Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Адам туралы ғылымдар (Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары)

Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары
1. Адам туралы ғылымдар.
2. Жасуша және оның құрылысы
3. Жасуша органоидтары
4. Жасушаның химиялық құрамы. Органикалық заттар, нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклейн қышқылдары
5. Жасушалардың тіршілік әрекеттері.


Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: §1. Адам туралы ғылымдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға табиғатта адамның алатын орны туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тест, таблица.
Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Білімді жан – жақты тексеру:
1. Ағзалық әлем деген не?
2. Ағзаны құрайтын заттар қалай аталады?
3. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?
4. Жануарлар өсімдіктерге қандай қасиеттерімен ұқсас.
5. Тірі табиғаттағы ағзалық заттар қандай дүниелерге жіктеледі?
ІІІ Жаңа сабақ
Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» – деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден – оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұқсас. Екіншіден – адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл - ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам – ақыл - ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.
Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануарлардан (приматтардан) негізгі ерекшеліктері:

I. Қаңқа
1. Омыртқа жотасының пішіні 4 иілімді S тәрізді
2. Аяқтары қолдарынан едәуір ұзын және күштірек
3. Бассүйек алдыңғы жақта қарақұстың үлкен тесігінен арқа жағына «асылып» тұрмай (дорсально) үстіңгі жағына «орныққан»
4. Ми орналасқан бөлік беткі бөліктен едәуір қомақты
5. Тіс, жақсүйек, тұмсық бөлімі нашар дамыған
6. Төменгі жақсүйек таға тәрізді, иегі шығыңқы
7. Шайнау бұлшықеттері жойылып кеткендіктен, бассүйек бұдырлары тегістеліп кеткен
8. Қас үсті буылтығы кас үсті доғасына алмасқан
9. Аяқбасы – дөңес, баспайы – үлкен
10. Басбармағы өзге саусақтарға қарама - қарсы орналасқан
11. Қолдары иыққа бекінген; кеуде қуысының ені, ұзындығы мен тереңдігінен кеңірек
12. Жамбас астауы тостаған тәрізді
II. Бұлшықет
13. Тіл бұлшықеттері күшті дамыған
14. Ымдау бұлшықеттері дамыған
15. Қолды айналдыра қозғайтын білек бұлшықеттері жақсы дамыған
16. Көмекейдің ерекше дауыс шығаратын бұлшықеттері бар
III. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
17. Миы үлкейген, «бедерлер» – үлкен ми сыңарлары қыртысының қатарлары есебінен дамыған
18. Көру, есту, түйсіну дамыған; иіс сезу өзгерген (нашар)
19. Екінші сигналдық жүйе – сөз – дерексіз ойлау, көз алдына елестетумен өзара байланыста қалыптасқан
20. Барлық деңгейлердің психиялық үдерістері жетілген
IV. Жабын (тері)
21. Түкті жабын жойылған
22. Теріде тер бездері және рецепторлары көп
23. Саусақ ұшындағы жұмсақ еттің бүртікті өрнегі күшті дамыған
Қазіргі кезде адамды түрлі бағытта зерттейтін ғылымдар бар. Ол адам табиғатына ерекше мән береді. Адам табиғаты дегеніміз – адамның жеке басына тән сипаттар жиынтығы. Оны кебіне гуманистік қасиеттер жүйесі деп атайды. Гуманизм (лат. humanus - адамгершілік, ізгілік) адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды. Оған адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындау жатады. Гуманизмнің басты қағидасы – жеке адам бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.
Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным қабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен - бірі қарым - қатынас жасауының арқасын - да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым - қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды.
Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады. Еңбек ету, қарым - қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан бірте - бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады.
Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді (2 - кесте).
Қазіргі кезде дені сау ересек адамды кейде кемеліне келген (зрелый) адам деп те атайды. Оның бойының ұзындығы – 170 см, дене салмағы – 70 кг, өмір сүру ұзақтығы – 70 жас, терісінің ауданы 1, 8 м2.
Денсаулық – адам өмірінің басты кепілі. Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Халқың сырқат болса, қабырғаң сөгіледі» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар.
Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануы қажет. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» арнайы заң қабылданған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерде арнайы «Салауаттану» пәні оқытылады.
Денсаулық дегеніміз біріншіден – аурудың немесе дене кемістігінің болмауы. Екіншіден – адамның денесінің, рухани жан дүниесінің қалыпты жағдайы, өміріне қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы.
Кемеліне келген ересек адамның мүшелері, олардың салмағы және жалпы дене салмағынан алатын % үлесі (А. Мамедов бойынша, 1998)

V Сабақты бекіту:
1. Табиғаттың дара тұлғасы (адам)
2. «Дәрігерлік ғылымның ережелері» кітабының авторы (Ибн Сина)
3. Қанның лейкоцит жасушаларының бөгде заттарды сіңіріп, қорытуы
( фагоцитоз)
4. Ағза мен мүшелердің қызметін зерттейтін ғылым ( анатомия)
5. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық зерттеген ғалым (К. Гален)
6. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым (И. М. Сеченов)
7. Гипократтың өмір сүрген кезеңдері (460 - 377)
8. Асқорыту физиологиясын зерттеген ғалым (И. П. Павлов)
9. Мәйіттерге алғаш бақылау жүргізген ғалым (А. Везалий)
10. «Қайырымды қала» (Әл - Фараби)

VI Сабақты қорыту:
1. Гипократтың анатомия мен физиологияның дамуына қосқан үлесі.
2. К. Галеннің еңбектері неліктен құндылығын жоймай 13 ғасыр бойы оқытылып келген?
3. И. М. Сеченовтың зерттеген саласы қандай, еңбектерін ата.
VII Үйге тапсырма: 1. Тақырыпты оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды жүктеу
26, 27, 28, 29, 30 сабақтарды қарау
31, 32, 33, 34, 35 сабақтарды қарау
36, 37, 38, 39, 40 сабақтарды қарау
41, 42, 43, 44, 45 сабақтарды қарау
46, 47, 48, 49, 50 сабақтарды қарау
51, 52, 53, 54 сабақтарды қарау
55, 56, 57, 58 сабақтарды қарау
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Баяандама: Мектептегі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны

Адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны

Cолтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Ежелгі дүние ойшылдары адам және қоғам туралы

Ежелгі дүние ойшылдары адам және қоғам туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызылбұлақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету