Сайтқа кіру Тіркелу

Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарауын қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өсімдіктер, жоғары сатыдағы бөлімі туралы алған білімдерін тиянақтау.
Өсімдіктерді жүйелеуді, тұқымдастарды ажырата білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер

Түрі: Тарауды қорытындылау сабағы

Жүрісі:
1. Ұйымдастыру. (Оқушыларды орналастыру, бағалау бетшесін үлестіру сабаққа назар аударту)
2. Мұғалім тарау бойынша жоғары саты өсімдіктеріне шолу жасау.
3. Тапсырмалар орындау. (Тарау бойынша 3 бөлімнен тұратын ауызша,
жазбаша тапсырмалар беріледі)
4. 1 - бөлім: «Бұл қай тұқымдас» (10 тұқымдасқа сипаттамалар беріледі. Оны тыңдай отырып, бұл сипаттама қай тұқымдасқа жататынын анықтау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1. Көпшілігі арамшөп түрінде белгілі, біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. Кіндік тамырлы, көріксіз өте кең тараған, өкілдерінің бірі – ақ алабота. Бұл қандай тұқымдас?
(Алабота тұқымдасы)
2. Қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар - бақша өсімдіктері. Ұзын сағақты, жай жапырақты. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде кездеседі. Өкілдерінің бірі - қияр.
(Асқабақ тұқымдасы)
3. Бұл тұқымдастар өсімдіктері табиғатта ағаш, бұта, шөптекті болып келеді. Қазақстанда 18 түрі, 7 туысы бар. Жемісі - қауашақ, негізгі өкілі - мақта. (Құлқайыргүлділер тұқымдасы)
4. Ресейде 35 түрі өседі. Олар сәндік үшін, тағам үшін, дәрі алу үшін өсіреді. Жемісі әртүрлі. Қосжарнақты өкілдерінің бірі - итмұрын.
(Раушангүлділер тұқымдасы)
5. Қосжарнақты өсімдік. 12 мың түрі бар, оның 650-ге жуығы Қазақстанда өседі. Астық тұқымдасынан кейін көп таралған өсімдіктер тобы. Күлтесінің құрылысына қарай “желкен”, “ескек”, “қайықша” деген әртүрлі атаулары бар. Өкілінің бірі - жоңышқа.
(Бұршақ тұқымдасы)
6. Қосжарнақты өсімдік. 12 мың түрі бар, оның 650-ге жуығы Қазақстанда өседі. Астық тұқымдасынан кейін көп таралған өсімдіктер тобы. Күлтесінің құрылысына қарай “желкен”, “ескек”, “қайықша” деген әртүрлі атаулары бар. Өкілінің бірі - жоңышқа.
(Алқа тұқымдасы)
7. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің көп тараған тобы. Қазақстанда бұл тұқымдастың 700-ге жуық түрі өседі. Гүлшоғыры – бір гүлден мың гүлге дейін жинақталады. Өкілдерінің бірі - бақбақ. (Күрделігүлділер тұқымдасы)
8. Дара жарнақты, тамыры – тамырсабақ, түйнекті пиязшық, пиязшық. Ғаламшарымызда 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Шаруашылық, медициналық маңызы зор. Жемісі - қауашақ, кейде жидек. Өкілдерінің бірі - қазжуа.
(Лалагүл тұқымдасы)
9. Қосжарнақтылар класына жатады. Ғаламшарымызда 700-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 44 түрі өседі. Сәндік үшін өсіріледі, дәрі жасауға қолданады, ас әзірлейтін майда өндіріледі. Халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланатын өкілі – сүйелшөп.
(Көкнәр тұқымдасы)
10. Дара жарнақты. Бүкіл ғаламшарымызда таралған маңызды дақыл. 10 мыңға жуық түрі бар. Қазақстанда 418 түрі өседі. Көбі шөптекті, сүректі өкілі бамбук. Өсімдіктерінің сабағын – сабансабақ дейді. Жемісі – дәнек. (Астық тұқымдасы)
(Дұрыс жауаптарымен тексерілді)
2 - бөлім: «Ол кім?» (Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы еңбек
еткен кей ғалымдардың аты беріледі, сол арқылы ол қай елдің ғалымы
және нені анықтағанын табады)
Джон Рей кім?
И. Гедвиг кім?
Лука Гини кім?
Ж. П. Турнефор кім?
Бохен кім?
Ш. Берсиев кім?
Ы. Жақаев кім?
Н. И. Вавилов кім?
И. В. Мичурин кім?
Карл Линней кім?
(Дұрыс жауаптарымен тексеріледі)
1. Ағылшын жаратылыс зерттеушісі. 1628 - 1707жылы түрге анықтама берді.
Джон Рей
2. Неміс ботанигі ХVІІІ ғасырдың соңында мүктер туралы ғылым негізін
қалады. (И. Гедвиг )
3. Италия ғалымы ХVІІ ғасырдың басында өсімдіктерді кептіріп, ең алғаш
кеппеөсімдік жасады. (Лука Гини)
4. Француз ботанигі, туыс ұғымын қалыптастырып, 500 - ге жуық өсімдік
тұқымдастарын сипаттап жазды. (Ж. П. Турнефор )
5. Швейцариялық ботаник, ол картопқа 1596 жылы “соланум туберозум” деген ғылыми атау берді. (Бохен )
5. Әйгілі тары өсіруші. (Ш. Берсиев)
6. Күріш өндіруден дүниежүзілік рекорд жасаған қазақ. (Ы. Жақаев)
8. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын дәлелдеген.
(Н. И. Вавилов )
9. 1874 жылы жемісті дақылдарды сұрыптау жұмыстарын бастады.
(И. В. Мичурин)
10. Жүйелеуді енгізген және қосарлы атаутізімді енгізген ғалым.
( Карл Линней )

6. 3 - бөлім: «Сен білесің бе?» (Лездемелік сұрақтарға жауап, әр дұрыс
жауапқа 1 ұпай)
1. Мүкті зерттейтін ғылым. (Бриология)
2. Шымтезек мүгінің латынша атауы. (Сфагнум)
3. Мүктерде тамырдың рөлін атқарады. (Ризоид)
4. Плаунтәріздестердің кең тараған өкілі. (Шоқпарбас плаун)
5. Сабағында буындар мен буынаралықтары өте кең тараған өсімдік.
(Қырықбуын)
6. Қанда холестерин деңгейін жоятын, баспа, жүрек ауруларын емдеуге
қолданатын көкөністік дақыл. (Пияз)
7. Жемісінің құрамында дәрумендер өте көп алқа тұқымдас өсімдік.
( Қызанақ)
8. Қылқан жапырақтар деп аталатын өсімдіктер тобы. (Ашық тұқымдылар)
9. Ашық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі. (Бүр)
10. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделген өсімдік.
(Қырықжапырақтәріздестер)

Қорытындылау:
(Әр оқушы бағалау бетшесіндегі ұпай сандарын қосып, берілген бағалау шкаласы бойынша бағалайды)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×