Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Жоспары:

І. Кіріспе.
Қарағанды облысы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы;
2. Алапаттың зардабын аластатайық;
3. Қалдықтан алынатын өнім мол;
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Өлкеміздің экологиялық орталықтары;
2. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат - Кармет» АТАҚ (жылына 361, 5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138, 4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299, 4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96, 2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.

Қала маңына орналасқан ГРЭС - 1, N3 ЖЭО және Қаражал ЖЭО - ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1 - 3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут және радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200 - ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.

Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3, 4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2 - 2, 3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай - Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс - Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат - Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су - канал шаруашылығы басқармасы, «Қарағандырезинотехника» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.

Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып - тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі - жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі – кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс - тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі – қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия - 8, Тасарал).

Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы - бəрі бар.

Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.
Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.

«Өлкетану» электрондық каталогқа өлке экологиясы туралы 500 - ден астам жазулар енгізілген. Өлкетану бөлімі өлкенің табиғаты бойынша толық мəтінді құжаттарды құруға кірісті. Кітапхана оқырмандары «Қоршаған ортаны қорғау» атты тақырыптық папканы белсенді пайдаланады. Көрсеткіштің басты мақсаты қалың оқырмандар мен оқушылардың өз өлкесінің əсем табиғатын, қоршаған айналасын қорғауға шақыру, облыс жұртшылығына экологиялық білім мен тəрбие беру жəне əдебиеттермен таныстыру.

Қарағанды облысының экологиялық жағдайы туралы танысу үшін сіздерге Н. В. Гоголь атындағы ОҒƏК өлкетану бөлімінің кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне электрондық каталогтың негізінде жасалған осы көрсеткіштің материалдары көп көмек береді.
Көрсеткішті жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұғалімдер, студенттер, оқушылар қосымша құрал ретінде пайдалана алады.

Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы Жезқазған өңірі кең - байтақ еліміздің дәл орталығында орналасқан және республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы. Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек және шашыранды металдар өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мәдени аймақтар кен өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған.
Жезқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді.

Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрылысына байланысты. Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40 - 10 мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола дәуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген. Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын түсіну, топтық талқылауларға қатысып, өзіндік пікір қалыптастыра білу, бағалау арқылы өз білімінің деңгейін...
Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...
Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстанның өнеркәсіптері, көлік, ауыл шаруашылығы мен экологиялық проблемаларын жайлы білімдерін толықтыра түсу, алған...
Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған...
Қазіргі экологиялық жағдайлар

Қазіргі экологиялық жағдайлар

Астана қаласы, №63 орта мектебінің химия, биология пәні мұғалімі Музапарова Д. Б....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×