Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жапырақ

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Жапырақтың сыртқы құрылысы, жүйкеленуі, пішіні, түрлері
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға жапырақ құрылысы, түрлері, жүйкеленуі, пішіні, өсуімен таныстыра отырып, жай және күрделі жапырақтардың айырмашылықтарын, жапырақтың ең негізгі қызметтері туралы білімдерін жинақтау, тереңдете білім беру.
Дамытушылық: Қосымша мәліметтер арқылы, жапырақтың құрылысын, оның қандай түрлері болатындығына көз жеткізу, өз бетінше жұмыстануға арналған тапсырмаларды орындай білуді баулу.
Тәрбиелік: Табиғаттың ең басты сұлулығы, жапырақты, саналы түрде оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың түрі Білім - біліктілікті қалыптастыру, аралас.
Сабақты өткізу әдісі: тірек сызба, сұрақ - жауап, сөз жұмбақ, бірлесіп оқу, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнеліктер Слайдтар(қосымша мәліметтер), электрондық оқулықтар, кеппешөптер, видео сюжеттер, тірек - сызбалар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, ағылшын, орыс тілі, тарих
Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Сәйкестендіру (ерекшеліктеріне байланысты)
I тамыр сабақ
II түйнек
III пиязшық
1 кебу, жарғақ тәрізді қабыршақтары ішкі бөліктерді қорғайды.
2сыртында жапырақ іздері болады.
3 Ұшында бүршік болады
4 төбе және қолтық бүршіктері болады
5 жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті
6 жарық түссе, түйнек дереу жасыл түске боялады
7 жемісі - құрғақ жаңғақша
8 бүршіктері кезектесіп орналасады, одан өркен дамиды.
9 буын және буын аралығынан тұраы
10 жапырақ көзшесі мен бүршіктері төбе жағында жиірек орналасады
11 түрі өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркен
12 бүршіктен дамиды
II. «Т» кестесі
Түйнек Тамыр
III. Суретпен жұмыс
1. Суретте қандай бүршік бейнеленген?
2. Мына суретте қайсысы түрі өзгерген өркен емес?
Жаңа сабақ:
Қызығушылықт ы ояту
Отырғанда – жасыл,
Түскенде – сары,
Жатқанда – қара.
Бұл не? (жапырақ) – листья - levaes
Қара сандық құпиясы.
Бұл өсімдік ғылым мен өнер құдайы Аполон құрметіне арналған. Ежелгі Грецияда олимпиада жеңімпаздарына суретші, ғалым әртістерді марапаттаған. «Лауреат» сөзі қандай өсімдіктің атын білдіреді?(лавр)
Өсімдік жапырағын зертей келе архитекторлар «бүктесінді конструкция» құрылыс түрін тапты. Өсімдік жапырағының қырлы, желпеуіш тәрізді түрлері болады. Тәжірибе: аумағы бірдей екі парақ қағаз алып, оның біреуін жазық қалпында қалдырып, ал екіншісін қатарлап бүктейік. Осы екі парақты екі таянышқа қойғанда қайсысы майыспай, түзу қалпын сақтайды? Әрине, қатарлап бүктелген парақ орнықты болады.
Мағынаны тану.
§16 Жапырақ.
С. Жапырақ туралы не білеміз? (мәтінмен жұмыс)
Жапырақ – өсімдіктің жасыл желегі, ең қажетті мүшесі. Көктемде өсімдіктер бүршік жарғанда оның сыртындағы қабыршақтары түсіп қалады. Жапырақтың өсуі алдымен ұшынан басталып, содан соң негізгі (түбі), ең соңында сабағы өседі. Жапырақтың мөлшері белгілі шегіне жеткенде өсуі тоқтатылады. Ағаштар мен бұталар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағының тіршілік ету ұзақтығы 4 - 5 ай ғана. Мәңгі жасыл болып тұратын қарағай, шырша, 2 - 5 жыл, кей түрлерінде 15 жыл тіршілік ететіндері де бар.
С. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
1. Органикалық зат түзеді (фотосинтез)
2. Көбеюге қатысады.
3. Артық суды буландырады.(устьица арқылы)
4. Газ алмасу.
5. Қоректік заттар қорға жиналады.
С. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
Жапырақ тірі ағзаларда асыраңшы. Ол тірі ағзаларға қорек болып саналады. Жапырақ СО₂, Н₂О пайдаланып, хлорофилінде қант (глюкоза) түзеді. Глюкозаның біраз бөлігі крахмалға айналып, жапырақта сақталады. Ары қарай крахмал қайта глюкозаға айналып, сабақ пен тамырға қарай қозғалады.
Фотосинтез – хлорофилде жүреді. Күн сәулесін пайдаланады.
Жапырақ – негізінен қыстырмалы және төбелік милистемалар арқылы өседі.
Жапырақтың құрылысы
Сыртқы Ішкі
Сағақ Тақта Өң Ортаңғы бөлік
Сағақты Жай Күрделі Астыңғы Үстіңгі Бағаналы Борпылдақ
Сағақсыз
Сөздікпен жұмыс.
Филотаксис – сабақта жапырақтың ретпен орналасуы.
Бөбешік жапырақ (прилистник) - өте кішкентай жапырақтың негізгі бөлігінің қосалқы бөлшегі.
Меристема – өзіне тән морфологиялық ерекшелігі бар, түзуші ұлпалар.
Гетерофилия – көп өсімдіктердегі әртүрлі жапырақтың болуы. Мысалы: Су сарғалдағы
Жүйкелену – өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
Қынап – жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылуы.
Жапырақ тақтасының пішіндері қандай?
Бүйрек тәрізді
Жебе тәрізді
Ромб тәрізді
Жүрек тәрізді
Ине тәрізді
Найза тәрізді
Дөңес тәрізді
Күрделі жапырақтың қандай түрлері бар?
Үш құлақты
Саусақ салалы
Жұп қауырсын тәрізді
Тақ қауырсын тәрізді
Жүйкелену неше түрге бөлінеді?
Қауырсын тәрізді торлы (емен)
Саусақ салалы (бегония)
Параллель (бидай)
Доға (жолжелкен)
Жапырақ сабаққа қалай орналасады?
Кезектесіп ( 1 жапырақтың 2шісінің үстін көлеңкелемейді, фотосинтез)
Қарама - қарсы ( сабақтың әрбірбуында 2ші жапырақтың шығуы)
Топтанып (сабақтың әр буынында үш немесе көп жапырақ шығады(
Факторлар өсімдік түрі, тұқым қуалаушылық, жарық түсуі. Жапырақтардың орналасу формуласы - 2/5 болса, бір спирал сабақты екі айналым жасайды да, онда бес жапырақ орналасады.
Жапырақтың сабаққа орналасуын математикадағы дұрыс қатар заңдылығы бойынша, сабақты - конус проекциясы деп есептесек, жалпақтауы шиыршықталып оның нүктелеріне жапырақты қондырамыз. Мыс,,, жүзім жапырағы формуласы ½( 180 бұрыш жасап қиылысады
Қосымша деректерге кезек берелік Ет жегіш жапырақтар (шықшөп (росянка - Қазақстанда теңге жапырақты өседі. Ол батпақты жерде өседі. Оның жапырақ пішіні дөңгелек, үстіңгі беті мен жиектерін қалың түк басқан. Түктерінің ұшы домалақ, қызыл түсті, созылмалы, жабысқақ сұйықтық бөледі. Жапыраққа қонған жәндік кері ұша алмай, түкке жабысып қалады. Жапырағы жабылғанда ішінде қалған жәндік жабысқақ сұйықтықта қорытылады.(3 айда - 2 мың бунақденеліерді жейді(
Жапырақты техникаға пайдалану - Д/Жең алып жапырақ - виктория регия өсімдігі жапырағы су бетінде қалқып тұрады, оның жапырақ тақтасы ересек адамды көтереді, себебі жүйкелері тығыз орналасқан, оны жылыжайларға әйнекпен жасалған төбеге қолданылады, ол жеңіл, әрі мықты, сәнді болып көрінеді.
Алып жапырақ - Бразилияда жапырағы алып, ерекше пальма ағашы өседі. Оның жапырағы ұзындығы - 22м, ал жапырағының ені - 12м ге жетеді. Мұндай алып жапырақтың астында жауын жауған кезде 10 адам еркін сыйып тұрады.
Шағатын жапырақтар - Қазақстанда қалақайдың 3 түрі өседі, оның жапырағы емес, сабағы да шағады, себебі жапырағы күйдіргіш түктер болады, күйдіргіш түктерде сұйықтыққа толы атқыш жасушалар бар. Сұйықтың құрамында құмырсқа қышқылы тағы басқа заттар бар. Абайсызда адам қолы тиіп кетсе, теріні жарақаттайды, қышыма төмпешіктер пайда болады.
Діңінде 2 ғана жапырақ болатын ағаш
Вельвичия -(отаны Африка) ағашында екі жапырақ шығарады. Оның биіктігі 30 см болады. Діңінің жуандығы 1м асады. Сүрегі өте мықты, әрі тығыз. Тіршілік ұзындығы - 1000 жыл. Жапырағы жалпақ, қалың, жылтыр, қырлы болып келеді. Жапырақ түсі - қоңырқай қызыл, жапырағын түсірмейді, ағашта сақталады.
Бұл өсімдік қалай аталады?
Жапырақсыз жүзгін - Қазақстандағы құмдар және құмды шөлді далада мекендейді. Бұталарының биіктігі 1 - 2 м, түсі қызғылтым, буынды бүгілмелі болады. Жапырағы ұсақ қабыршақты болады. Фотосинтез үрдісі 1 жылдық бұтақтарында жүреді
3. Толғаныс. Электрондық оқулықпен жұмыс.
«Биологиялық қатені тап»
Дымбілместің Жұлдызшаға жазған хаты
- Мен әртүрлі жапырақты жинағанды ұнатамын. Өте әдемі үйеңкі жапырағы болып саналса, оның көп жапырақ тақтасы бар. Осындай жапырақ құлпынай жапырағында да орналасқан. Бұл жапырақтар күрделі жапырақ деп аталады. Жапырақтың жүйкеленуінің өзі қызық, онда 10 - ға жүйкеленуіге тарамдалған. Мысалы.. Сиреньнің жапырағы - доғалы, май інжугүлі жапырағы - параллель, ал алма жапырағы – тор жүйкелі болып саналады. Сонымен қатар, мен оның құрылысын микроскоп арқылы көргенді ұнатамын.
Жұмбақ сұрақ: 1. Өсімдікдіктің қай мүшесін»жасыл асхана» дейді?
2. Күзде жапырақ қызғылт, күлгін болуы неліктен?
Бекіту:
1 Күрделі жапырақ жапырақшаларының орналасуына қарай неше топқа бөлінеді:
а) 1
ә) 3
б) 4
в) 2
2) Өсімдіктің өсу мүшесі
а) сабақ
ә) тамыр
б) жапырақ
в) өркен
3) Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болатын орналысы
а) кезектесе
ә) топтана
б) қарама - қарсы
в) салалы.
4) Жапырақ тақтасының пішіндері нешеу
а) 3
ә) 4
б) 5
в) 6
5) Қандай өсімдік жапырақтары параллель жүйкеленуі
а) үйеңкі, бегония
ә) бидай, жүгері
б) тал, терек
в) інжүгүл, жолжелкен.
Сөзжұмбақ. Жапырақ.
Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
Бір ғана тақтасы бар жапырақ.
Жүйкелердің жапырақ ұшына дейін қатарласа созылуы.
Жасушалары тығыз орналаспай, арасында кеңістігі бар жасуша пішіні.
Бір сағатқа, 2 я одан да көп майда жапырақшасы болатын жапырақ.
Өсімдіктің өсу мүшесі.
Жапырақ тақтасының негізі.
Ж Ү Й К Е Л Е Н У
Ж А Й
П А Р А Л Л Е Л Ь
Б О Р П Ы Л Д А У Ы Қ
К Ү Р Д Е Л І
Ж А П Ы Р А Қ
Қ Ы Н А П
Қорытынды.
Жердің көркі - жасыл әлем саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы,
Қиын - қыстау күн түссе егер басыңа,
Жапырағын көлеңке етіп жаяды.
Жел соқса әнге басып тербетіле,
Жарасып тұр табиғат келбетіде.
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде. Сәнтүзеп, көрік берсін Жер бетінде.
Жасыл желек - табиғат көркі, 4ағаштан бөлінген ауа, 3адамға жетеді.
Бағалау
Үйге тапсырма: Престли тәжірбиесі (Жылына өсімдіктер 400млд. т О2бөледі, 600млд. тСО2сіңіреді, 450млд. т органикалық зат түзеді. Осы тәжірбиелер туралы не айтуға болады?
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету