Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспарлар)

55. Адамның іс әрекеті – аса маңызды экологиялық фактор.
56. Еңбек пен мәдениет – адамзаттың негізгі жетістіктері.
57. Жігерлік процестер. Еріктің сапасы. Сезім, сезімталдық реакциялар.
58. Зейін, ерікті және еріксіз. Зейіннің ауытқуы.

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: §62. Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға қоршаған ортаның денсаулыққа тигізетін әсері туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып гигиеналық тәрбие беру. Салауатты өмір сүруге шақыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші.
Сабақтың көрнекілігі: темекі, никотин слайд.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Жоғары жүйке қызметінің зақымдануы дегеніміз не?
2. Ішімдіктің ағзаға тигізетін әсері қандай?
3. Ішімдіктің қанша кезеңін ажыратады?

ІІІ Жаңа сабақ
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға қабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте - бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазақстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналық жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

ІV Қорытынды. Қорыта айтқанда, адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді

V Бекіту сұрақтары:
1. Қоршаған орта дегеніміз не?
2. Қоршаған ортаның денсаулыққа тигізетін әсері қандай?
3. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар неше топка бөлінеді?
VІ Бағалау
VIІ Үйге тапсырма. Оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті саба ...

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті саба ...

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас...
Адам туралы ғылымдар (Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары)

Адам туралы ғылымдар (Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары)

Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын...
Экология ғылымының зерттеу объектілері

Экология ғылымының зерттеу объектілері

Білімділігі: Экология қазіргі уақыттағы күрделі мәселелердің бірі екендігін, ол біздің елімізде де әсіресе индустриялы дамыған орталықтарда да, оның...
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Баяандама: Мектептегі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»...
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру. - Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×