Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тест биология, Өсімдіктердің генеративті мүшелері

Өсімдіктердің генеративті мүшелері
І нұсқа
1.Жидек жеміс - ...
A) шетенде
B) алхорыда
C) томатта (қызанақта)
D) шиеде
E) шабдалыда
2.Жеміс серігі тұқымымен бірікпеген құрғақ жеміс
A) қауашақ
B) қанатты жеміс
C) дәнек
D) жаңғақ жеміс
E) тұқымша
3.Сүйекті шырынды жеміс -
A) алма
B) қарақат
C) алхоры
D) картоп
E) жүзім
4.Тұқымдары саңылауынан төгілетін жеміс ...
A) сүйекше
B) қауашақ
C) тұқымша
D) жаңғақ
E) дәнек
5.Жеміс қабы мен тұқымы бір-бірімен бітісіп кеткен бір тұқымды құрғақ жеміс
A) шомыр
B) күнбағыс
C) үрмебұршақ
D) көкнәр
E) бидай
6.Жануарлар, бунақденелілер арқылы таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі
A) тұқымның сыртында тікенектері болады
B) су өткізбейтін тоз қабаты бар
C) суға батпайды
D) өсінділері ауаға толы болады
E) майда, жеңіл, кұрғақ болады
7.Аналықтың ұшы ...
A) түйін
B) тозаңқап
C) жіпше
D) ауыз
E) мойын
8.Тостағанша жапырақшалардан кейін орналасқан .
A) күлте жапырақша
B) гүл табаны
C) аталық
D) аналық
E) гүл сағағы
9.Күлте жапырақша - ...
A) тостағаншаны құрайтын сыртқы жапырақшаларлар
B) күлтені құрайтын ішкі жапырақшалар
C) гүлдің ең жіңішке бөлімі
D) гүл сағағының кеңейген жері
E) гүлдің негізгі бөлімі
10.Гүлдің көбеюге қатысатын мүшесін белгілеңіз ...
A) аталық
B) гүл сағағы
C) тостағанша жапырақша
D) күлте жапырақшалар
E) екі күлте жапырақша
11.Өздігінен таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі
A) майда, жеңіл, құрғақ болады
B) су өткізбейтін тоз қабаты бар
C) өсінділер ауаға толы болады
D) жемістері қақырағыш. ширатылған
E) суға батпайды
12.Суды көп мөлшерде қажет ететін дақыл ...
A) бидай
B) қарабидай
C) тары
D) күріш
E) сұлы
13.Бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық зат түзетін ағзалар ...
A) кірпікшелі кебісше
B) өсімдіктер
C) амеба
D) бактериялар
E) жануарлар
14.Бір гүлде аталық пен аналық болса ол ...
A) аналық гүл
B) қос жынысты
C) бір үйлі
D) екі үйлі
E) жара жынысты
15.Құрғақ көпжаңғақшалы жемісті өсімдік ...
A) алма
B) шие
C) алмұрт
D) қияр
E) құлпынай
16. Терек тұқымы таралады
A) жел арқылы
B) су арқылы
C) құстар арқылы
D) жануарлар арқылы
E) өздігінен
17.Тек тостағаншадан немесе тек күлтеден тұратын гүлсерік ...
A) жай гүлсерік
B) қос гүлсерік
C) біріккен жапырақшалы
D) бірікпеген жапырақшалы
E) қос жынысты
18.Ашық реңді, шырынды жемістердің таралуы ...
A) желмен
B) сумен
C) ауамен
D) жануарлармен
E) өздігінен
19.Тұқым өнбестен бұрын ... белгілі мөлшерін бойына сіңіріп, бөртеді.
A) тұздың
B) крахмалдың
C) судың
D) майдың
E) ақуыздың
20.Тұқым кіндігі дегеніміз -
A) бүршікше
B) қауызы
C) ұрық
D) тұқымжарнағы
E) тұқымның жеміске бекінген жері
21.Ұрықтанған тұқымбастамадан дамиды
A) тұқым
B) тозаң
C) аналық
D) аталық
E) жеміс
22.Сүйекті-шырынды жемісі бар өсімдік - ...
A) картоп
B) бидай
C) жаңғақ
D) алхор
E) күнбағыс
23.Ұрықтанудан кейін түйіннен ... пайда болады.
A) гүл
B) тұқым
C) жапырық
D) тамыр
E) жеміс
24.Тұқымбастаманың орналасқан орны - ...
A) аналықтың аузында
B) аналықтың мойнында
C) тозаң түтігінде
D) жатын қуысында
E) жұмыртқа клеткасында
25.Ұрықтағы май қоры ... жұмсалады.
A) өсуге
B) өткізуге
C) өнуге
D) бөлінуге
E) соруға

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНЕРАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ
ІІ нұсқа
1.Аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі
A) жетілу
B) даму
C) көбею
D) тозаңдану
E) ұрықтану
2.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлім ...
A) жапырақ
B) тостағанша
C) күлте
D) аналық пен аталық
E) сағақ
3.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдік
A) құлмақ
B) жүгері
C) шие
D) лимон
E) қайың
4.Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдік ...
A) шие
B) алхоры
C) шай
D) лимон
E) қарабидай
5.Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс ...
A) бұршаққап
B) бұршаққын
C) қауашақ
D) дәнек
E) жаңғақ
6.Қанатты жеміс ...
A) қайың
B) күріш
C) бақ-бақ
D) асбұршақ
E) беде
7.Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар ...
A) қауашақ
B) бұршаққын
C) дәнек
D) жаңғақ
E) тұқымша
8.Жинақталған жеміс ...
A) қайың
B) құлпынай
C) таусағыз
D) бидай
E) күріш
9.Тұқымды зақымданудан сақтайды ...
A) тұқым кіндігі
B) тұқым қабығы
C) тұқым жарнағы
D) эндосперм
E) бүршікше
10.Қос жарнақты өсімдік
A) үрмебұршақ
B) бидай
C) жуа
D) пальма
E) тары
11.Қос жарнақты өсімдік ...
A) жүгері
B) банан
C) қияқөлец
D) пальма
E) күнбағыс
12.Дара жарнақты өсімдік ...
A) Қияр
B) асқабақ
C) қауын
D) бидай
E) күнбағыс
13.Қоректік заттар қоры жиналады ...
A) жарнағында
B) ұрықта
C) эндоспермде
D) қабығында
E) алғашқы тамыршада
14.Майда, жеңіл, құрғақ тұқымдар таралады ...
A) жел арқылы
B) су арқылы
C) құстар арқылы
D) жануарлар арқылы
E) өздігінен
15.1-5ºС температурада өнеді
A) бидай
B) жүгері
C) асқабақ
D) қауын
E) қияр
16.Терек тұқымы таралады
A) жел арқылы
B) су арқылы
C) құстар арқылы
D) жануарлар арқылы
E) өздігінен
17.Жатынның тұқым бүршігінен дамиды ...
A) қауыз
B) жарнақ
C) тұқым
D) ұрық
E) дәнек
18.Үрмебұршақ тұқымының пішіні ұқсайтын мүше ...
A) жүрек
B) бүйрек
C) өкпе
D) бауыр
E) қуық
19.Екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер ...
A) дара жарнақтылар
B) қос жынысты
C) қос жарнақтылар
D) дара жынысты
E) тұқым кіндігі
20.Дәнектің едәуір бөлігі ...
A) қауыз
B) тамырша
C) сабақша
D) эндосперм
E) бүршікше
21.Бидайдың әрі тұқымы, әрі жемісі ...
A) қауызы
B) дәнегі
C) жарнағы
D) тұқым кіндігі
E) эндоспермі
22.Тұқым кіндігінен тұқым ішіне енетін заттар ...
A) жарық, жылу
B) органикалық заттар
C) ауа, су
D) бейорганикалық заттар
E) минералды тұздар
23.Бидайда қоректік заттар қоры жиналатын орын ...
A) тұқымда
B) эндоспермде
C) жарнақта
D) тамыршада
E) бүршікшеде
24.Тұқым өну үшін қажет ...
A) су, жылу, ауа
B) жарық, температура
C) оттегі, көміртегі
D) ылғал, қараңғы
E) бу, салқын ауа
25.Егер тұқым тіршілігін жойса - ...
A) тұқым терең егiлгені
B) топырақ тығыз болғаны
C) қоректiк зат жетiспегені
D) ауа, су жетiспегені
E) топырағы тығыз, ауа, су, қоректiк зат жетiспегені

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНЕРАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ
ІІІ нұсқа
1.Тұқымды кеуіп кетуден, зақымданудан сақтайды ...
A) сабақша
B) жарнақ
C) қабық
D) тамырша
E) бүршікше
2.Тұқымы су арқылы таралатын өсімдіктер ...
A) қайың, терек, шаған
B) сүйелшөп, айдаршөп, шегіргүл
C) шетен, долана, шие
D) қамыс, қияқ, жалбыз
E) қараған, жауқазын, бөрібұршақ
3.Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдік ...
A) тамырша
B) бүршікше
C) сабақша
D) өркен
E) өскін.
4.Асқабақ пен қауын тұқымы өнетін температура
A) +10ºC
B) +12ºС
C) +15ºС
D) +16ºС
E) +18ºС
5.Тұқымның өнуіне қажет емес жағдай ...
A) Жылу
B) су
C) жел
D) топырақ
E) ауа
6.Тұқымның өнуі ...
A) ұрықтан тамыршаның дамуы
B) ұрықтан бүршікшенің дамуы
C) ұрықтан тұқым жарнағының дамуы
D) ұрықтан сабақшаның дамуы
E) ұрықтан өскіннің дамуы
7.Өсімдіктен бөліп алатын биіктігі 8-10 см шамасындағы жас өркен
A) қаламша
B) өсімді мүше
C) түйнек
D) тамырсабақ
E) түрі өзгерген өркен
8.Өсімдікте жемістің түзілетін жері (орны) ...
A) аналық жатын (түйін)
B) аналық аузы
C) аналық мойны
D) тозаңқап
E) гүл
9.Гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ жуан негізгі сабаққа ұсақ гүддер орналасқан ...
A) шашақ
B) жай масақ
C) қалқанша
D) себет
E) жай шатыр
10.Гүлшанақтың орналасуы
A) бастама бүршікте
B) вегетативті бүршікте
C) кез-келген бүршікте
D) генеративті бүршікте (гүл бүршік)
E) түрі өзгерген өркенде
11.Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе ...
A) бұрысгүл
B) бір үйлі
C) дұрысгүл
D) біріккенгүл
E) себетсізгүл
12.Бидайдың дәнегінде қоректік заттар қорының жиналуы ...
A) тұқымжарнақта
B) эндоспермде
C) бүршікшеде
D) тамыршада
E) сабақшада
13.Ішінде бір ғана тұқымы бар шырынды жеміс ...
A) сүйекті
B) бұршаққап
C) бұршаққын
D) қауашақ (қорапша)
E) жидек
14.Бидай тұқымының қор заттарын жинайтын бөлігі ...
A) ұрығы
B) тұқым жарнақ
C) тұқым кіндігі
D) қауызы
E) эндосперм
15.Бидай тұқымының құрылысына кірмейтіндері .
A) ұрық
B) қауыз
C) эндосперм
D) сабақша
E) спермий
16.Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері ...
A) гүл сағағы
B) гүл табаны
C) тостағанша
D) күлте
E) аналық
17.Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері ...
A) гүл сағағы
B) гүл табаны
C) тостағанша
D) гүлте
E) аналық
18.Қосжарнақты өсімдіктер
A) алма, алмұрт
B) жүзім, қарлыған
C) шие, өрік, шабдалы
D) бидай, күріш, жүгері
E) қауын, қарбыз, қияр
19.Тұқымында 2 жарнағы болса ...
A) эндосперм
B) тұқымбүршігі
C) даражарнақтылар
D) тұқым жарнағы
E) қосжарнақылар
20.Бидай тұқымында жарнақ саны ...
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
21.Гүлдің аналығы мен аталығы - ...
A) күлтені құрайтын ішкі жапырақшалар
B) гүл сағағының кенейген жер
C) гүлдің негізгі бөлімі
D) тостағаншаны құрайтын сыртқы жапырақшалар
E) гүлдің ең жіңішке бөлімі
22.Күнбағыстың гүлшоғыры
A) себетгүл
B) шашақгүл
C) қалқанша гүл
D) сыпыртқыгүл
E) шоқпарбасгүл
23.Күріштің гүлшоғыры …
A) сыпыртқыгүл
B) шашақгүл
C) масақ
D) шоқпарбасгүл
E) шатырша
24.Бидайдың гүлшоғыры ...
A) күрделі масақ
B) сыпыртқыгүл
C) масақ
D) шоқпарбасгүл
E) шатырмагүл
25.Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі
A) жынысты көбею
B) айқас тозаңдану
C) ұрықтану
D) көбею
E) өздігінен тозаңдану

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНЕРАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ
ІҮ нұсқа
1.Дұрыс гүлдің дәл ортасында орналасқан бөлімін белгіленіз
A) гүлсерік
B) гүлсағақ
C) аталық
D) күлте
E) аналық
2.Гүлдің қорғаныштық қызметін атқаратын бөлімі
A) жіпше
B) аналық
C) тостағанша жапырақшалар
D) түйін
E) аталық
3.Гүлдегі аналықтың төменгі кеңейген жері ...
A) жіпше
B) жатын (түйін)
C) тозанқап
D) аузы
E) мойны
4.Аталық, аналық мүшелерін қоршайтын гүл бөлігі …
A) сабақ
B) күлтежапырақша
C) жапырақ
D) жатын
E) жеміс
5.Гүлсерігін түзеді ...
A) тостағанша және күлте жапырақшалары
B) күлте жапырақшалар мен гүл сағағы
C) тек күлте жапырақшалар
D) күлте жапырақшалары мен гүл табаны
E) тостағанша жапырақшалары мен гүл табаны
6. Тұқымның өнуі ...
A) ұрықтан тамыршаның дамуы
B) ұрықтан бүршікшенің дамуы
C) ұрықтан тұқым жарнағының дамуы
D) ұрықтан сабақшаның дамуы
E) ұрықтан өскіннің дамуы
7.Аралар шірнелік жинау үшін алыстан гүлдің иісін сезеді. Себебі …
A) гүлдің иісін иіскеп жүріп табады
B) гүлді түсі арқылы тауып алады
C) тамақ іздеп жүріп кездейсоқ қонып, табады
D) "бауырлаушы" араны жіберіп, соның "иісті" хабарымен табады
E) тек сары, ақшыл түсті гүлді ғана көріп, табады
8.Орамжапырақгүлділер (шаршыгүл) жемісі ...
A) жидек
B) бұршаққын
C) қауашақ
D) дәнек
E) бұршаққап
9.Орамжапырақгүлділердің жемісі ...
A) қауашақ
B) қабақ
C) бұршаққын
D) тұқымша
E) жидек
10.Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен .
A) гүл
B) тамыр
C) жапырақ
D) буын
E) сабақ
11.Орамжапырақтың гүлшоғыры ...
A) собық
B) шашақгүл
C) сыпыртқыгүл
D) шоқпарбасгүл
E) себетгүл
12.Жіпше мен тозаңқаптан тұрады ...
A) тостағанша
B) аталық
C) аналық
D) күлте жапырақша
E) гүл сағағы
13.Гүлдің дәл ортасына орналасады ...
A) тостағанша
B) аталық
C) аналық
D) күлте жапырақша
E) гүл сағағы
14.Бір үйлі өсімдік ...
A) қарасора
B) қалақай
C) жүгері
D) терек
E) тал
15.Екі үйлі өсімдік ...
A) қарасора
B) жүгері
C) асқабан
D) қайың
E) орман жаңғағы
16.Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы ...
A) гүл
B) жеміс
C) гүлшоғыр
D) тұқым
E) жапырақ
17.Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік ...
A) бидай
B) беде
C) сәбіз
D) жүгері
E) пияз
18.Жай шатырлы өсімдік ...
A) асбұршақ
B) пияз
C) беде
D) күнбағыс
E) бидай
19.Сырға гүлшоғыры ...
A) қайың
B) қарабидай
C) күнбағыс
D) гүлкекіре
E) пияз
20.Ыстық елдерде ұйқы ауруын таратушы ...
A) лямблия
B) трипаносома
C) лейшмания
D) безгек
E) құртамыш
21.Тұқымның қоректiк заттар жинайтын жасушалары - ...
A) түйiн
B) эндосперм
C) тұқымбастама
D) өзек
E) бүршiк
22.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым ...
A) А.Ф. Ковшарь
B) К.А. Навашин
C) В.А. Грачев
D) А.А. Слудский
E) К.Г. Тимирязев
23.Әр тозаңда болатын ауа қапшығы ...
A) 1
B) 5
C) 2
D) 3
E) 4
24.Тұқым өну үшін қажет ...
A) су, жылу, ауа
B) жарық, температура
C) оттегі, көміртегі
D) ылғал, қараңғы
E) бу, салқын ауа
25.Ұрықтағы май қоры ... жұмсалады.
A) өсуге
B) өткізуге
C) өнуге
D) бөлінуге
E) соруға
26. Тозаң түзіледі ...
A. тозаңқапта
B. гүлтабанда
C. аналықта
D. гүлсағақта
E. жатында

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету