Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Сабақтың түр өзгерістері

№194 орта мектебі
Биология пәні мұғалімі: Жәнібекова Г.

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түр өзгерістері (слайд)
Сабақтың мақсаты: Түрі өзгерген жер үсті, түрі өзгерген жер асты өркендердің бір - бірінен ерекшелігін түсіндіру.
• Сабақтың міндеттері:
а) Білімділігі: өсімдік сабағының түр өзгерісі жайлы түсінік беру.
Б) Дамытушылығы: әр оқушыны өз бетінше ой түюге, ойларын жүйелеп айтуға баулу.
В) Тәрбиелігі: оларды адамгершілік, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топпенен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: медицина, агрономия.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, кеппе шөптер, лупа, пияз, картоп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, тәртіпке келтіру.
Жаңа сабақ мониторингі.
Оқушылардың тәртібі, мәдениеті.
Оқу құралдарының сапасы.
Өткен сабақтағы білімі.
Өз бетінше тұжырым жасау.
Жаңа сабақтағы білімі.
Шығармашылығы.
Оқушы жауапкершілігі, ынтасы.
Жеке жұмыс.

“Қызығушылығын ояту”
І топ: “Лалагүл”
ІІ топ: “Інжугүл”
ІІІ топ:
“Қызғалдақ”
Әр топ өз тобының атын қорғайды. Алдыңғы сабақта әр топқа өзіндік жұмыс берілген. Қай топ қандай жұмыс орындап келді екен.

ІІ. Жаңа сабақ құрылымы:
Кілтті сөздер:
Кілтті сөздерге электронды оқулық арқылы түсінік беру.
Сояу
Түйнек
Шырынды
Тамыр сабақ
Пиязшық

Түрі өзгерген жер үсті сабақтар.
Сояу тез алынбайды, ол сүрегімен алынады.
Екі себебі бар: 1) ылғал жетіспегендіктен;
2) Қолайсыз жағдайға бейімделуден.
1. Сояу – долана, жабайы алма ағаштарындағы түрін өзгерткен сабақ.
2. Шырынды сабақ – кактус, сүттіген.
3. Қауданды орамжапырақ – түрі өзгерген алып бүршікке жатады.

Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы.
Тамырсабақ
1. Тамырсабақ ұшында бүршік болады.
2. Буын және буын аралығынан тұрады.
3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті.
4. Бүршіктен дамиды.
Қабыршақ қолтығынд

Тамыр
1. Тамыр ұшында оймақша бар.
2. Буын және буын аралығы болмайды.
3. Жапырақ болмайды.
4. Бүршіктері жоқ.
5. Ұрық тамыршасынан дамиды.
6. Жоғары сатыдағы өсімдікте болады, бүршіктер орналасады.
7. Тек көп жылдық өсімдікте болады.

Түйнек пен тамырдың айырмашылығы
Түйнек
1. Түйнек сыртында жапырақ іздері бар.
2. Бүршігі кезектесіп орналасады, одан өркен дамиды.
3. Жарық түссе, түйнек дереу жасылға боялады

Тамыр
1. Тамыр ешқашан жапырақ шығармайды.
2. Бүршігі болмайды.
3. Қанша жарық түссе де, тамырдың түсі өзгермейді.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. “Біліміңді тексер”
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1. Сояу............ болатын түрін өзгерткен жер үсті сабақ.
2. Тамырсабақ ұшында.......... болады.
3. Сояу – сабақтың........ жатады, оны итмұрынның тікенектерімен шатастыруға болмайды.
4. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркенді.......... дейді.
(Сүрегі, бүршік, бұтақтарына, тамырсабақ)

ІІ деңгей:
Түйнекті өсімдіктің астын сыз:
1. Кольраби орамжапырағы
2. Інжугүл
3. Картоп
4. Нарғызгүл
5. Кендір
6. Жер алмұрты
7. Қамыс
8. Батат
9. Эпифиттік орхидея
10. Құртқашаш

ІІІ деңгей
Түрін өзгерткен жер асты өркеннің қай түріне жататынын өсімдік тұсына бас әрпін жазу
арқылы белгіле.
(“Тс”- тамырсабақ; “Т”- түйнек; “П”- пиязшық)
1. Бидайда -
2. Қызғалдақта -
3. Жер алмұртында -
4. Қызанақта -
5. Бидайықта -
6. Мақтада –
7. Қамыста –
8. Бәйшешекте –
9. Картопта –
10. Інжугүлде -

№9 зертханалық жұмыс.

Топтарға тапсырма.
І топ. Кеппе шөптен тамырсабақтың белгісін табу.
ІІ топ. Картоп түйнегінің құрылысын қол әйнекпен қарау.
ІІІ топ. Пияздың ішкі құрылысын қарап, оқулықтағы суретпен салыстыру.

ІV. Іздеу ұйымы.
Әрбір топқа конверт беріледі. Конверт ішінде әртүрлі кеппе шөптер салынған. Олардың тамыр сабағындағы ерекшелікті, Мысалы; қабыршағын қосалқы тамырын табу.

V. Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
Тамырсабақ неліктен суыққа төзімді?
Пияздың жемісі қалай аталады?
Түйнек немен қапталған?
Тамыр сабақты медицинада қандай мақсатта қолданады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету