Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі тарауын интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, оқушыны шығармашылыққа баулу.
2. Дамытушылық: Тараудағы негізгі мәселелерге көңіл аудара отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс - жүзінде қолдануға, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест жұмысы, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, кестелер мен оқулық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Шыңға шығу» әдісі
1. Жасушаны ашқан ғалым:
А. Д. И. Ивановский
В. Р. Гук
С. Д. И. Менделеев
Д. И. И. Мечников
Е. Я. Беккори
2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты:
А. Плазмалемма
В. Пластид
С. Вакуоль
Д. Мембрана
Е. Митохондрия
3. Жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат:
А. Вакуоль
В. Цитоплазма
С. Мембрана
Д. Гольджи жиынтығы
Е. Эндоплазмалық тор
4. Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер микроскоптың көмегімен тапты:
А. Раушан гүлінің ұлпасынан
В. Тауық балапанының ұлпасынан
С. Қан жасушасынан
Д. Қосмекенділерден
Е. Сүтқоректілерден
5. Жасушаның «ас қорыту мүшесі» дегеніміз:
А. Гольджи жиынтығы
В. Лизосома
С. Вакуоль
Д. Рибосома
Е. Ядро
6. Жасуша мембраналары арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуі:
А. Пиноцитоз
В. Фагоцитоз
С. Көбею
Д. Фотосинтез
Е. Сүзілу
Дұрыс жауаптары:
1 - А.
2 - А
3 - В
4 - В
5 - В
6 - В
1. Жасуша - барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі;
2. Әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас;
3. Жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.

Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері
Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады.
Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға тән қасиет.
Көбею - жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен - бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.
Өсу мен даму - зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
№9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
биология пәні мұғалімі: Тлеуназарова Бағытжамал Шадиярқызы

Слайдты жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Ақмола облысы. Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі Кемалов Абзал Аманкелдіұлы...
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру. 2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру...
Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Жасуша ядросы

Жасуша ядросы

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Жасуша

Жасуша

Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету