Сайтқа кіру Тіркелу

Тест биология, Өсімдіктердің вегетативті мүшелері

Өсімдіктердің вегетативті мүшелері
І нұсқа
1. Қысқарған сабақты өсімдік
A) терек
B) плющ
C) бақбақ
D) қарбыз
E) құлмақ
2.1920-1930 жылдары "Өсімдіктану" оқулығын жазған ғалым …
A) А. Жандеркин
B) Б. Мусин
C) X. Досмұхамедов
D) Ж. Күдерин
E) Н. В. Павлов
3.Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын
қабықша ...
A) борпылдақ жасушалар
B) өң
C) өткізгіш шоқ
D) жүйкелер
E) бағаналы жасушалар
4.Жас өркеннің сыртқы қабаты ...
A) өң
B) өзек
C) сүрек
D) тоз
E) тін
5.Өркен мен тамырлардың бойлай өсуiн тоқтату үшiн - ...
A) қалемшелеу әдiсiн қолданады
B) шырпу әдiсiн қолданады
C) телу әдiсiн қолданады
D) қопсыту
E) түптеу әдiсiн қолданады
6.Органикалық тыңайтқыш ...
A) азот
B) фосфор
C) калий
D) қи
E) күл
7.Мыналар органикалық тыңайтқышқа жатады ...
A) қи, күл, құс санғырығы
B) азот, шымтезек, қи
C) қарашірік, қи, күл
D) азот, фосфор, күл
E) шымтезек, қи, қарашірік
8.Ең маңызды органикалық тыңайтқыш ...
A) құс саңғырығы
B) қарашірік және құс саңғырығы
C) көң
D) ағаш шірінділері
E) күл
9.Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны - ...
A) күл
B) шымтезек
C) саңғырық
D) көң (қи), қарашірік
E) құм
10.Минералды тыңайтқыш ...
A) қи
B) шымтезек
C) қарашірік
D) құс саңғырығы
E) азот
11.Минералды тыңайтқыштарға жататындар - ...
A) селитра
B) шымтезек
C) көң
D) саңғырық
E) қарашірік
12.Негізгі тамырдың дамуы ...
A) ұрық тамыршасынан
B) сабақтан өсіп шығатын тамырдан
C) жанама тамырдан
D) ұрық бүршікшесінен
E) қосалқы тамырдан
13.Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратын
тамырдың - ...
A) бөліну аймағы
B) сору аймағы
C) оймақшасы
D) өсу аймағы
E) өткізу аймағы
14.Тамыр түкшелері
орналасқан аймақ ...
A) сору аймағы
B) бөліну аймағы
C) өткізу аймағы
D) тамыр оймақшасы
E) өсу аймағы
15.Қосалқы тамыр дамиды ...
A) сабақ пен жапырақтан
B) ұрық тамыршасынан
C) негізгі тамырдан
D) ұрық сабақшасынан
E) тұқым жарнағынан
16.Егер мына элемент жетіспесе өсімдіктің жапырақтары бозарып;
өсуі өте баяулайды ...
A) фосфор
B) мыс
C) күкірт
D) азот
E) темір
17.Сабақты орай орналасқан жапырақтың түтік тәрізді түп жағы ...
A) жапырақ тақтасы
B) қынабы
C) сабағы
D) жүйкелері
E) бөбешік жапырақшасы
18.Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін
ұлпа ...
A) жабын
B) негізгі
C) тірек
D) түзуші
E) өткізгіш
19.Алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұратын бөлім ...
A) тұқым
B) сабақ
C) гүл
D) өркен
E) ұрық
20.Жапырақ жүйкелері құралады ...
A) өткізгіш және тірек ұлпалардан
B) лептесіктерден
C) қор жинаушы ұлпалардан
D) борпылдақ ұлпалардап
E) бағаналы ұлпалардан
21.Жапырақта көмірқышқыл газы мен су қосылғанда түзілді
A) глюкоза (қант)
B) көміртегі
C) ақуыз
D) оттегі
E) май
22.Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі ...
A) гүлсерігінде
B) сабағында
C) тостағаншада
D) жапырағында
E) тамырында, тұқымда
23.Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы ...
A) қосалқы тамыр
B) жанама тамыр
C) тамыр түкшесі
D) негізгі тамыр
E) тамыр оймақшасы
24.Сабақтың төменгі жағынан дамитын тамыр ...
A) қосалқы
B) негізгі
C) жанама
D) шашақ
E) кіндік
25.Өсімдіктің қоректенуін күшейтетін тамыр ...
A) жанама
B) кіндік
C) шашақ
D) жер асты мүшесі
E) қосалқы

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ
ІІ НҰСҚА
1.Шашақ тамырдың құрылысы ...
A) негізгі тамыр болмайды
B) жанама тамыр нашар жетіледі
C) қосалқы тамыр жақсы жетіледі
D) жанама, қосалқы тамыр жақсы жетіледі
E) тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды
2.Кіндік тамырдан жетіледі ...
A) жанама тамыр өте жақсы жетіледі
B) негізгі тамыр өте жақсы жетіледі
C) қосалқы тамыр болмайды
D) жанама, қосалқы тамыр нашар жетіледі
E) негізгі тамыр өте нашар жетіледі
3.Негізгі тамырдан таралады .
A) қосалқы
B) шашақ
C) кіндік
D) жанама
E) тамырша
4.Өсімдіктің жер асты мүшесі .
A) гүл
B) сабақ
C) тамыр
D) жапырақ
E) гүлшоғыр
5.Тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды ...
A) жанама тамыр
B) қосалқы тамыр
C) негізгі тамыр
D) сабақ
E) жапырақ
6.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады ...
A) жанама тамыр
B) қосалқы тамыр
C) негізгі тамыр
D) сабақ
E) жапырақ
7.Шашақ тамыр жүйесі ...
A) асбұршақ
B) қауын
C) бидай
D) асқабақ
E) жоңышқа
8.Кіндік тамыр жүйесі ...
A) сарымсақ
B) жүгері
C) арпа
D) сұлы
E) бақ-бақ
9.Кіндік тамыр жүйесінде жақсы жетілген тамыр ...
A) жанама
B) жіп тәрізді
C) негізгі
D) ауа
E) қосалқы
10.Мына өсімдікте кіндік тамыр жүйесі кездеспейді ...
A) асбұршақ
B) асқабақ
C) бидай
D) күнбағыс
E) қауын
11.Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ ...
A) бүршік
B) өркен
C) буын
D) жапырақ
E) гүлшанақ
12.Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік ...
A) төбе
B) жанама
C) бұйыққан
D) қосалқы
E) қысқарған
13.Тыныштық күйге ауысқан бүршік ...
A) төбе
B) жанама
C) бұйыққан
D) қосалқы
E) қысқарған
14.Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым
A) С.Г. Навашин
B) Г. Мендель
C) К.А. Тимирязев
D) И. Сеченов
E) Д.И. Ивановский
15.Тікенге айналған жапырақ
A) асбұршақ
B) кактус
C) пияз
D) қырыққабат
E) шыбынжұт
16.Бунақденелілерді аулау құрамына айналған жапырақ
A) пияз
B) қырыққабат
C) асбұршақ
D) шықшылдық
E) сұңғыла
17.Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы
A) ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайды
B) бунақденелілерді еліктіру
C) өсуіне сүйеніш
D) суды аз буландыру
E) қор жинау
18.Мұртшаға айналған жапырақ
A) пияз
B) үрмебұршақ
C) итмұрын
D) кактус
E) сарыағаш
19.Қыстық өркендері дайындайды ...
A) қыста
B) көктемде
C) жазда
D) күзде
E) ерте көктемде
20.Тірі жасушалардан тұратын саңылаулар-жасымықшалар ағаш
сабағының ... орналасқан.
A) тоз қабатта
B) өзекте
C) камбийде
D) сүректе
E) тін қабатта
21.Телу дегеніміз ...
A) тамыр арқылы көбейту
B) өсімдіктердің тамырларын ұластыру
C) өсімдіктерді тұқымнан көбейту
D) қалемшелер арқылы кебейту
E) бір өсімдік бөлігін екінші есімдік бөлігіне будандастыру
22.Бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру
A) мұртшалары арқылы
B) селбесу
C) түйнек арқылы
D) бүршіктену
E) телу
23.Өсімдік сабағындағы буын дегеніміз - ...
A) түбіртек
B) өсу конусы
C) қабықтың жуандаған жері
D) бастама өркен
E) жапырақ өсетін сабақ аймағы
24.Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа …
A) өткізгіш
B) жабын
C) тірек
D) тузуші
E) негізгі
25.Қысқарған сабақты өсімдік
A) терек
B) плющ
C) бақбақ
D) қарбыз
E) құлмақ

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ
ІІІ НҰСҚА
1.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне
жеткізетін ұлпа …
A) тузуші
B) өткізгіш
C) тірек
D) жабын
E) негізгі
2.Өсімдік сабағының өң және тоз қабаттарын құрайтын ұлпа
A) өткізгіш
B) жабын
C) тірек
D) түзуші
E) негізгі
3.Су мен минералды зат қозғалады ... арқылы.
A) тоз жасымықшалары
B) сүрек түтіктері
C) камбий жасушалары
D) тін жасушалары
E) өзек жасушалары
4.Қосалқы бүршіктердің дамитын орны - ...
A) бұтақтарда
B) жапырақ қолтығы
C) жапырақта, тамырда, сабақта
D) өркеннің ұшы
E) өркен буынында
5.Тамыр мен бүршіктің өсуіне қатысатын ұлпа ...
A) тірек
B) жабын
C) қорға жинаушы
D) фогоринтездеуші
E) түзуші
6.Тамырсабақты өсімдік ...
A) жуашық
B) бидайық
C) картоп
D) емен
E) құлпынай
7.Өсу бүршігінде болмайды ...
A) қабыршақ
B) алғашқы жапырақтар
C) гүлшанақ
D) қабыршақ, алғашқы жапырақтар
E) алғашқы сабақшалар
8.Картоптың түрі өзгерген жер асты өркені ...
A) сояулар
B) шырынды сабақ
C) тамырсабақ
D) пиязшық
E) түйнек
9.Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдік ...
A) үпімәлік
B) бидай
C) алма
D) үйеңкі
E) жолжелкен
10.Жапырақ тақтасын сабақпен жалғастырады ...
A) Тостағанша
B) күлте
C) сағақ
D) қабық
E) жүйкелер
11.Жапырақтары арқылы көбейетін бөлме өсімдігі - ...
A) пеларгония (қазтамақ)
B) алоэ
C) бегония
D) традесканция
E) қынагүл
12.Өзгерген өркен ...
A) бүршік
B) түйнек
C) пияздық
D) түбіртек
E) мұртша
13.Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдік ...
A) қауын
B) пияз
C) күнбағыс
D) бақ-бақ
E) үрмебұршақ
14.Тамыр түйнекті өсімдік ...
A) сәбіз
B) георгин
C) пияз
D) шомыр
E) қызылша
15.Жолжелкен жапырағының жүйкеленуі ...
A) қауырсын тәрізді
B) қатарлас
C) саусақ салалы
D) торлы
E) доғалы
16.Кіндік тамырлы өсімдік ...
A) жүгері
B) бидай
C) сарғалдақ
D) пияз
E) бақ-бақ
17.Шырынды сабақ өсімдік ...
A) суттіген
B) бидай
C) бүлдірген
D) картоп
E) жабайы алмұрт
18.Пияз қабағының өңіндегі пластидтер түсі ...
A) қоныр
B) түссіз
C) жасыл
D) қызыл
E) сары
19.Мұртшалары арқылы көбейеді ...
A) қойбүлдірген
B) тобылғы
C) бидайық
D) қарақат
E) терек
20.Сабақтың өзегі жатады ...
A) жабын ұлпасына
B) қоржинаушы ұлпаға
C) тірек ұлпасына
D) жасаушы (түзуші) ұлпаға
E) фотосинтездеуші ұлпаға
21.Тіреу тамырлы өсімдік ...
A) нарғызгүл
B) сәбіз
C) орхидея (сүйсін)
D) саңырауқұлақ
E) үнді фикусы
22.Картопқа ерекше көп қажет тыңайтқыш ...
A) фосфор
B) азотты
C) калий
D) натрий
E) селитра
23.Өсімді мүшелері арқылы көбейеді ...
A) астра
B) күнбағыс
C) қауын
D) орамжапырақ
E) традесканция
24.Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік ...
A) күріш
B) шие
C) сәбіз
D) картоп
E) лалагүл
25.Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік ...
A) балдырлар
B) традесканция
C) бегония
D) итмұрын
E) мүктер

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ
ІҮ НҰСҚА
1.Тамырсабағы арқылы көбейетін өсімдік ...
A) қызғалдақ
B) картоп
C) пияз
D) құлпынай
E) інжугүл
2.Түйнек арқылы көбейетін өсімдік ...
A) пияз
B) итмұрын
C) асбұршақ
D) картоп
E) құлпынай
3.Тұқым себетін топырақ ...
A) тығыз болу қажет
B) ауа еркін өтетін болу қажет
C) өте құрғақ болған тиімді
D) өте дымқыл болуы қажет
E) батпақты болу қажет
4.Тамыр қалемшесі арқылы көбейе алады ...
A) тобылғы
B) ақжелкен
C) үйеңкі
D) бидай
E) топинамбур
5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі
A) өзек
B) сүрек
C) тін
D) қабық
E) тоз
6.Түйнек деген ...
A) қыстырма бүршік
B) өсу конусы
C) өзгерген өркен
D) түбіртек
E) жерастытомыр
7.Картоптың көбеюі ...
A) тамырсабақ
B) сабақ
C) тамыр
D) көзшелі түйнек
E) қалемшелеу
8.Гүлді өсімдіктердің суды буландыратын негізгі мүшесі .
A) жапырағы
B) гүлі
C) хлоропласттары
D) сабағы
E) тамыры
9.Жапырақтары тікенге айналған ...
A) кактус
B) шыбынжұт
C) пияз
D) қырыққабат
E) асбұршақ
10.Жемтамырлы өсімдік ...
A) қазықұрт
B) орхидея
C) сәбіз
D) барқыт
E) батат
11.Лейкопластардың қызметі .
A) гүл, жеміске қызыл, сары түс беру
B) көбеюге қатысу
C) фотосинтезге қатысу
D) өсімдікке жасыл түс беру
E) қор затын жинауға қатысу
12.Телу ...
A) спора арқылы
B) жыныссыз көбейту
C) тамыр бөлігі арқылы
D) жынысты көбейту
E) бүршік арқылы көбейту
13.Телу арқылы көбейтуге жатады ...
A) жапырақ
B) сабақ
C) тамырсабақ
D) көзшелерінен телу
E) Тамыры
14.Бойы аласа және сабағы жайылып өскен шыршаны өсіру үшін жасалатын әрекет
A) тамырын қию
B) төбе бүршігін қию
C) бұтағын кию
D) жарықты көбейту
E) көлеңкеде өсіру
15.Жуашығымен (пиязшығымен) көбейетін өсімдік ...
A) көктерек
B) қызғалдақ
C) картоп
D) шегіргүл
E) мойыл
16.Топырақты құрғақ тыңайтқанда қосылатын - ...
A) калий ерітіндісі
B) азот ерітіндісі
C) ылғалды шымтезек
D) қи ерітіндісі
E) күл
17.Жапырақ пен сабақтың дамуына, тірек ұлпасының жетілуіне қажетті элемент ...
A) калий
B) фосфор
C) темір
D) күкірт
E) азот
18.Мұртшаға айналған жапырақ
A) пияз
B) үрмебұршақ
C) итмұрын
D) кактус
E) сарыағаш
19.Қыстық өркендері дайындайды ...
A) қыста
B) көктемде
C) жазда
D) күзде
E) ерте көктемде
20.Тірі жасушалардан тұратын саңылаулар-жасымықшалар ағаш
сабағының ... орналасқан.
A) тоз қабатта
B) өзекте
C) камбийде
D) сүректе
E) тін қабатта
21.Телу дегеніміз ...
A) тамыр арқылы көбейту
B) өсімдіктердің тамырларын ұластыру
C) өсімдіктерді тұқымнан көбейту
D) қалемшелер арқылы көбейту
E) бір өсімдік бөлігін екінші өсімдік бөлігіне будандастыру
22.Бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру
A) мұртшалары арқылы
B) селбесу
C) түйнек арқылы
D) бүршіктену
E) телу
23.Өсімдік сабағындағы буын дегеніміз - ...
A) түбіртек
B) өсу конусы
C) қабықтың жуандаған жері
D) бастама өркен
E) жапырақ өсетін сабақ аймағы
24.Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа …
A) өткізгіш
B) жабын
C) тірек
D) тузуші
E) негізгі
25.Қысқарған сабақты өсімдік
A) терек
B) плющ
C) бақбақ
D) қарбыз
E) құлмақ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×