Сайтқа кіру Тіркелу

Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

Мақсаты:
А) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін балықтар - қосмекенділер - жорғалаушылар - құстар - сүтқоректілер тізбегімен зерделей отырып, түсіндіру арқылы білім беру.
Ә) Оқушылардың білім, білік, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Б) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін зерделей отырып, оқушылар бойына сүйіспеншілік, мейірімділік ұялатып, жануарларды қорғауға, аялауға, күтіп - бағуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Өсімдіктану, жануартану
Сабақтың түрі: БжС технологиясының БАЖ картасы бойынша
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қилы сұрау (Үй тапсырмасы бойынша)
3. Есте сақтау (Жаңа тақырып бойынша тірек
сөздерді салыстыру)
4. БАЖ картасы
5. Сын тұрғысынан сұрау (Жаңа тақырыптан)
6. Тақырыптық сөздік қор.
2. Қилы сұрау. (Үй тапсырмасы бойынша)
1. Көбеюдің биологиялық мәні неде?
2. Көбеюдің қандай жолдары бар?
3. Жыныссыз көбею деген не?
4. Жыныссыз көбею қандай ағзаларға тән?
5. Жынысты көбею деген не?
6. Жыныс жасушалары қалай аталады?
7. Аналық гамета мен аталық гамета қосылғанда, не түзіледі?
8. Зигота деген не?
9. Дара жынысты жануарлар дегеніміз не?
10. Мысал келтірші?
11. Гаметалардың екі түрі де бір жануардың өз ағзасында дамып жетілсе, онда ол қандай жануар?
12. Оларға мысал келтірші?
13. Көбелектің дернәсілін не деп атайды?
14. Толық түрленіп даму деген не?
15. Толық түрленіп дамудың сатылары қандай?
16. Шала түрленіп даму деген не?
17. Шала түрленіп дамудың сатылары қандай?
18. Түрленіп даму деген не?
19. Көбелек, қоңыз, шыбын, маса, ара қай тәсілмен дамиды?
20. Шегіртке, тарақан, инелік қай тәсілмен дамиды?
3. Есте сақтау. (Тірек сөздерді салыстыру)
1. Дара жыныстылар
2. Уылдырық
3. Сперматозоид
4. Шабақ, майшабақ
5. Итшабақ, шөмішбалық
6. Іштей ұрықтану
7. Ширақ балапан
8. Қызылшақа балапан
9. Ұрықжолдас
10. Буаздық
11. Жеке даму
12. Күрделі құбылыс
13. Мінез - қылық
14. Тіршілік
4. БАЖ картасы
Белгілі
Балықтар, қосмекенділер, дара жыныстылар, сперматозоид, ұрық, дернәсіл, жорғалаушылар, құстар, жұмыртқа, ақ уыз, сары уыз, көпжасушалы, микроскоп, кіндік, оттегі, көмір қышқыл газы, зәршығару мүшелері, хайуанаттар бағы
Арнайы
2, 5 айдай, 3айдай, 2 жыл 8 айда, 0, 2 мм, 18 күн, 150 күн, 600 күндей, 20 жылдай, 46 жылдай, 43 жылдай, 70 - 80 жылдай, 30 - 50 жылдай, 15 жылдай, 10 - 12 жылдай, 5 - 7 жылдай
Жаңа
Уылдырық, теңізден тұщы сулы өзенге, шабақ, шөмішбалық, іштейұрықтану, ширақ балапан шығаратын құстар, қызылшақа балапан шығаратын құстар, жатыр, ұрықжолдас, буаздық, жеке даму.
5. Сын тұрғысынан сұрау. (Жаңа тақырыптан) (иә, жоқ )
1. Балықтар, қосмекенділер бұлар - қос жыныстылар. Ж
2. Аналық безде уылдырық, аталық безде уылдырық пісіп - жетіледі. Ж
3. Балықтар уылдырықтарын суға жеке - жеке шашады. Ж
4. Уылдырыққа аталық балықтар сперматозоидтарын төгеді. И
5. Дернәсіл уылдырықтағы қоректік заттармен қоректенеді. И
6. Балық дернәсілі итшабақ деп аталады. Ж
7. Шөмішбалық бақаның дернәсілі. И
8. Жорғалаушылар жұмыртқасын өзінің дене қызуымен басып
шығарады. Ж
9. Тауық пен үйректің балапандары жұмыртқадан көзі ашылмаған, мамығы жетілмеген, дәрменсіз күйде шығады. Ж
10. Торғай, қарлығаш, бүркіт, қыран бұлар - қызылшақа балапан шығаратын құстар деп аталады. И
11. Кесіртке, жылан, тасбақа ұрпақтарына қамқорлық жасап, баулып өсіреді. Ж
12. Ұрықтың ана ағзасымен байланысын қамтамасыз ететін мүше - ұрықжолдас. И
13. Ұрық ұрықжолдасқа кіндік арқылы байланысады. И
14. Кіндікті қан тамырлары торлайды. И
15. Қан тамырлар арқылы ұрық ана қанындағы зиянды заттармен, көмірқышқыл газымен қамтамасыз етіледі. Ж
16. Сүтқоректілердің барлығында ұрықтың жатырда даму ұзақтығы бірдей. Ж
17. Ұрықты құрсақта көтеру кезеңі буаздық деп аталады. И
18. Піл баласын 18 күндей көтереді. Ж
19. Тіршілік ету өте күрделі құбылыс. И
6. Тақырыптық сөздік қор. (63 сөз)
Бағалау.
Үйге тапсырма: §48 мазмұндауға. Біліміңді сына.
§49 алдын - ала оқуға.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Онтогенездің генетикалық механизмдері

Онтогенездің генетикалық механизмдері

Онтогенездің генетикалық механизмдері туралы теориядан алған білімдерін тереңдету. ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу....
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.Жылдық тір ...

Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.Жылдық тір ...

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы...
Жануарлар қалай өсіп-өнеді?

Жануарлар қалай өсіп-өнеді?

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ Бастауыш сынып мұғалімі Имашева Венера Жоломановна...
Бунақденелілердің дамуы

Бунақденелілердің дамуы

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна...
«Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»

«Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»

Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Тақырып: «Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×