Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Шаянтәрізділер класы.

Қарағанды облысы,
«Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі
Коккозова Нургул Ашимовна

Тақырыбы: Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Шаянтәрізділер класы.
Мақсаты: Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама бере отырып шаянтәрізділер класының тіршілігі, құрылысымен таныстыру арқылы білімдерін қалыптастыру.
Міндеті: 1. Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
2. Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындау.
3. Жұппен бірлесе отырып жұмыс жасауға талпыну.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жеке, жұппен, өзіндік жұмыс, баяндау
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, ылғалды препараттар,
Пән аралық байланыс: 3оология.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастырушылық кезең
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Рефлексия.
Ү. Үйге тапсырма беру.
ҮІ. Бағалау.
І. Ұйымдастырушылық кезең
А) сәлемдесу
Б) түгендеу
В) сынып тазалығы
Ұран: « Барлығымыз біріміз үшін, біріміз бәрі үшін» деген ұранмен бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сөзтізбек «Ұлу».
1. Ұлу денесінің сыртын қаптайтын қорғаныш.- Бақалшақ.
2. Ұлулардың басында болатын өсінділер.- Қармалауыштар.
3. Тұлғадан түзілетін ерекше қатпарлы қабат.- Шапанша.
4. Тұщы суда мекендейтін қосжақтаулы ұлу.- Айқұлақ.
5. Басы жоқ ұлулар класының атауы.- Қосжақтаулы.
6. Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі ерекше без.- Бауыр.
7. Ұлулар не арқылы тыныс алады.- Өкпе, желбезек.
8. Теңізде тіршілік ететін басаяқты ұлу. – Сегізаяқ.
9. Ұлулар қалай қозғалады. – Баяу, реактивті.
10. Басаяқты ұлулардың өкілдері. – Сегізаяқ, каракатица, кальмар.
2. Кім жылдам «иә – жоқ» жауаптары арқылы.
1. Ұлулардың ішкі мүшелері дене қапшығында орналасады. Иә.
2. Жұмыртқадан қуыршақ дамиды. Жоқ. (дернәсіл)
3. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Иә.
4. Кальмар, каракатицалар, сегізаяқтар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады. Иә.
5. Аяқтарының құрылысына қарай бауыраяқтылар деп бөлінеді. Жоқ.
(орналасуына және пішініне).
6. Құрлықтағы мекендейтін ұлулардағы екі көзі қармалауыштарының түбінде орналасады. Жоқ. (Ұшында)
7. Тоспаұлулардың бақалшағы ашылып жабылатын қос жақтаудан тұрады. Жоқ. (Қосжақтаулы ұлуларда)
8. Басаяқты ұлуларда бақалшағы жойылып кеткен. Иә.
9. Сегізаяқты «сиқырлап ұйықтатуғаболады». Иә.
10. Қосжақтаулы ұлулар – жер шарында кеңінен таралған бір жасушалы жәндік. Жоқ. (Көпжасушалы).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1 бөлімі. Мәтін таратылып беріледі. ББҮ стратегиясын пайдаланып оқушылар бірінші жек, одан соң жұппен талқылайды. Түртіп алады. Кестемен жұмыс. Дәптермен жұмыс.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Үш қатардан оқушыларды сөйлетіп тексеру.
Жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіру.
Буынаяқтылар - омыртқа жотасы жоқ жәндіктер. Бұлардың аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан құралатындықтан буынаяқтылар деп аталады.
Буынаяқтылар - Жер шарында өте көп таралған жәндіктер.
Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда буынаяқтылардың екі миллионнан астам түрі белгілі екен, ал жануарлар әлемінің қалған 15 типіндегі жануарлар түрі 200 мыңнан аспайтын көрінеді. Буынаяқты жәндіктер суда да (теңізде, тұщы суда), құрлықта да мекендейді, олардың көпшілігі тіпті құрлықтағы жануарлардың денесінде де тіршілік етеді.
Буынаяқтылардың денесі негізінен алғанда үш бөліктен (бас, көкірек, құрсақ) құралғанымен де, барлығында бірдей айқын білінбейді. Олардың денесі әктенген тұздар сіңген органикалық заттармен - хитинді жабынмен қапталады. Хитинді жабын жәндіктің ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды. Жабынның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Кейбір буынаяқтылардың, мысалы шаянтәрізділердің жабыны денені қаптайтын нағыз сауыт тәрізді болады.
Буынаяқтылардың ішкі құрылысы буылтық құрттарға көбірек ұқсайды, сондықтан да олардың арғы тегі - қарапайым теңіз буылтық құрттары деп есептеледі. Олардың дене қуысындағы мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, қанайналым, зәршығару, жыныс, жүйке жүйелері, сезім мүшелері) одан әрі дамып, жетіле түскенін байқау қиын емес.
Сендер буынаяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысын оқып үйренген кезде бұрын оқып өткен жәндіктердің, әсіресе буылтық құрттар мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметіндегі ерекшеліктерді еске түсіріп көріңдер, сонда сендерге эволюция барысында қандай өзгерістер болғанын, әр түрлі мүшелер жүйесінің жоғары сатыға көтерілуі мен мәнін түсіну оңайырақ болады.
Сөйтіп, біз буынаяқтылардың үш класын оқып - үйренеміз, атап айтқанда: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер және бунақденелілер класы.
Тіршілігі және сыртқы құрылысы. Өзен шаяны өзен - көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл - судың тазалығын қалайтын жәндік. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек жәнеқұрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігіңде бірі - ұзын, бірі - қысқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағыңда болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшыңда үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.
Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі - екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяқталады. Құрсақтың соңғы бунағыңда аналь тесігі болады.
Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағаңдықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза да, жиыра да алмайды. Соңдықтан ол су түбіңде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді де, суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Сөйтіп, су түбінде қозғалғаңда - алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұл кезде хитиңді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағыңдағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды. Соңдықтан шаянның сауыты қорғаныш жабын ғана болып қалмай, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылы буыңдасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады (қолдарыңды бүгіп жазып, оның қалай жүзеге асқанын түсіндіріңдер).
Қоректенуі. Шаян аузының айналасында үш жұп жақ және қысқыштарына тақау үш жұп жақаяқтары болады. Шаян қорегін жақаяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды. Шаянның аузы хитинмен қапталғандықтан, ашылмайды да, ұсақталған қоректі бірден жұтады қорек кеңдеу келген қысқа өңешке, одан екі бөліктен тұратын қарынға түседі, оның біреуі - күйіс қарын, екіншісі - сүзгілі қарын. Күйіс қарында хитинді тісшелер болады, қарынның қабырғасы жиырылған кезде тісшелер жұтылған қорек - ті ұсақтайды. Қорек одан әрі сүзгілі қарынға түсіп, ондағы хитинді өскіншелер арқылы сүзіледі де, ортаңғы ішекке қарай жылжиды. Ортаңғы ішекке асқорыту безі - бауырдың өзектері ашылады, асқорыту безінің сөлі сол өзектер арқылы ішекке құйылады. Осы сөлдің әсерінен қорек толық қорытылып, еритін затқа айналады да, ішек қабырғасына және бауырға сорылып, қанға өтеді.
Қоректің қорытылмай қалған қалдығы артқы ішекке барады да, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Шұбалшаңның асқорыту жүйесін еске түсіріп көріңдер: ауыз жұтқыншақ, өңеш, жемсау, бұлшықетті қарынша, ішек, аналь тесігі.
Жүйелер бөліктерінде жүретін әрекеттер шаянтәрізділердегідей болады.
Тыныс алуы. Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.
Қан айналымы. Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, кантамырлар соғады. Жүрек - пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қаңды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер
аралығына барады. Қан ішекте қорытылған коректі, сондай - ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді де, мүшелердегі көмірқышқыл газды (желбезекке) және бөлінген сұйық өнімді (зәршығару мүшелеріне) алып кетеді.
Зәр шығаруы. Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер - сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі де, еріген заттар сыртқа төгіледі.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Шаянның жүйке жүйесі шұбалшаңның жүйке жүйесіне ұқсас. Өте күшті дамыған жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндерінің бірігуінен «ми» түзіледі. Көз және мұртшаларды - жұтқыншақүсті, ал ауыз мүшелерін жұтқыншақасты жүйке түйіндері қамтамасыз етіп, жүтқыншақ айналасындағы сақинаға айналады. Жұптасқан ірі жүйке түйіндерінен құралған ұзын құрсақ тізбекшесінен таралатын жүйкелер шаян денесіндегі әр түрлі мүшелерге таралады.
Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған және олар жүйке жүйесімен тығыз байланысты болады. Сезім мүшелері сыртқы орта әрекетін жүйке түйіндеріне жеткізіп, соның нәтижесінде дене тітіркенеді де, оған тиісті жауап қайтарады.
Шаянның сезім мүшелері баскөкіректің алдыңғы бөлігінде жатады. Бұл бөліктен ең алдымен сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп ұзын мұртшалар мен тепе - теңдік, есту мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп қысқа мұртшалар көрінеді. Бунақталған мұртшалардың сезімтал талшықтары жанасқан затты және иісті сезеді, мұның шаян тіршілігінде (әсіресе түнде) маңызы зор.
Өзен шаянында баскөкіректің алдыңғы бөлігінде қозғалмалы сабақшада екі көз болады. Сондықтан шаян мойны жоқ болса да (оның басы мен көкірегі бітісіп, баскөкірекке айналған) денесін бұрмай - ақ айналасындағыны толық көре алады.
Өзен шаяны - күрделі көзді жәндік. Күрделі көз - көптеген көзшелерден құралады. Мұндай көздің ерекшелігі - әрбір көзше алдындағы заттың тек өзіне қараған бөлігін ғана көреді де, күрделі көз құрамындағы барлық көзшелер бірігіп, затты толық көре алады. Сондықтан көрудің бұл тәсілі жинақтап көру деп аталады. Күрделі көздегі көзшелер саны бірнеше мыңға дейін жетеді, мысалы шаянтәрізділерге жататын ас шаянның күрделі көзіндегі көзшелер саны - 3020.
Көбеюі. Өзен шаяны - дара жынысты жәндік. Аналығының құрсақ бөлігі, аталығының бас көкірек бөлігі жалпақ болатындықтан, бірінен - бірін сырттай ажырату оңай. Аналық шаян қыс соңында 60, кейде 500 - 600 жұмыртқа салады, шаянның жұмыртқасы уылдырық деп аталады. Ұрықтанған уылдырықтар жабысқақ болады да, аналы шаянның құрсақ бөлігіндегі аяқтарына жабысып, жұмыртқадан жаңа шыққан жас шаяндар да алғашқы кезде сонда тіршілік етеді.
Жас шаяндар хитинді жамылғыны мезгіл – мезгіл алмастырып түлейді. Жаңа түлеген жас шаянның хитині жұмсақ және түссіз болады. Осы кезде шаян тез өседі де, хитинге әк сіңіп, қатаяды. Хитин әктенгенде шаян өсуін тоқтатады, өйткені хитинді жабын өте тығыз және созылмайтын болғандықтан, шаянның денесін қысады.
2 бөлімі. Берілген критерилер арқылы шаянтәрізділер класын сипаттаймыз.
Дәптермен жұмыс.

Рубрикатор Дескриптор Бағалау, ұпай.
Тіршілік ортасы Өзен, көлдер, тоғандар.

Арғы тегі Буылтық құрттар
Дене бөлімдері, жабыны Баскөкірек, құрсақ. Хитин.
Басыкөкірек Екі мұртша, екі көзі, ауыз. Бес жұп аяқтар
Құрсақ бөлігі Алты бунақты, қысқа аяқшалар, құйрық жүзбеқанаты, аналь тесігі.
Қоректенуі Ауыз - жақаяқтары – жақтарымен - өңеш - екі бөлігі қарын - ортаңғы ішек - артқы ішек - аналь тесігі. 6
Тыныс алу желбезектері
Қан айналымы Жүрек бесбұрышты қалта мен қантамырлар – салатамыр.
Зәр шығару Екі жасыл без.
Жүйке жүйесі Жұтқыншақүсті мен жұтқыншақасты түйінінен «ми» түзіледі. Құрсақ тізбекшесінен тұрады.
Сезім мүшелері Тепе – теңдік, сипап сезу, иісті сезеді, есту, көру.
Көбеюі Дара жынысты, жұмыртқа немесе уылдырық, жас шаян.
Жалпы саны
ІҮ. Рефлексия
Сәйкестендіру тесті арқылы.
1. Тип кластары. А) Жамылғыны мезгіл – мезгіл алмастыру
2. Буынаяқтылар Б) Шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер.
3. Хитин В) Күрделі көзді жәндік.
4. Өзен шаяны Г) Әктенген тұздар сіңген ағзалық зат.
5. Түлеу Д) Екі милионнан астам түр.
Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақты бағалату арқылы оқушының қаншалықты сабақты түсініп кеткенін білу.
Ү. Үйге тапсырма беру.
214 беттегі А, С деңгейлерінің тапсырмаларын ауызша, В деңгейінің тапсырмасын жазбаша орындап келу. Дәптердегі сызбаларды пайдалана отырып §46 мазмұндау.
ҮІ. Бағалау. Бағалау парағы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету