Сайтқа кіру Тіркелу

Қосмекенділердің көптүрлілігі

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі
Биология пәнінің мұғалімі: Толыбаева Бейбит Куандыковна

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі. Қосмекенділерді қорғау

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қосмекенділердің көптүрлілігін, ерекшеліктерін және тіршілік ету ортасы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Қосмекенділердің алуан түрлерімен таныстыра отырып, дүниетанымын және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Еліміздің әрбір тіршілік иелеріне келешек ұрпағымыздың оң көзқараспен қарауына ықпал жасай отырып, сирек кездесетін қосмекенділерді танытып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ Сабақ түрі: Дәстүрлі Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, семантикалық карта
Технология: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: география, экология,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлеметсіңдер ме балалар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын өздерің анықтап көріңіздер. Көз алдарыңа елестетіңдер: жаз, кешкі уақыт, көл жағасында бәріміз отырмыз......... видеодан дауысты тыңдау және қосмекенділердің өзін көргенде сендерде қандай ассоциациялар қалыптасады?(Оқушылардың жауабы: қорқынышты, жиіркенішті, түсі суық, тайғақ, әр түрлі дыбыстар шығаруы, түрлерінің бір - біріне ұқсамауы т. б) Олай болса біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Қосмекенділердің көптүрлілігі».
Сыныпты қосмекенділердің суреттері арқылы 3 - топқа бөлемін. Топтық тапсырмалар орындату.

1 - топ құйрықты қосмекенділер
2 - топ құйрықсыз қосмекенділер
3 - топ аяқсыз қосмекенділер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Сен білесің бе?»
І Топ. Тапсырма: Құрбақаның қаңқасын білесің бе?
ІІ топ. Тапсырма: Құрбақаның ішкі құрылысы
ІІІ топ. Тапсырма: Құрбақаның сыртқы құрылысы

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
- Төмендегі суретте қандай омыртқалылар көрсетілген?
- Төмендегі суретке қарап не айтуға болады?
- Қандай ұқсастықтары бар?

Венн диаграммасы арқылы балық пен бақаны салыстыру
Балық:
Ұқсастығы:
- омыртқалы жануар;
- ішкі қаңқа бар;
- көбеюі мен дамуы суда өтеді
- Ас қорыту: ауыз – өңеш – қарын - ішек – клоака
Бақа:

Венн диаграммасының сұрақтары
1. Дене бөлімі: бас, тұлға, құйрық
2. Дене бөлімі: бас, тұлға, аяқтар, құйрық
3. Тіршілік ортасы: су
4. Тіршілік ортасы: су, құрлық
5. Терісі қабыршақты
6. Терісі жұқа безді
7. Қаңқасы 3 бөлімнен тұрады
8. Қаңқасы 4 бөлімнен тұрады
9. Жүрегі 3 қуысты
10. Жүрегі 2 қуысты
11. Желбезекпен тыныс алады.
12. Терісі, өкпесімен тыныс алады
13. Мишығы жақсы жетілген
14. Мишығы жақсы жетілмеген

Кілті: Балық - 1,3,5,7,10,11,13
Кілті: Бақа - 2,4,6,8,9,12, 14

Сергіту сәті «Бақалар биі»
Міне балалар сергіту сәті де аяқталды. Біз енді сабағымыздың келесі кезеңіне ауысамыз.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1. Қосмекенділердің көптүрлілігі және ерекшеліктері
2. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
V. Жаңа сабақ
Балаларға проблемалық сұрақ: Сендердің алдарыңда қосмекенділердің әртүрі тұр. Олар бір - бірінен қандай айырмашылығы бар. ( оқушылардың жауабы: Олардың біреуінде құйрықтары жоқ, екіншілері де аяқ жоқ, үшінші біреулерінің құйрықтары ұзын) Дұрыс! Сендер қазір қосмекенділердің 3 класы туралы айтып тұрсыңдар?

Қосмекенділер класы

Құйрықтылар отряды 400 - дей түрі бар
Құйрықсыздар отряды 4000 - дей түрі бар
Аяқсыз отряды 170 - тей түрі бар

Топтық жұмыс: өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 минут, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 5 мин, қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Бір - біріне сұрақ береді. Мәтінді өз беттерімен оқиды. Топ болып ақылдасады, талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, бір оқушы қорғайды.
1 - топ Құйрықты қосмекенділер отряды
2 - топ Құйрықсыз қосмекенділер отряды
3 - топ Аяқсыз қосмекенділер отряды
VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
Балалар сендерге мен логикалық сұрақ дайындап келдім. Ой ұшқырлықтарыңды байқау мақсатында.
1 - тапсырма. Логикалық сұрақ. Мұхият тыңдаңыздар.
Ал енді бәріміз назар аударайық. Ортаға қара жәшік келеді. Оның ішінде не бар деп ойлайсыздар?( оқушылардың жауабы тыңдалады?)
Мұғалім: бұл жәшіктің ішінде сіздерге тапсырмалар бар. 3 топқа 3 сұрақ бар. Ойланып жауап беріңдер?

1. Сұрақ. Теңіз астында сүңгитін жүзушілердің аяғына киетін затын құрастыру үшін бақаның қай бөлігін негізге алған?
Жауабы: ( артқы аяғы) - ласты
2. Сұрақ: Адам бұл нысананы бақаның сырт бейнесін көргенде ойлап тапқан ол не?
Жауабы: ( камуфляждық мата)
3. Бұл приборды оқымыстылар бақаның көзінің негізінде жасалған ол қандай прибор
Жауабы: Ретинатрон приборы – тек тірі объектілерді бақылайды.
2 - тапсырма Суреттермен жұмыс.
Қосмекенділердің отрядтарын тап.

Балалар бұл тапсырма бойыншада қосмекенділердің түрлерін бір - бірінен ажырата алады екенсіңдер?

3 – тапсырма. Қосмекенділердің көптүрлілігіне байланысты сұрақтар берілген қайсысын дұрыс деп санасаңдар (+) белгісін қоясыздар.

VIІ. Сабақты бекіту: «Қосмекенділердің пайдасы» кестесін толтыру.
▪ Табиғатта
- Бау - бақша, егістікке зиян келтіретін, жағымсыз иісті, түнде тіршілік ететін бунақденелілерді, жалаңаш шырышты жейді;
- 1 шөп бақасы көктем - жазда 1260 бунақденелілерді дернәсілімен жояды;
▪ Ғылымда
- лабораторияда бақаға тәжірибе жасайды;
- И. М. Сеченов ми қызметін зерттеуде бақаны пайдаланған;
- ғарышқа ұшырылған;
- бионика ғылымында көз құрылысының ерекшелігін зерттеп, самолет пен ракеталарды уақытында білуге мүмкіндік беретін прибор жасау қолға алынуда;
▪ Адамға
- күш - қуаты кеміген адамға еті, сорпасы тамақ;
- безгек масасын құртады;
- сан еті бітеу жараның іріңін соруға қолданылады;
▪Медицинада
- дәрі - дәрмек жасау үшін пайдаланады;

Рефлекция: Бүгінгі сабақтан не үйрендім? деген сұраққа өз ойларын айтады.
Қорыта айтқанда: бүгін балалар қосмекенділердің көптүрлі болғанымен, бәріне ортақ қасиеттердің болатынын білдік. Атап айтсақ: дамуы өзгерістермен, 2 қан айналым шеңбері бар, жүрегі үш қуысты барлығы тіршілігін суда өткізетін салқын қанды жануарлар.
VIІІ. Үйге: Қосмекенділердің көптүрлілігі туралы қызықты деректер жинап келу.
Бағалау. Топта жақсы қатысып отырған оқушыларды жетондар арқылы бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі

Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі

Жалпы мақсаты: Өрмекшітәріздестер класының тіршілік әрекеттерімен, құрылыс ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне тән белгілерімен таныстыру,...
Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан п ...

Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан п ...

1. Қосмекенділерді зерттейтін ғылым: 2. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар...
Өрмекшітәрізділер

Өрмекшітәрізділер

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бижанова...
Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар

Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәні мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы...
Жануарлар әлемі

Жануарлар әлемі

Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×