Сайтқа кіру Тіркелу

Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік

Тақырыбы: §40. Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар.
Мақсаты. Кірпікшелі кебісшенің тіршілік әрекеті көбеюі маңызы.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік пен ізденімпаздығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, өз бетінше іздене білетін тұлға ретінде тәрбиелеу.
Әдісі: Тірек сызба нұсқасы арқылы баяндау
Құрал жабдықтар: Біржасушалылардың суреттері, интерактивті тақта, таратпа материалдар т. б.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеп, оқулықтарын алдарына алғызып қою
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жасыл эвглена қайда тіршілік етеді?
Жасыл эвгленаның ерекшелігі неде?
Хроматофор қандай қызмет атқарады?
Талшық қандай қызмет атқарады?
ІІІ. Өткен тақырыпты бекіту.
Эвгленаның құрылысын ата
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Мына жәндіктің пішіні неге ұқсайды? Кебіске
Ү. Жаңа сабақ
Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды. Дене тұрқы 0, 2 миллиметрдей, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады. Дене пішіні тұрақты. Сыртында жалпы саны 2000 - 2500 - ге жуық ұсақ, қысқа кірпікшелер шығып тұрады.
Кірпікшелі кебісше (инфузория - туфелька) жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюге кіші ядро қатысады. Ең алдымен кіші ядро бөлініп, дененің алдыңғы және артқы жағына ажырап орналасады. Одан соң үлкен ядро бөлінеді. Соңында жасуша ортасынан бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады.
Пайда болған екі жас кірпікшелі кебісшенің әрқайсысында жетіспейтін органоидтары, яғни аузы, кірпікшелердің біраз бөлігі жиырылғыш вакуольдің біреуі және тағы басқалары жаңадан түзіледі.
Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде екі кірпікшелі кебісше ауыз саңылауы жағымен түйісіп, біраз жүреді. Осы кезеңде әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі кіші ядро түзеді. Үлкен ядро еріп, жойылып кетеді. Бір кебісшенің жаңадан пайда болған кіші ядролар сыңары екіншісінің кіші ядросының сыңарымен қосылып, осы кебісше цитоплазмасында, ал қалған сыңарлары қосылған күйі екінші кебісшенің цитоплазмасында қалады. Екі кебісше осылай кіші ядроларын алмастырған соң айырылады. Әрқайсысының денесінде үлкен ядро қайта түзіледі. Ядроның жаңаруы кебісшенің тіршілігін жалғастыра түсуге мүмкіндік береді.
Цитоплазмада жасуша дамуының әр түрлі кезеңдерінде белгілі бір қызмет атқаратын көптеген денешіктер (органоидтар) болады. Органоидтар – жасуша цитоплазмасының аса маңызды және тұрақты құрамдас бөлігі.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
кебісшенің құрылысын жатқа айтқызу. Эвглена мен кебісшенің құрылысын салыстыру венн диаграммасын құру. Сематикалық карта құру.
ҮІІ. Бекіту. №1зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуы
Мақсаты: Бір жасушалы жәндік – кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуын бақылау.
Құрал - жабдықтар: ішінде кірпікшелі кебісшелер бар сынауық, сапты үлкейткіш әйнек, микроскоп, тамызғы, заттық жабын шынылар, мақта.
Жұмыстың барысы:
1. Сынауықты алып, ішіндегі суды мұқият қараңдар. Кірпікшелі кебісшелер көріне ме? Көрінсе сынауықтың қай жағында олар көбірек?
2. Тамызғымен ішінде кебісшелер бар судан алып заттық шыныға бір тамшысын тамызыңдар да, үлкейткіш әйнектің үстелшесіне орналастырыңдар. Әйнекпен мұқият қарап, тамшыда қанша кебісше жүргенін, дене пішінін, қалай қозғалатынын, денесінің алдыңғы жағының артқы жағынан айырмашылығын анықтаңдар.
3. Заттық шыныдағы тамшыға 3 - 4 мақта талшығын салып, жабын шынымен жабыңдар. Микроскоптың үстелшесіне қойып, айнасымен жарық түсіріңдер. Кіші ұлғайтқышпен тамшыны зерделеңдер. Оқулықтағы суретті пайдаланып қандай органоидтарды көруге болатынын ойланып, соларды мұқият қарап іздеңдер. Нені көргендеріңді жазыңдар.
4. Заттық шыныдағы тамшыға мақта талшықтарын салғанда екі талшық арасында бір - екі кебісше жүрген жерді микроскоппен көретіндей етіп препаратты орналастырыңдар. Күштірек ұлғайтатын окуляр мен объективті қойып, бұрандалар арқылы анық көрінетін етіңдер. Қандай органоидтар қалай көрінді, қысқаша жазыңдар.
5. Көргендеріңнің суретін салып, әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.
Нәтижесі:
Кірпікшелі кебісше

1.____________________________________
______________________________________
2.____________________________________
______________________________________
3.____________________________________
______________________________________
4.____________________________________
______________________________________
5.____________________________________
______________________________________
6.____________________________________
______________________________________
7.____________________________________
______________________________________

Қорытынды:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ҮІІІ. Үй тапсырмасы. § 32 оқып, 63, 65 - суреттері салу.
Жетіген ауылы №34 орта мектеп
Биология - химия пәні мұғалімі
Азимбаева Алтынгул Рыскалиевна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тест биология. Ұлғайтқыш құралдар және өсімдік жасушасының құрылысы

Тест биология. Ұлғайтқыш құралдар және өсімдік жасушасының құрылысы

1. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі: A) көру түтігі B) айна C) окуляр D) объектив E) заттық үстелше...
Сорғыш құрттар

Сорғыш құрттар

Сабақ негізделген оқу мақсаты Сорғыш құрттар туралы білу. Сорғыш құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерімен танысу....
Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы

Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы

Жануарлар әлемі. Жәндіктер. 1. Зоология ғылымы... зерттейді: А) жануарларды В) өлі табиғатты С) жапырақтарды Д) ауаны Е) өсімдіктерді 2. Дизентерия...
Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі

Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі

Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Жануарлар туралы алған білімдерін жинақтау. Білгендерін қайталау, тереңдету, дүниетанымдарын кеңейту. Біржасушалылардың...
Деңгейлік тапсырмалар

Деңгейлік тапсырмалар

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәнінің мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×