Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Генетиканың қысқаша даму тарихы

Сабақтың тақырыбы; Генетиканың қысқаша даму тарихы. №1 практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойында генетика ғылымы туралы түсінік қалыптастыру, генетика ғылымына үлес қосқан ғалымдар еңбегімен таныстыру.
Дамытушылық: тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын түсіндіру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту арқылы ауызбіршілікке, білімді және дені сау ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың өткізілу әдісі: топтық жұмыс, ғаламтормен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, интербелсенді тақта, маркер, стикерлер, ұялы
телефон, ноутбук.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, география
Сабақтың түрі: Ізденіс - танымдық сабақ
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық ахуал туғызу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Өткенді пысықтау.
«Аялдама» әдісі бойынша әр топ мүшесі басқа топтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мәтіннің тұтас мазмұны ашылғаннан кейін, оқушылардың ойлары тыңдалады.
1 топ тапсырмасы.
Онтогенез туралы түсінік беру.
1. Бластуланың түзілуі.
2. Гаструла сатысы.
3. Нейрула сатысы.
II топ тапсырмасы.
Постэмбрионды кезеңге сипаттама беру.
1. Тура даму дегеніміз не?
2. Түрленіп даму дегеніміз не?
3. Түрленіп дамудың маңызы қандай?
III топ тапсырмасы.
1. Митоздық бөліну дегеніміз не?
2. Митоз неше фазадан тұрады?
3. Әр фазаға жеке тоқталу.
II. Мағынаны ажырату.
- " Жігіттің жақсы болуы – нағашыдан, үйдің жақсы болуы - ағашынан " деген мақалды қалай түсінеміз?.
- Иә, балалар нағашыдан барлық жақсы қасиеттер тұқым қулау арқылы беріледі емес пе?. Сонымен біздің бүгінгі сабағымыз тұқым қуалаушылық жайында болады.
Олай болса, біз тұқым қуалаушылық туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік. Ол үшін сендер бұл сұрақтардың жауабын мәтінді оқи отырып түсіне аласыңдар.
Жаңа тақырыпты меңгерту.
«Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.( кітап мәтіні және ұялы телефонды пайдаланып интернет ресурстарын қолдану, электронды оқулықты пайдалану арқылы тақырыпты ашу, постер құру.)
I топ тапсырмасы.
1. Генетика ғылымының даму тарихы.
2. Генетика даму кезеңдері.
3. Генетиканы қазақ халқы өмірімен байланыстыру.
II топ тапсырмасы.
1. Негізгі генетикалық ұғымдар.
2. Тұқым қуалау заңдылықтарын түсіну үшін қолданылатын таңбалар.
3. Генотип, фенотип ұғымдары.

III топ тапсырмасы.
1. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы.
2. Моногибридті будандастыру.
3. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.
. III ой қорыту.
№ 1 Практикалық жұмыс. Қарапайым генетикалық есептер шығару.

I. 1. Генотипі АаВв гетерозиготалы адамда мейоздық бөліну нәтижесінде қандай типті гаметалар түзілуі мүмкін?
2. Генотиптері ААвв, АаВВ, Аавв болса ше?
II. Қоян жүнінің ақ түсті болуы рецессивті а генімен анықталады.
1. Ақ көжектің генотипі қандай болмақ?
2. Ақ көжектің ата - аналарының генотиптерін және фенотиптерін анықтаңдар.

Сабақты қорытындылау.
Ақылдың алты қалпағы
Ақылдың алты қалпағы" әдісі:
• Ақ қалпақ - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
• Қызыл қалпақ – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
• Қара қалпақ – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
• Сары қалпақ - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
• Жасыл қалпақ – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.
Көк қалпақ – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
IV. Бағалау. Топтар бірін - бірі бағалайды.
V. Рефлексия. Көңіл - күй парағындағы смайлик суретті таңдап және ол суретті неліктен таңдағанына түсініктеме беру арқылы көңілдерін білдіреді.
+: winked: -: recourse:
VI. Үй тапсырмасын беру. §22 оқып келу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: биология, генетика
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету