Сайтқа кіру Тіркелу

Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интеллектуалды қабілеттерін дамыту; Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;
Сабақтың негізгі идеясы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау,, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету талантты және дарынды балаларды оқыту, АҚТ - ны пайдалану
Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген көрнекі кестелер; интерактивті тақта..
Сабақ типі: Аралас.
Іс - әрекет түрлері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек - сызбанұсқаларын құру,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды топқа бөлу; ( 1, 2, 3, 4 сандары бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу)
Тренинг «Өзіңді және басқаларды тану»
1. «Бағалайтын қолшатыр»
- Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына көршіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз. Неше сым сонша сөз болу керек.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Ι. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
а\ Жаңа сөздерді еске түсіріп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Әр сөз 1 ұпай.
б\Енді осы жазған сөздеріңізге анықтама беріңіздер. Әр жауапқа 1 ұпай
1\Нейрон – жүйке жасушасы
2\Аксон – нейронның ұзын өсіндісі
3\Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі
4\Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары
5\ Сұр заты – нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды
6\Ақ зат – май қабығымен қапталған ұзын өсінділер
7\Сезімтал нейрондар – орталыққа тепкіш
8\Қимыл – қозғалыс нейрондар - орталықтан тепкіш
9\Аралық нейрондар – өткізгіш
10\Синапс – нейронның бұлшық ет талшығымен түйісуі
11\Медиатор – химиялық зат
12\Биоэлектрлік ток – жүйке талшықтары бойынша 0, 5 - 120 м\с - ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері
13\Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын, сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы
14\Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол
15\Тізе рефлексі – ең қарапайым рефлекс
Барлығы: 15*3= 30 ұпай

Биологиялық диктант (Ұжымдық жұмыс) (Интерактивті тақтада орындау)
1. Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр затын) құрайды.
2. Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар (ақ затты) түзеді.
3. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын – (рецепторлар) құрайды.
4. Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.
5. Жүйке жасушалары: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.
Сұрақтар:
1. Нейрон дегеніміз не?
2. Қандай жүйке жасушасын сезімтал нейрон дейді?
3. Қозғалтқыш нейрондардың қызметі қандай?
4. Аралық нейрондар жүйке импульсін өткізуде қандай рөл атқарады?
5. Жүйке импульстері қалай бір жүйке жасушасынан екіншісіне беріледі?
6. Рефлекс дегеніміз не?
7. Рефлекс доғасы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Жүйке жүйесі
• Орталық
- ми
- жұлын
• Шеткі
- соматикалық
- вегетативті
- симпатикалық
- парасимпатикалық
Мағынаны тану
Жақсы меңгерген топқа 10 ұпайдан
Жоспары
а\Сыныпты топқа бөлу. Барлық оқушыға мозайка бөліктерін үлестіріп, сәйкестерін табу арқылы топқа бөліну.
б\ « Ой ашар»
в\Өздіктерінен тақырыпты меңгеру. Диалогпен оқыту
IV. Жаңа тақырыпты меңгерту;
Сыныпты топқа бөлу: Топтарға тапсырма беру:
І топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды табыңыздар) ІІ топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау) ІІІ топ. Ізденуші топ. «Жұлынның құрылысы» (оқулықтағы 27 - 26 суретті талдау, қосымша мәліметтермен жұмыс) IV топ: Сұрақ қоюшы топ. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру )
Талантты оқушылармен жұмыс: Ойланып жауап беріңдер(жеке ойлану – жұпта бөлісу – топта жинақтау – ұжымда ортаға салу) Сұрақ: Жұлынның артқы түбірлері зақымданғанда адам өзін қалай сезінеді? Алдыңғы түбірлері зақымданса ше? Жұлын жарақатының салдары қандай?
VI. Қорытындылау:
кестені толтыру; (Ұжымдық жұмыс)
Жүйке жүйесінің бөлімі немесе оның бөлігі Құрылысы мен атқаратын қызметі
Ми
Жұлын
Шеткі жүйке жүйесі
Сұр зат
Ақ зат
Жұлын түбірлері
Аралас жұлын жүйкелері
Жеке оқушылармен жұмыс.
Сәйкестігін тап:
1. Тізе жазу рефлексінің орталығы -..............
2. Қозғалғыш нейрондардың ұзын өсінділері -..................
3. Нейрон денелерінің шоғырлануы -....................
4. Сезімтал тамыршалар -............................
5. Миға импульстер береді -.........................
6. Мидан бағытталған импульстерді өткізеді -.........................
7. Нейрон өсінділерінің шоғыры -...............................
Кітаптағы(50 бет) сәйкестік тестісімен жұмыс.(жеке жұмыс)
Нейрондар қызметі Нейрон түрлері
1. Тітіркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді. а) сезімтал
ә) аралық
б) қозғалтқыш
2. Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерін беруді жүзеге асырады.
3. Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады.
4. Жүйке импульстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы мүшелерге береді.
Сәйкес жауаптарды жазыңдар
1 2 3 4

VII. Рефлексия
Сабақтың маған әсер еткен тұсы Оған менің көзқарасым

VIII. Үй тапсырмасы. §13 мәтінін оқып - білу, Терминдерге анықтама жазу, жаттау
Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау
XI. Бағалау: Оқыту үшін бағалау; «Екі жұлдыз, бір тілек» (Сабақтың басында оқушыларға кесте таратылып беріледі, өздері орындаған тапсырманы белгілеп отырады. Сабақ соңында мұғалімге тапсырады, мұғалім осыны ескере отырып жиынтық баға қояды)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке...
Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Дәм сезу мүшесінің құрылысы - Дәм сезу рецепторлары - Дәм бүртіктері - Жүйке талшықтары...
Ми. Мидың бөлімдері олардың құрылысы мен қызметі

Ми. Мидың бөлімдері олардың құрылысы мен қызметі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Б. Бегалиев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Нсанова Гүлсім...
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы...
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақ мектеп - гимназиясының биология пәнінің мұғалімі: Оспанова Асемгуль Ерсаиновна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×