Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Сабақтың тақырыбы: Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Табиғи сұрыптау, тіршілік үшін күрес, яғни эволюцияның қозғаушы күші жөнінде түсіндіріп ұғымдарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Тірек - сызбамен жұмыс істей отырып жергілікті жер жануарлары мысалында эволюциялық күштер жөніндегі ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Батыл шешім қабылдауға, іскерлікке, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: Иллюстративтік - репродуктивті топтық, тірек сызбамен жұмыс. Үлестірме тапсырмалар.
Көрнекілігі: Ч. Дарвин портреті, тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа материалды түсіндіру
4. Бекіту сұрағы
5. Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңінен соң сыныпты 3 - топқа бөлу.
1 - топ К. Линней
2 - топ Ж. Ламарк
3 - топ Ч. Дарвин

І - кезең Әр топ ғалымдар еңбегімен таныстырады.
Карл Линней (1707 - 1778) – организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы, жаратылыстанушы. өсімдіктер мен жануарларды класқа, отрядқа, туысқа, түрге бөлуді де бірінші болып ұсынған. Биологияға 1000 - ға жуық терминдерді енгізген. Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрі мен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынды. «Табиғат жүйесі» атты еңбегі өте құнды болғандықтан 12 рет басылып шыққан.
Жан Батист Ламарк (1744 - 1829) – алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушы. Организмдердің бейімдеушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттеді. Бұл эволюциялық теорияның дамуына қосқан зор үлесі болып есептеледі. Ғылымға «биология» терминін алғаш енгізген ғалым. «Француз флорасы», «Зоология философиясы» және т. б. ірі еңбектер жазған.
Чарлз Роберт Дарвин (1809 - 1882) – органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыстанушы ғалымы. «Бигль» кемесімен 5 жылға созылған саяхатта жинаған деректері – зерттеулерінің негізгі арқауы болды. Өзгергіштік, сұрыптау, тіршілік үшін күрес эволюцияның негізгі факторы екендігін және адамның төменгі сатыдағы жануарлардан шыққандығын дәлелдеді. Органикалық дүние эволюциясының себептері мен заңдылықтарын ашты. Еңбектері: «Табиғи сұрыпталу», «Түрлердің шығуы», «Үй жануарлары», «Адамның шығу тегі», «Жыныстық сұрыпталу», «Құрттар» және т. б.
ІІ - кезең үй тапсырмасын сұрау
Лездік сұрақтар қойылады әр топқа.
К. Линней
1. Өсімдіктермен жануарларды қажетті белгілеріне қарай сұрыптап, іріктеп алуды Ч. Дарвин қалай атады? (ҚОЛДАН СҰРЫПТАУ)
2. Ч. Дарвин қолдан сұрыптаудың қандай түрлерін айқындар берді? (Санасыз, әдістемелік)
3. Ч. Дарвиннің 1868 жылы шыққан еңбегі қалай аталады? (Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктерінің өзгеруі)
4. Популяциядағы гендер жиынтығы қалай аталады? (Генофонд)

Ламарк
1. Қолдан сұрыптаудың ерекшелігін білу мақсатында Ч. Дарвин қай елдің ауыл шаруашылық практикасына көп көңіл бөлді? (Англия)
2. Санасыз сұрыптау дегеніміз не?
3. Ч. Дарвиннің 1859 жылы қандай еңбегі жарық көрді? (Түрлердің шығуы)
4. Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір бірімен еркін шағылысып, ұрпақ беретін, бір түрге жататын даралардың жиынтығы? (Популяция)

Дарвин.
1. Қолдан сұрыптаудың нәтижесі қандай? (Іріктеме, қолтұқым)
2. Әдістемелік сұрыптау дегеніміз не?
3. Ч. Дарвиннің 1871 жылы қандай еңбегі жарық көрді? (Адамның шығу тегі)
4. Кенеттен болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік қалай аталады? (Мутация)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Қолдан сұрыптау кезінде адам өзіне қажетті, пайдалы қасиеттері бар ұрпақтарды қалдырып, жарамсыздарын жойып реттейді. Ал бұл процесс табиғатта қалай жүзеге асады және табиғатта сұрыпталу бола ма? Табиғатта да ұдайы сұрыпталу болып жатады (1 - кесте). Барлық тірі организмдерге тән қасиет — тұқым қуалайтын өзгергіштік, сондықтан организмнің кез келген жұбы өздерінің артына ұрпақ қалдырады.
Ч. Дарвин өсімдіктер мен жануарлардың жабайы түрлерінде айқын емес (жеке) өзгергіштік басымырақ болатынын дәлелдеді.

1 - кесте
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың салыстырмалы кестесі
Қолдан сұрыптау
1. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды
2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады
3. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды
4. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.
5. Қолдан сұрыптаудың жағымсыз жақтары — пайда болған белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз.
6. Жана іріктемелер (өсімдіктерде) мен қол тұқым

Қолдан сұрыптау
1. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды
2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады
3. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды
4. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.
5. Қолдан сұрыптаудың жағымсыз жақтары — пайда болған белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз.
6. Жана іріктемелер (өсімдіктерде) мен қол тұқымдар (жануарларда) шығарылады. 1. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді.

Табиғи сұрыпталу
1. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді
2. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді.
3. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады.
4. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ.
5. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.
6. Қоршаған орта мен популяцияда тепе - теңдік сақталады.
7. Жаңа түрлер пайда болады.
Айқын емес өзгергіштік организмдер үшін пайдалы, бейтарап немесе зиянды екендігін анықтады. Табиғатта барлық даралар ұрпақ қалдыра ма? Пайдалы белгілері бар даралар қандай факторлардың әсерінен сақталып, қалғандары жойылады? Осы сұрақтарға нақты жауаптар табу үшін Ч. Дарвин организмдердің көбеюін талдады.
Барлық организмдер ұрпақ қалдыруға тырысады, сондықтан қарқынды түрде көбейе бастайды. Көкнар өсімдігінің бір қауашағының ішінде 2900 - ден 3000 - ға дейін немесе одан да көп тұқымдар жетіледі. Бір түп көкнарда 10 қауашақ дамыса, онда жыл сайын жерге 30000 тұқым шашылады. Дәл осындай мысалды жануарлардан да келтіруге болады. Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді, жыл сайын әрбіреуі 3 — 6 млн уылдырық шашады. Үй шыбынының біреуі 5 күнде 20 мың жұмыртқа салады. Құлмақ биті бір жазда 13 ұрпақ береді, әр ұрпаққа орта есеппен 100 жұмыртқа салады. Паразит құрттар күн сайын мыңдаған жұмыртқа бөледі. Мұндай қарқынды өсу ылғи бола бермейді, тек қолайлы жағдайға тап болғандары ғана өніп - өсіп тіршілігін жалғастырады. Түрлер неғұрлым көбірек қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, себебі қаркынды даму түрді сақтап қалудың "құралы". Сүтқоректілер мен құстардың 10 — 30%- ы ғана тірі қалады. Көп организмдер орта жағдайында орынның, қоректің, ылғалдың, жарықтың жетіспеуінен және жауына жем болудан қырылады.
Табиғи сұрыпталу — белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.
Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес жүреді. Егер арыстан шиебөрінің қорегін тартып алса, қорек үшін күрес жүреді; шөлді жердің шетінде өскен өсімдік құрғақшылыққа қарсы күреседі. Жыртқыш аңның (жолбарыс, арыстан) қорегі — шөпқоректі жануар, оны ұстап қорек етеді, ұстай алмаса аштықтан өзі өледі. Шөпқоректі жануарлар тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдіктермен қоректеніп, мыңдаған өсімдіктерді жояды. Одан басқа жәндіктер (насекомдар) мен жалаңаш шырыштар да өсімдікпен қоректенеді, бұлар құстарға жем болады. Майда құстармен жыртқыштар қоректенеді. Осындай күрделі өзара байланысты Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес деп атады.
Тіршілік үшін күрес — қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым - қатынастың жиынтығы.
Тіршілік үшін күрестің түрлері. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 түрін анықтады.
1. Түраралык күрес.
2. Түрішілік күрес.
3. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес.
Түраралық күрес — бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес:
а) жыртқыштың жағдайдағы бәсекелестік — қасқыр мен түлкінің аулайтыны қоян болғандықтан, қасқыр мен түлкінің арасында қорек үшін бәсекелестік туады. Қасқыр мен қоян, түлкі мен қоянның арасында тіршілік үшін күрес жүреді. Әрбір жыртқыш басқа жануардың арқасында тіршілік етеді. Бірі — жыртқыш тісімен, екіншісі — ұзын тырнағымен, үшіншісі — уымен жемтігін өлтіреді. Әр "түрге жататын өсімдіктер жарық, ылғал, қорек үшін бәсекелеседі. Топырақты жарып өніп шыққан өскіннің бәсекелестікте жеңгені ғана дамиды. Ол ересек өсімдікке айналып, көбею кезеңіне жетіп ұрпақ береді;
ә) паразиттік жағдайдағы бәсекелестік. Мысалдары ағаштары қалың болып өсетін ормандарда басқа өсімдіктерге оралып, сүйеніп өсетін өрмелегіш өсімдіктер (лианалар) (17 - сурет). Өрмелегіш сабақтары ұзын, жіңішке, әлсіз болғандықтан ағаштардың діңіне жылан тәрізді оралып, жыл сайын ұзарып өсе береді. Ең ұшына жеткенде қасындағы екінші ағашқа жабысып, өрмекшінің торындай айналасындағы ағаштарға шырмала береді. Ағашқа оралған сабақтар тұншықтырып, сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын тежейді. Ағаш қурап қалады. Өрмелегіш лианалар тіршілігін жалғастыра береді. Мұндай лианалар, әсіресе тропиктегі ормандарда өседі.
Екінші мысал: 1918 жылы Еуропа табиғат зерттеушісі Жозеф Арнольди тропикте өсетін дүние жүзіндегі ең үлкен гүл (диаметрі — 1м, салмағы — 14 кг) Раффлезия гүлін тапқан (18 - сурет).
Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы жіпшеге айналған, сондықтан гүлі ағаштың түбінде жатады. Ағаш шырынымен қоректеніп, ағашты зақымдап, өсірмей тастайды. Иісі шіріген еттің иісіндей болғандықтан шыбын, шіркей, қоңыздар арқылы тозаңданады.

ІҮ. Бекіту сұрағы.

1. Биологиялық диктант
2. Сәйкестендіру тесті
3. Түраралық күрес формаларына жататын жануарларды топтастыру
4. Оқулықпен жұмыс

Ү. Қорытынды. Үйге тапсырма $ 12
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділі ...

Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділі ...

Тіршілік үшін күрестің түрлерімен және олардың жануарлары мен өсімдіктердің арасындағы әртүрлі бағыттарда жүретінін түсіндіру. Оқушыларды жұптасып,...
Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы (күнделікті сабақ жоспары ...

Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы (күнделікті сабақ жоспары ...

Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл...
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру...
Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

Сабақ міндеттері: Білімділік: Эволюция, оның бағыттары, ерекшеліктері, бейімделушілік және оның нәтижелері туралы түсінік қалыптастыруды қамтамасыз...

"Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Жанханова Тілекші Саясатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×