Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Генетикалық есептер шығару

10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға генетикалық есептер шығару жолдарымен толығырақ таныстыру.
2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру, есептер шығару арқылы білім - біліктігін дамыту.
3. Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: есептер шығару, сұрақ - жауап, СТО элементін пай - у..
Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, Жануартану,
Математика. шеттілі.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, есептер жинағы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Бекіту.
ІV Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу,.
ІІ. Қайталау сұрақтары:
Генетика дегеніміз қандай ғылым саласы?
Бұл терминді нешінші жылы қай ғалым ұсынды.
Тұқым қуалаушылық деген не?
3. Гиппократ тұқым қуалаушылықты қалай тұжырымдады?
Аристотель тұқым қуалаушылық туралы не айтты?
Ч. Дарвиннің пангенезис теориясы туалы не айтуға болады?
Г. Мендельдің алғаш еңбегі қалай аталады, оның маңызы неде?
Г. Мендельдің заңының дұрыстығын дәлелдейтін деректерді келтіріп баяндап бер.
8. Фенотип. Ген. Гетерозиготалы. Гомозиготалы. Аллельді ген. Доминатты. Рецессивті. Генотип. Гамета. Ғ1, Ғ2, Р ұғымдарына түсінік бер.

9. Мендельдің Біркелкілік заңын түсіндір.
Мендельдің Ажырау заңын түсіндіріп, белгілердің сандық қатынастарына тоқтал.
11. Гаматалардың тазалық ережесін қалай түсіндіруге болады?
Мендельдің толымсыз доминанттылық заңын мысалмен белгілердің сандық қатынасына көңіл бөле отырып түсіндір.
13. Талдау будандастыру не үшін қажет, нәтижесінде не білеміз?
Мендельдің тәуелсіз ажырау заңын түсіндір, белгілердің сандық қатынасын фенотипі және гентипі бойынша ажыратып бер.
10 – сынып. Генетика есептері. Монгибридтті будандастыру.

Тұқымның қара түсі бойынша гомозиготалы өсімдік ақ тұқымды өсімдікпен будандастырылған: сонда а) Ғ0 - де; ә) Ғ2 - де; б) Ғ1 - дегі өсімдіктерді оның тұқымы ақ ата - енесімен қайта будандастырылғанда, в) Ғ1 - дегі өсімдікті онын қара тұқымды ата - енесімен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптері қандай болады?
4. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ тұқымды өсімдікті тозаңымен тозандандырғанда жартысы қара, жартысы ақ түсті тұқымдар алынған. Аналық өсімдіктердің генотипін аныктау керек.

Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3/4 шамасында қара, 1/4 шамасында ақ тұқымдар берген. Ата - енелерінін, екеуінін, де генотиптерін анықтау керек.
Тұқымының түсі қара өсімдікті ақ тұқымды өсімдікпен будандастырғанда тек қара тұқымдар алынған. Сондай қара тұқымды Ғ1 - де алынған дараларды (особтарды) өзара будандастырғанда алынатын ұрпақтың тұқымдарының түстері қандай болады?
Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен тозандандырғанда 3/4 бөлігі қара және 1/4 бөлігі ақ тұқымдар алынған. Бастапқы өсімдіктердін генотипін аныктау керек.
Екі қара тұқымды өсімдіктерді будандастырғанда қара түсті тұқымдар алынған. Олардың ата - енелерінің генотиптерін анықтауға бола ма?
9. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ тұқымды өсімдікпен будандастырғанда қара түсті тұқымдар алынған. Аналық өсімдіктің. генотипін анықтауға бола ма?

Жеміс шыбыны дрозофилдің денесінің сұр түсі В, қара түсі в - ға қарағанда басым (доминантты). Екі сұр шыбынды будандастырғанда олардың ұрпағының түстері сұр болып шыққан. Аталық және енелік формалардың генотиптерін анықтауға бола ма?
Сұр шыбын мен қара шыбынды будандастырғанда барлық ұрпағының денелері сұр түсті болған. Сұр шыбынның, генотипін аныктау керек.
Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннін анықтайтыны белгілі. Ата - аналарының екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусакты балалардың тууы мүмкін бе? '
Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусакты ер адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балаларының генотипі мен фенотипі қандай болуы мүмкін?
Қызанақ (помидор) өсімдігінің, қалыпты ұзындығы А, қысқалығы а - ға қарағанда доминантты.
Сонда; а) егер ұзындығы бойынша осы аталған белгілердің ажырауының арақатынасы 1: 1 болғанда; б) 3: 1 қаты - қасындай болып ажырағанда өсімдіктердің генотиптері қандай болмақ?

Арпаның ерте пісетіні Р, кеш пісетіні р - ға қарағанда доминантты. Оның екі іріктемесін алып будандастырғанда ерте пісетін формалары кеш пісетіндерінен үш есе көп болған. Ата - енелік іріктемелердің генотипі мен фенотипін аныктау керек.
Адамда көздің кара түсі (К) көк түсіне (к) қараранда доминантты. Әкесінің көздері — көк, шешесінің көздері — қара, өзі қара көзді қыз әке - шешелерінің көздері қара, көк көзді жігітке тұрмысқа шыққан. Олардан қара көзді бала туған. Жоғарыда көрсетілген барлық адамдардың генотиптерін аныктау керек.
Ірі қараның қара түсті реңін анықтайтын ген кызыл түсті реңін аныктайтын генге қарағанда басым болып келеді. Таза тұқымды қара аталықпеп кқызыл аналық сиырлар будандастырылса, Ғ1 - де қандай ұрпақ алынады? Ондай гибридтерді өзара будандастырса, Ғ2 - де алынатын ұрпақтар қандай болады?
Қызыл аталықпен Ғ1 - де алынған сиырларды будандастырса, қандай бұзаулар туар еді?

Миоплегия доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Әкесі — сау, ал шешесі осы аурумен ауырған ге­терозиготалы отбасында ауру балалардың туу мүмкіндігі қандай болмақ?
Дені сау әйел, миоплегиямен ауыратын гомозиготалы ер адамға тұрмысқа шыққан. Бұл некеден қан­дай ұрпақ күтуге болады?
Жүгері тұқымының күңгірт түсі ашық түсінен басым. Гомозиготалы күңгірт тұқымды жүгеріні ашық тұқымды жүгерімен будандастырғанда алынатын ұрпақ тұқымдарының түстері қандай болады. Ғ1 - де алынған будан өсімдікті рецессивті гомозиготалы өсімдікпен қайта будандастырса, қандай нәтиже берер еді?
Сұлы өсімдігінің биік болуы рецессивті белгі. Егер алынған ұрпактың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын бойлы болса, олардың ата - енелерінің генотиптері туралы не айтуға болады? Осы белгі жөнінен барлық ұрпақтың біркелкі болып шығуы үшін сұлының қандай формаларын будандастыру керек?

ІV. Үйге 1.§36 - 39. қайталап оқу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету