Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі (күнделікті сабақ жоспары)

26. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.
27. Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі.
28. Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері.
29. Ауру қоздырғыш микробтар мен вирустардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі.
30. Қан топтары және қан құю.

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:§29. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Тромбоциттердің құрылысымен, қызметімен таныстыру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: тромбоцит жасушалары.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Эритроциттер Лейкоциттер

ІІІ Жаңа сабақты меңгеру.
Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2 - 5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7 - 8 күн, ал қан айналымында 5 - 11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.
Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді.
Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150 - 350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20 - 40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.

Қанның ұюы. Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін т р о м б деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 – тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да, т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатым, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2 - ші күні, баяу болады, ал 3 - ші күннен бастап 7 - ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5, 5 - 6 жаста қанның ұюы 1 - 2 минөттен кейін басталып, 3 - 4 минөтте анқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз громбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12 - 14 жасқа дейін қанның ұюы на қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірақ өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жас оспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50 - 60 жасқа дейін тұрақталады.
Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан кокбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады.

IV Қорытынды. Қорыта айтқанда, қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары

V Бекіту сұрақтары.
1. Тромбоциттердің құрылысы мен қызметі қандай?
2. Қан ұюының қандай маңызы бар?
3. Протробин дегеніміз не?

VІ Үйге тапсырма
Тромбоциттер
VІІ Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)

Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі...
Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы (биологиядан күнде ...

Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы (биологиядан күнде ...

Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер....
Қанның құрамы мен қасиеттері

Қанның құрамы мен қасиеттері

Ағзадағы қанның құрлысы мен қызметі туралы білімдерін арттыру. Өзінің денсаулығына дұрыс қарауға, гигиенаны сақтауға, дұрыс тамақ рационын...
Қанның ұюы. Тромбоциттер

Қанның ұюы. Тромбоциттер

Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу....
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру. 2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету