Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қызықты саяхат

«Қызықты саяхат»- зияткерлік ойыны

Ұраны: «Жас күнің - білім іздеу, нақты дер шағың, халқыңның
ойлай берші оңар жағын»
мақсаты: алтыншы сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру; оқушылар өзіне - өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға, жетістігін сезе білуге,
өз бетімен іздене білуге дағдыландыру.

барысы: І. Ұйымдастыру сәті.
Оқушыларға ойынның мақсаты мен шарты түсіндіріледі. Оларды
топтарға бөледі.
ІІ. Саяхат барысында тоқталатын аялдамалар болады, сол аялдамалар
дағы тапсырмаларды орындай жүріп ұпайлар жинайсыңдар.

Аялдама «Зеректер елі»
шарты: берілген сұрақтарға жауап беру үшін белгі беріп үлгіру керек.
Сұрақтары:
1. Көлемі жағынан ең үлкен мұхит. (Тынық)
2. Жердің су қабығы. (гидросфера)
3. Хан батыры атағын алған батыр. (Қабанбай)
4. Түркі тайпаларының басшысы. (Қаған)
5. Өсімдік және жануар жасушасында кездесетін органоид. (ядро)
6. Абылайдың лақап аты. (Сабалақ)
7. Тірі ағзаларға қажетті газ. (оттегі)
8. Қазақстандағы ең биік тау шыңы. (Хан - Тәңірі)
9. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл өзені)
10. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. (Йод)

Аялдама «Тіл өнері»елі.

шарты: әр түрлі мақал - мәтелдерден, ақын ғұламалардың сөздерінен
6 сұрақ оқылады, бірден жауап беріп, оны орысшаға аудару.
1. Аузы жаман елді былғайды, ---- жаман төрді былғайды. (аяқ)
2. Құлагер шешең сұңқар, әкең тұлпар, Соғып ең дөненіңде ---- арқар. (8)
3. Кестенің сыры түрінде,--- сыры түгінде. (кілем)
4. Аузы жесе – ұялар. (көз)
5. Ел аш болса, тоқпын дегенің -----. (өтірік)
Аялдама «Жаратылыс» елі.
шарты: жұмбақтар оқылады, дұрыс жауаптарын таңдау керек.
1. Арғы тегі жағынан, Адамға жақын келетін.
Мәңгі жасыл орманда, Африкада өмір сүретін
Аса үлкен маймылды, Кім атайды айбынды? А) шимпанзе ә) горилла

2. Сирақтары сырықтай, Мойын деген құрықтай.
Шөк десең шөкпейді, Мойны жерге жетпейді. А) зебра ә) керік

3. Жер бетінің кескінін, Түрлі түспен көрсеткен,
Болса да өзі құрметті, Тиіпті орын ең шеттен. А) атлас ә) шартты белгі

4. Құмдары да теп - тегіс, Кең жазықтан әр түрлі.
Керегіңді көресің, Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың. А) карта ә) белгі

5. Сұм жүзді, құралай көзді, Киікше секіреді,
Бура санды, жолбарыс тонды. А) құрбақа ә) кесіртке

6. Адам мен жануардан бөлінеді,
Өсімдіктің торына ілінеді. А) көмірқышқыл газы ә) су

7. Аяғыңның астында жататын зат,
Тауға айналып та болып, қататын зат. А) ізбес ә) құм

8. Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. А) темір ә) алтын

Аялдама «Суретшілер» елі.
шарты: көзжұмбақ ойыны ойналады, берілген суреттің жоқ мүшесін
тауып, суретін салу. Бос ойыншылардан олардың сүйікті ісі (хобби) туралы қысқаша сұралады.
Қорытынды жасау, ұпайлар саны арқылы жеңген ойыншыны анықтау.
Әділ қазыларға сөз беру, марапаттау.


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету