Сайтқа кіру Тіркелу

Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы

Ақтөбе қаласы № 55 ЖОББМ
биология пәнінің мұғалімі,
Медетова Мейрамгуль Акимбаевна
Сабақтың тақырыбы: Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: қос жынысты және дара жынысты гүлдердің ерекшеліктерін, гүл формуласының жазылуын меңгерту;
б) тәрбиелілігі: гүлдің қуаныш, көңіл - күй сыйлайтынын айта отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
в) дамытушылығы: қос жынысты гүл мен дара жынысты гүлдің құрылысындағы ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: қос жынысты және дара жынысты гүлдердің ерекшеліктерін, гүл формуласының жазылуын меңгерту;
б) тәрбиелілігі: гүлдің қуаныш, көңіл - күй сыйлайтынын айта отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
в) дамытушылығы: қос жынысты гүл мен дара жынысты гүлдің құрылысындағы ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру, суретпен жұмыс, т. б.
Пәнаралық байланыс: экология, әдебиет.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Сергіту сәті.
3. Қызығушылығын ояту:
1. Суретпен жұмыс
2. Кітаппен жұмыс.
3. Биологиялық диктант.
4. Мағынаны тану(жаңа тақырыпты түсіндіру)
5. Ой - толғаныс: 1. Сын тұрғысындағы сұрақтар.
2. Формула жазып үйрену.
3. Графикалық диктант.
6. Қорытындылау: Тыңдайық - ойланайық (ертегі)
7. Бағалау.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сергіту сәті.

- Оқушылар, сендер көздеріңді жұмып, гүлзардың ортасында отырсыңдар. Айнала әдемі қызыл - сары гүлдер. Күн аспанда жарқырап тұр. Гүлдердің хош иісі аңқиды. Күн өз шуағымен сіздерді қыздырып тұр. Самал жел сіздерді желпіп, жақсы дем алуға көмектеседі. Көзімізді ашамыз. Сіздердің көңіл - күйлерін көтерілді, қуаныш, күш қосылғанын сездіңдер ме?
Осындай көтеріңкі көңіл - күймен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Суретпен жұмыс.
Кітаппен жұмыс.
Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер(«ГС»гүлсағақ, «ГТ»гүлтабан, «Т»тостағанша, «К»күлте, «А»аталық, «Ж»аналық).
Гүлдің дәл ортасында орналасқан.
Тозаң ұясы бар.
Гүлсеріктің ішкі бөлігі.
Үлпекке айналған бөлігі.
Жәндіктер қоректенеді.
Шірне бөлетін бөлігі.
Жабысқақ сұйықтық бөледі.
Ұшы ілмекке айналған бөлігі.
Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.
Хош иіс шығаратын бөлігі.
Мойны бар.
Биологиялық диктант.
Гүлдің барлық бөлімдері.......... бекінеді.
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақша......... деп аталады.
Егер гүлде..... немесе..... болмаса ол жай гүлсерікті деп аталады.
Қос гүлсерікті гүлде.... мен.... болады.
Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесін шағылыстырып, қызуын бәсеңдетіп,.... пен.... қызып кетуден сақтайды.
Тозаңның құрамында...,....,....,... бар.
Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе -... деп аталады.
Аналықтың түп жағындағы жуанданған жерін.... деп атайды.

ІҮ. Мағынаны тану.
Гүл формуласы дегеніміз - гүл құрылысындағы, гүл бөліктерінің атын бас әрпімен белгілеу.
Гүл бөліктері Халықаралық атау Қазақша атау
Тостағанша Са (Calyx) Т
Күлте Co (Corolla) К
Аталық A (Androeceum) А
Аналық G (Gunoeceum) Ж(жатын)

Қызғалдақ гүлінің формуласы: К 3+3А3+3Ж(3)
Итмұрын гүлінің формуласы: Т5К5АЖ, т. б.
Ү. Ой - толғаныс.
1 - тапсырма: Жаңа сабақ бойынша оқушылар бір - біріне сын тұрғысындағы сұрақтарды қояды.
2 - тапсырма: Формула жазып үйрену.
3 - тапсырма: Графикалық диктант.
Бір гүлде аталық пен аналық орналасса, қосжынысты деп аталады.
Аталық гүл мен аналық гүл бір өсімдікте болса, екі үйлі деп аталады.
Жыныссыз гүлдерде жыныс мүшелері дамымайды.
Халықаралық атау бойынша тостағанша « Со»деп белгіленеді.
Қазақша атау бойынша аналықты «Ж» деп белгілейді.
Гүл бөлімдері біріккен болса, саны жақшаға алынады.
Гүл бөлімдері көп болса, «+» таңбасы қойылады.
Аталықтың жіңішкерген жері тозаңқап деп аталады.
Аналықтың түп жағындағы жуанданған жерін жатын деп атайды.
Гүлде тек күлте жапырақшалар болса, қос гүлсерікті гүл деп атайды.
Жауабы: +-+-++--+-
ҮІ. Қорытындылау.
«Тыңдайық - ойланайық!»
Ерте, ерте, ертеде бір хан болыпты. Ол өте қаһарлы, гүл біткенді жек көріпті. Ол барлық гүлдерді жұлып, орнына бидай егуді бұйырыпты. Барлық адамдар гүл біткенді жұлып, егін егіпті. Айналаны түнек басып, адамдар көңілсіз күй кешіпті. Бірде хан айықпас дертке шалдығыпты. Көптеген емшілер емдеп, жаза алмапты. Тек бір емші: егер бал жесеңіз айығып кетер едіңіз - депті. Сонда хан уәзірлеріне «бал әкел» деп бұйырады. Гүл болмаған соң аралар да жоқ. Бал табылмайды. Сонда бір кедей жігіт ханға көрсетпей кішкентай ауласына гүл өсіріпті. Сол жерге аралар бал жинаған екен. Жігіт ханға балды сыйға тартады. Балды жеп хан жазылып кетеді. Содан бері хан гүл өсіруге рұқсат береді. Айнала гүлге толып, адамдардың көңілдеріне қуаныш кіріп, көңіл - күйлері жақсарыпты.
Кейде біз жапырақтарды, шөптерді, гүлдерді жұлып тастаймыз, өзіміз де оны байқамай қаламыз. Сөйтіп, біз табиғат - Ананы ренжітіп аламыз. Ендеше, біз оларға аялай қарап, қамқор болайық!
ҮІІ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×