Сайтқа кіру Тіркелу

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу»
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
7. 1. 5. 2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі
Тақырыптың маңызын түсіндіреді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік
Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс - тәсілдер
Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу
Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:
Бағалау түрлері

Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Суретке байланысты тілек» тренинг

Оқушыларды шеңберге шақыру, амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.
1 - топ
2 - топ
3 - топ

Суреттер
Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Өсімдіктердегі метаболизмнің соңғы өнімдері. Өсімдік ағзасында маңызды екі: тыныс алу және фотосинтез үдерістері жүретінін білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде пайдаланылады және керісінше. Жалпы бұл екі үдерісті қайтымды химиялық реакция түрінде былай көрсетуге болады:

Шын мәнінде бұлай емес! Фотосинтез «тыныс алуға керісінше» болып табылмайды. Фотосинтезге жарық энергиясы қажет. Бұл екі үдеріс жасушаның жеке органоидтерінде жүреді. Фотосинтез хлоро - пласта жүзеге асады. Тыныс алудың негізгі органоидтерімен кейінірек танысасыңдар.

Тыныс алу және фотосинтез үдерістерінде өсімдіктер фотосинтез барысында органикалық заттар түрінде қорға жинаған жарық энергиясы босап шығады да, оны өсімдіктер тыныс алу нәтижесінде пайдаланады. Тіршілік үдерістері үшін қажет энергияны өсімдіктер (жануарлар да) тек органикалық заттардан алады. Оны тікелей жарықтан алу мүмкін емес! Кейбір ұқсастықтарды келтірейік. Көмірдің энергия беретіні белгілі. Көмір пласт немесе қапқа салынған күйінде тұрса, энергия бермейді. Егер көмірді жақса жылу энергиясы түзіледі де, үйді жылытады. Бірақ табиғи көмірден электр энергиясын арнайы жылу электр станцияларында ғана алады. Жарық энергиясынан өсімдіктер нәруыздарға, майлар мен көмірсуларға айналдыруға қажет энергияны алады. Осы органикалық заттардан тыныс алу барысында тіршілікке қажет энергия алынады. Фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Фотосинтездің бастапқы өнімдеріне су ыдырағанда түзілетін оттек пен сутек, жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат жатады.

Фотосинтездің соңғы өнімі бірінші реттік көмірсу – глюкоза болып табылады. Глюкозадан өсімдік кейін басқа органикалық заттар түзеді. Бұл енді фотосинтез үдерісі емес, биосинтез – тірі ағза ішінде қажет заттарды түзу үдерісі болып саналады. Фотосинтездің бастапқы өнімдерінен өсімдік тек оттекті пайдаланбайды. Ол атмосфераға бөлінеді де, аэробты тыныс алуға мүмкіндік жасайды. Сутек атмосферадағы көмірқышқыл газымен қосылып, соңғы өнім – глю - коза түзіледі. Бұл реакцияларды қамтамасыз етуге жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат қолданылады. Спортшыларда (жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, веложарыс т. б.) сүт қышқылының мөлшері – бұл ағзаның энергетикалық төзімділігінің көрсеткіші. Сүт қышқылының деңгейі неғұрлым төмен болса, тыныс алу және қан тамыр - лары жүйесі жасушаларды оттекпен қамтамасыз етумен соғұрлым жақсы айналысады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттар ...

Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттар ...

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 1. 3. 1 - тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру;...
Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып

Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы

Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 1. 2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру...
Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы

Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 3. 5. 1 - географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи - аумақтық...
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы  ...

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы ...

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×