
69. Жасушалық теория - ХХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша тірі организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі.
70. Қорытынды. Тест жұмысы


Биология 9 сынып
Сабақ: 66
Сабақтың тақырыбы: §66 Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Адам іс – әрекетінен болатын биосферадағы жаһандық проблемалар туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: білім беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Биосфераның қандай шекаралары бар?
2. Биосфера терминін тұңғыш ұсынған кім?
3. Биосфера өнімділігі деген не?
4. Биосферада қандай қабықтар орын алды?
5. Биосфера деген не?

ІІІ Жаңа сабақ
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл - ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын - бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп - өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана - сезім, ақыл - ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.

Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі - үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау - бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір - түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20 - 30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.

Литосфера, гидросфера, атмосфераны көрсететін Жердегі белгілі сурет.
Бірақ биосферадағы объектілері жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман - тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп - оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамзат баласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкін де емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.

Саялы сыңсыған ну орман - тоғайсыз, айдын - шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз - жайқалып өскен көкарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады. Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз.

Биосфера Жердің тіршілік қабығы деп аталатыны сендерге мәлім. Биосфера терминін ғылымға 1875 жылы австралиялық ғалым Э. Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды.
Биосфераатмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін - еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен барлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.

Биосфераның жоғарғы және төменгі шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі де нақты мәліметтер жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе 100 м биіктікке дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор 7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары көтерілген ауа толқыны микроорганизмдерді, бактериялар мен әртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді. Тірі органикалық таралу мүмкіндігін ескере отырып, биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25 — 30 км), төменгі шекарасын Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Биосфера – тіршілік қабаты

Биосфера – тіршілік қабаты

Биосфера туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін кеңейте отырып, биосфера құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру....
Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын  ...

Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын ...

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе...
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның...
Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы

Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы

Сабақтың тақырыбы Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы Жалпы мақсаты Оқушыларға географиялық қабық - жердің ерекше, кешенді қабығы...
Биосфера тарауын қайталау сабағы

Биосфера тарауын қайталау сабағы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Берсиев ауылы,Ш. Берсиев атындағы орта мектебі, география пәнінің мұғалімі Базарова Торғын Ериковна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×