Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Сорт туралы ұғым

Ашық сабақтың тақырыбын
«Агрономия және шарап жасау технологиясы» пәндер
кафедрасының мәжілісінде қаралып мақұлданған.
Кафедра меңгерушісі: Аханов Д. Д.

Сабақтың тақырыбы: Сорт туралы ұғым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сорттардың пайда болуы, сорттардың түрлері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Ұжымдық жұмыс орындай білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өздігінен ойлау, өз жетістіктерін сезінуді үйрету. Сорттардың түрлері бойынша оқушылардың ойын дамыту.
Тәрбиелік: Алған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге, ғылымға қызығушылықтарын ояту, өз білімін ізденуге дағдыландыру. Оқушыларды жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «5» алғың келсе ойыны, «Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Сұрақ жауап, талдау, анықтау, жылдам ойлануға, деңгейлік тапсырмалар орындай білу әдістері.
Пән аралық байланысы: биология, валеология.
Сабақты өту жоспары:
I. кезең. Ұйымдастыру.
II. кезең. Өтілген тақырыпты пысықтау.
III. кезең. Жаңа материалды түсіндіру.
IV. кезең. Білімдерін бағалау.
V. кезең. Үй тапсырмасын беру.
VI. кезең. Сабақты аяқтау. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу.
II. Өтілген тақырыпты пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұрау тексеру.
«5» алғың келсе ойыны.
«5» алғысы келсе жәшіктен оқушылар сұрақтар алып, 1 мин ішінде жауап беру керек.
1. Селекция ғылымы нені зерттейді?
2. Тұқым дегеніміз не?
3. Сорт дегеніміз не?
4. Селекция не мағынаны білдіреді?
5. Селекцияның теориялық негізін қалаған кім?

«Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны.
Шарты. Кубиктің алты жағына өсімдіктің өсімді мүшелері мен көбею тәсілдері көрсетілген. Оқушылар кубикті лақтыру арқылы түскен көбею жолын сипаттап, мысалдар арқылы түсіндіреді.

III. кезең. Жаңа материалды түсіндіру.
Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір - бірінен айырмашылығын білу маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде «форма» және «сорт» бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.
Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.

Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:
1) Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.
2) Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық - биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.
3) Сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ - климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.
4) Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.
5) Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды атайды. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.

Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық - биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт – популяция, линиялық сорт, сорт - клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.
Сорт – популяция айқас және өзін - өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қуалаушылығы жағынан біркелкі емес.
Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт – біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады.
Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда. Біркелкі болмайды. Кейде оларды қайтасұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың – Алматинская полукарликовая, Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАХС - 18, Лютесценс - 41, Бота; Жаздық жұмсақ бидайдың Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай, арпаның Сәуле, Жұлдыз, Арна сорттары. Жүгерінің Сарыарқа 150, будан 237В, Целинный 160 СВ, Алатау 107 ТВ, Казахстанский 587 СВ будандары жатады.
Сорт - клондар өсімдіктердің вегативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт - клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.

Сабақты пысықтау. Таблицаны толтыру.

сорт – популяция линиялық сорт сорт - клон буданнан шыққан сорт мутант сорты
Қорытындылау.
Не білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Білімдерін бағалау. Үй тапсырмасын беру.
Сабақты аяқтау. Осымен сабағымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Сорт туралы ұғым
Ұқсас жаңалықтар:
Генетика мен селекция

Генетика мен селекция

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып,...
Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы

Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...
Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі

Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...
Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...
Тұқым және жеміс

Тұқым және жеміс

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс. Сабақтың мақсаты: Білімділік:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету