Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Адам генетикасының ерекшеліктері мен адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Адам генетикасы туралы түсінік қалыптастыру. Берілген тапсырманы орындауда еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін нақтылау, ойларын қорытындылауға, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа және уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы, презентация
қорғау, түсіндіру, семантикалық карта, жасырын сөздерді табу, постер қорғау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, бағалау парағы, таратпа материалдар.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Студенттер білімін бағалау
VII. Үй тапсырмасын беру
Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар:
 Жыныстық жағынан кеш - пісіп жетілетіндігі;
 Әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы;
 Барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі;
 Хромосома санының көп болатындығы;
 Адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы
және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез - құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар:
 Генеологиялық әдіс.
 Цитогенетикалық әдіс.
 Егіздік әдіс.
 Онтогенетикалық әдіс.
 Популяциялық әдіс
 Биохимиялық әдіс.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету