Сайтқа кіру Тіркелу

Астық тұқымдастары

Сабақтың тақырыбы:: §32 Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: Бидай, күріш, жүгері, арпа, т. б. бір сөзбен қалай аталады, олардың маңызы қандай?
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік - астық тұқымдастардың түрлерімен таныстыру. Күріш, құмай, бидайға анықтама беру. Атақты диханшыларға мәлімет беру.
2. Тәрбиелілік - еңбекқорлыққа, сыпайылыққа, шыдамдылыққа баулу.
3. Дамытушылық - Астық тұқымдастарына жататын барлық түрлердің құрылысын жақсы меңгерту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, құрал - жабдықтарын тексеру, ынып оқушыларын түгелдеу, оқушлар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады?
2. Бұлардың тұқымдары қалай таралады?
3. Пияз тұқымдастарының маңызы?
4. Басты пияздың пияз тұқымдастарына жатқызылуының қандай себебі бар?
5. Фитонцид деген не? Ол қандай өсімдіктер құрамына кіреді?
6. Інжугүлдің ерекшелігі туралы нені айтуға болды?
III. Жаңа сабақты меңгерту.
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер (10 - сызбанұсқа). Олардың 10 000 - ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгұл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3 - еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал - азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.

Екпе күріш - биіктігі 50 - 150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік. Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады. Гүлшоғыры - ұзындығы 10 - 40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6 - ау. Дәнегі - жұқа қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90 - 165 күнге созылады. Тұқымы +10 - 12оС - де өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі. Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Суды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9 - 12% нәруыз, 65 - 70% көмірсу және 4 - 6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштей алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Күріштің дәнегінен сабын мен шырақ дайындау үшін май алынады. Ал сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі - малға азық.

Астық тұқымдас біржылдық өсімдік.
Сабағының биіктігі - 100 - 300 см.
Жапырағы жалпақ, сырқы балауызды өңезбен қапталған.
Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл.
Отаны - Африка.
Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

Дүниежүзілік диқаншылықта әр гектардан 24 ц күріш тісім алса, Қазақстандықтар бұл межеден асып түсті. Қызықлорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорт жасады. Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақайев әр гектардан 174 центнерден күріш алды.
Дүниежүзілік диқаншылықта әр гектардан 24 ц күріш тісім алса, Қазақстандықтар бұл межеден асып түсті. Қызықлорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорт жасады. Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақайев әр гектардан 174 центнерден күріш алды.

IV. Бекіту сұрақтары.
1. Астық тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады?
2. Олардың басқа өсімдіктерден қандай ерекшеліктері бар?
3. Сабансабақ деген не?
4. Күріш қандай өсімдік?
5. Құмай қандай өсімдік?
6. Ыбырай Жақаев кім?
7. Шығанақ Берсиев туралы не білесіңдер?
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма
1. Тақырыпты оқу.
2. Ш. Берсиев және Ы. Жақаев жайында реферат жазу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×