Сайтқа кіру Тіркелу

Адам нәсілдері

Сабақтың мақсаттары.
Білімділік: Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін, олардың өмірі мен шаруашылықтағы маңызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту, тереңдету.
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға, ой түйіндеуге, адамның ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек – сызбалар,
слайдтар, Дүниежүзілік карта
Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, география, әдебиет, медицина саласы
Сабақтың типі. Білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: эвристикалық және түсіндірмелі қозғау салу, сұрақ - жауап әдістері
Сабақтың кілт сөзі. «Адамды адам еткен – еңбек»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
• Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп, зейінін сабаққа аудару
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
• Сынып оқушыларын оқушыларын топқа бөлу
ІІ. «Ой сергіту» шарты бойынша үй тапсырмасын сұрау
• І – топқа берілген «ежелгі адамдар» тақырыбын талдау
• ІІ – топқа берілген «Ертедегі адамдар» тақырыбын талдау
• ІІІ – топқа берілген «Осы заманғы адамдар» тақырыбын талдау
Берілген тапсырмаларды орындағаннан кейін, 3 - топқа сұрақтар беріледі.
І – топқа: 1. Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін ата?
2. Рудиментті мүшелер деген не?
ІІ - топқа: 1. Атавизм деген не?
2. Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады?
ІІІ – топқа: 1. Адам эволюциясындағы әрбір кезеңнің адамдарының тұрмыс – салт ерекшеліктерін ата?
2. Адам эволюциясы кезеңдерін ретімен атап, дене құрылысындағы ерекшеліктерді ата?
Үй тапсырмасын пысықтағаннан кейін, жаңа сабақтың жоспары мен мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Адам нәсілдері
2. Нәсілтану ғылымы
3. Әлеуметтік дарвинизм
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі.
Үш нәсілдің суреттерін көрсетіп, сол туралы не білетіндіктерін сұрау арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам деп аталады. Бұз атаудан адамның басқа организмдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылатыны айқын байқалады.
Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізді.
1. Негроидтық нәсіл: шаштары бұйра, қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал – мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады.
2. Европоидтық нәсіл: Ұзын бойлы, шашы ұзын салалы, әрі, ашық терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды, жұқа ерінді болып келеді.
3. Монголоидтық нәсіл. Шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді.
Моноцентризмдік тұжырым.
Гректің «monos» «бір» деген мағынаны білдіреді.
Латынның «Centrum» «орталық» деген сөзді білдіреді.
Полицентризмдік тұжырым
Гректің «Polys» деген мағынаны білдіреді.
Әлеуметтік дарвинизмге байланысты сұрақ беріледі.
1. Материалистік көзқарас деген не?
2. Идеалистік көзқарас деген не?

Жаңа сабақты бекіту
1. Тақырыптық тест таратылады.
2. Кесте толтырылады.:
Нәсілдер Ерекше белгілері Таралған жерлері
Жаңа сабақты қорытындылау Инсерт әдісі
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, тиісті бағаларын қоямын.
Үйге тапсырма: А, Б, С деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Келесі сабақтарымыз да дәл осындай көңіл - күйде, дәл осындай дайындықпен өтетініне сенімім мол
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның көктемгі еңбегі

Адамның көктемгі еңбегі

Сабақтың мақсаты: 1. Жыл мезгілдері туралы айта келе, көктем мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру....
Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы за ...

Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы за ...

Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір - бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г - нан аспайды....
Сүйек типтері

Сүйек типтері

Сабақ мақсаты Оқушыларға қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатынын түсіндіру. Қаңқадағы сүйек типтеріне сипаттама беру, адам ағзасындағы...
Адам нәсілдері

Адам нәсілдері

Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін, олардың өмірі мен шаруашылықтағы маңызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту, тереңдету....
Сын есімнен өткенді қайталау

Сын есімнен өткенді қайталау

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы №3 Алға қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбатыр Клара Рзағалиқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×