Сайтқа кіру Тіркелу

Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы

Тапсырмалар
Блум таксономиясы
Білу деңгейі Ауызша сұрақтарға жауап беру:
1) Генетика ғылымының негізін салушы ғалым?
2) Мендель еңбектері мен өмірбаяны.
3) Мендель зерттеу объектісіне неге асбұршақ таңдап алды?
4) Мендельдің неше заңы бар?
Түсіну деңгейі
Қолдану деңгейі
Талдау деңгейі
Жинақтау деңгейі
Бағалау деңгейі
І топ тапсырмалары
1 - тапсырма. Сәйкесін анықта.
1. Генетика а. Тұқымқуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік
2. Тұқымқуалаушылық ә. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді
3. Ген б. Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі
4. Аллельді гендер в. Жыныс жасушасы
5. Гамета г. Бір жұп белгілердің немесе қарама қарсы белгілердің дамуын анықтайтын гендер
2 - тапсырма Таңбалар аттарын атау 1мин
Р - Х - Марстың қалқаны -
Г - F - Венераның айнасы -
ІІ топ тапсырмалары
1 тапсырма
1. Гетерозиготалы а. Гетерозигота күйінде көріне алмайтын тұқымқуалайтын белгі
2. Фенотип ә. Жыныс жасушаларынан басқа хромосомалар
3. Рецессивті б. Өз түріне тән клеткадағы тақ хромосома жиынтығы
4. Аутосомды в. Тұқымқуалайтын белгілердің сырт көрінісі
5. Гаплоидты г. Әр түрлі аллельді гендері бар зигота

ІІІ топ тапсырмалары

1 тапсырма
1. Доминантты а. Клеткадағы қосарланған хромосомалар жиынтығы
2. Өзгергіштік ә. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы
3. Хромосома б. Жасуша ядросында тұрақты болатын органоид
4. Диплоидты в. Тұқымқуалауда ұрпағында жаңа белгінің қалыптасуы
5. Зигота г. Белгінің басымдылық көрсетуі
IV топ тапсырмалары
1 тапсырма
1. Гомозиготалы а. Бір белгісі бойынша будандастыру
2. Гибридологиялық әдіс ә. Екі жұп қарама қарсы белгілері бойынша будандастыру
3. Моногибридті будандастыру б. Бірдей аллельді гендері бар организмдерді айтады
4. Дигибридті будандастыру в. Дене клеткаларындағы пішіні, мөлшері ұқсас жұп хромосомалар
5. Гомологті хромосомалар г. в. Бір бірінен айырмасы анық көрінетін организмдерді будандастыру

Мендель заңына есептер шығару
1 - есеп. 1мин
Гомозиготалы қара қоянды ақ қоянмен будандастырғанда ұрпағында тек қара қоянның пайда болуы. Бұл қай заңға негізделген?
2 - есеп. 1мин
Гетерозиготалы қара қоянды өзі сияқты қоянмен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады? Бұл қай заңға негізделген?
3 - есеп.
Бидайдың аласа бойын анықтайтын ген (А) қалыпты бойын анықтайтын генге (а) доминантты. Аласа бойлы гомозиготалы бидайды қалыпты бойлы бидаймен және гетерозиготалы аласа бидайларды өзара будандастырғанда ұрпағының фенотипі мен генотипін анықтаңыз.
4 - есеп. Құндыздың кохинурлы (арқасы қара жолды, ақ тері) түсі ақ құндызды қаралармен будандастырғанда пайда болады. Ал ақ құндыздарды өзара будандастырса ақ, қоңыр құндыздардан қоңыр ұрпақ алынады. Егер кохинур құндыздарды өзара будандастырса қандай ұрпақ береді? а) Ал кохинурларды ақ құндызбен будандастырса қандай ұрпақ болмақ?
Гендердің тіркесіп тұқымқуалауын сурет бойынша талдау.
Сұрақтарға жауап беру
1) Қандай аурулар жыныспен тіркес тұқым қуалайды?
2) Не себепті тіркесу бұзылады?
3) Тіркесіп тұқымқуалау дегеніміз не?
4) Морганнның негізгі қағидалары қандай?
Тест сұрақтары
1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
а) бір в) екі с) үш
2. Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?
а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен
3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану
4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?
а) екі в) үш с) төрт
5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?
а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік
6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?
а) екі в) үш с) төрт
7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар
8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?
а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау
9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?
а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт
10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?
а) ген в) доминантты с) рецессивті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Генетикалық есептер шығару

Генетикалық есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға генетикалық есептер шығару жолдарымен толығырақ таныстыру....
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...

Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...

Комплементарлық деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы,...
Генетика мен селекция

Генетика мен селекция

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып,...
Жыныс генетикасы

Жыныс генетикасы

Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының заңдылықтарын ұғынуға, ата тектің қасиеттерінің берілуі жөнінде...
Мендельдің заңдылықтарына есептер шыгару

Мендельдің заңдылықтарына есептер шыгару

Куспанова Жамила...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×