Сайтқа кіру Тіркелу

Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№35 орта мектебінің биология пән мұғалімі:
Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы

Сабақтың тақырыбы: Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі.
Сабақтың мақсаты: Тірі организмдердің жасушасыз түрі – вирустармен және олардың түрлерімен таныстыру.
Вирус құрылысындағы ерекшелігі, тигізетін зияны туралы ұғындырып, ой – өрісін дамыту.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Эвристикалық
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау
Көрнекілігі: Кесте, қима – қағаздар, тест парақтары, тірек сызба

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Микро биология ғылымының даму кезеңдері
2. Прокариоттар

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру
1. Бактериялардың тіршілігін зерттей отырып, ғалымдар бір ғана бактерия үздіксіз көбейгенде пайда болатын дараларды жер шарының бетіне орналастырғанда симай қалатын санға жетуі мүмкін екенін анықтады. Не себепті табиғатта бұл құбылыс байқалмайды?
- Қолайсыз орта жағдайларына түсіп, өледі. (күн сәулесі, жоғары температура, қышқыл, сілтілі орта, басқада фактор)
2. Қима қағаздардағы термин сөздерді сөйлету.
Коккалар, диплококкалар, бациллалар, виброндар, спириллалар, эукариоттар, споралар
3. Шіріткіш бактерия бөлінер алдында жасушасындағы сақина тәрізді ДНҚ молекуласы екі еселенеді. Оның полинуклеотидтік екі тізбегіне комплементарлық принципте жаңа тізбектер құрастыр.
• 1 – тізбек. А Ц Г Т А Ц Г А А
• 2 – тізбек. Т Г Ц А Т Ц Т Т Г
IV. Жаңа сабаққа даярлық
Тіршілік формалары

▪ Жасушалы → прокариоттар, эукариоттар
▪ Жасушасыз → вирустар

V. Жаңа сабақ
Вирустар құрылысы

▪ ДНҚ геномды
▪ РНҚ геномды

Вирустар
▪ Құрылысындағы ерекшеліктер
- Жасушасыз тіршілік иесі - Қатты қабығы/ капсула/ оны қолайсыз жағдайдан қорғайды - Қабық ішінде ДНҚ немесе РНҚ - сы бар - Өсінділері бар

▪ Тіршілігіндегі ерекшеліктер
- Тірі организмдер денесінен тыс жерде қоректенбейді, көбеймейді - Тек тірі организмге түскенде тіршілігін бастайды. - Өздігінен тіршілік ете алмайды - Жасанды ортада көбеймейді - Нәруыз түзу үшін тіршілік иесінің рибосомасын пайдаланады - Зат пен энергия алмасуы болмайды - Жасушаішілік паразит
Ауруларды алдын алудың негізгі жолдары
Тазалық ережесін сақтау
Қайнатылмаған, лай су ішпеу
Тамақ ішер алдында қолды жуу
Киімді таза ұстау, организмді шынықтыру
Тағамдарды таза пісіру
Жеміс - жидектерді жуып жеу.

VІ. Сабақты бекіту.
1. Сонымен, балалар вирустың құрылысында, тіршілігінде қандай ерекшеліктер бар екен? ( тірек – схеманы толтыру)
2. Бактерия мен вирустың айырмашылығы және ұқсастығын жазып, Венн диаграммасын толтыру.

4. Графикалық тест алу

VII. Оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма: §21 ИТИС/ реферат/
Дәптерге термин сөздерді жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №35 орта мектебінің биология пән мұғалімі: Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы...
Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері

Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларға биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты көбеюдің және...
Бактериялар тіршілік әрекетінің алуан түрлілігі

Бактериялар тіршілік әрекетінің алуан түрлілігі

Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір...
Тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар

Тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна...
Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×