Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Нәруыздың қасиеттері және атқаратын қызметтері

Биология 10 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Нәруыздың қасиеттері және атқаратын қызметтері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды нәруыздың қасиеттері және атқаратын қызметтерімен таныстыру.
2. Дүниетанымын арттыра отырып, оқу материалдарын толық меңгеру қабілетін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Шығармашылық
Сабақтың әдісі: жоба құру оны қорғау, кесте толтыру..
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, портрет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын тексеру
VІ. Бағалау.

І. Амандасу, Түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу. §7.
Нәруыздың қасиеттері. Әр түрлі жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің нәруыздарын зерттегенде, олар физикалык ж\е химиялық қасиеттері ұқсамаған. Бұл айырмашылықтар амин қышқылдарының алуан түрлілігімен түсіндіріледі, яғни әрбір түрдің өзіне тән құрылымдары жөнінен күрделі айырмашылықтары бар нәруыздары болады. Осыған байланысты бір түр фенотипі жөнінен екінші түрге ұқсамайды (БЖ дамыған егізден басқа).
Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар мүлде ерімейді. Нәруыздардың ерітіндісі коллоидті сипатта болады. Олардың кейбір қышқылдарда ж\е тұз ерітіндісінде еритін түрлері де бар. Нәруыздардың барлығы сілтілерде жақсы ериді, ал органикалық еріткіштерде мүлде ерімейді. Нәруыздар лиофильді (грекше «йо» — ерітінді, «рһпіо» — сүйетін) коллоидті ерітінді түзеді. Нәруыздың коллоидті қасиеттері коллоидті бөлшектердің мөлшеріне, ерітіндінің рН мәніне, сыртқы ортаның температурасына ж\е т. б. байланысты. Нәруыздар табиғи пішіндеріне қарай: фибрилдік және глобулдық болып екіге бөлінеді. Фибрилдік нәруыздардың түрлері жіп тәрізді болады. Оларга миозин, кератин (шаштың кұрамында болады) т. б. жатады. Бұлшық ет нәруызы — миозинт ұзындығы жүздеген нано - метрге жететін жіп тәрізді болып келеді. Олар ұзара да, қысқара да алады. нәтижесінде қимыл - қозғалыс реакциялары жүзеге асып отырады. Молекулаларының диаметрі 5 — 7 нм болатын шар тәрізді гемоглобин оттекті тасымалдау қасиетіне ие. Глобулдық нәруыздар — полипептидтік тізбектері шар тәрізді болатын нәруыздар. Сонымен фибрилдік нәруыздар құрылымдық және жиырылу, ал глобулдық нәруыздар зат алмасу қызметін атқарады.
Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Мысалы, қыздырудың, сәулелендірудің, химиялық заттардың әсерінен және механикалық әсер етудің салдарынан нәруыздың, алдымен, үшінші реттік, одан кейін екінші реттік құрылымдарының арасындағы байланыс үзіледі. Соңынан молекула пішіндерін өзгертеді. Бұл құбылысты денатурация деп атайды. Денатурация: қайтымды және қайтымсыз болып екі топқа бөлінеді. Денатурациядан кейін нәруыздың қасиеттері өзгереді. Ол өзінің ерігіштігінен айырылып, арнаулы қызмет атқаруы бұзылады. Жұмыртқа қыздырғаннан кейін тығыздалып, мөлдірлігін жоғалтуы дәлел бола алады..

Нәруыздың қызметтері.
Құрылыс қызметі. Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары жасуша мембранасының ішкі, сыртқы қабықшасы, митохондрияның ішкі мембранасының 70%- ы нәруыз молекуласынан тұрады. Жануарлардың мүйізі, тұяғы, қауырсыны, түктері, сіңірлері, шеміршектері мен қан тамырларының қабырғасы жөне т. б. нәруыздан құралған.

Тасымалдау қызметі гемоглобин нәруызы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етеді де, ыдырау өнімі — СО2 - шығарылады.

Қозғалыс қызметі. Организмнің қозғалыс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар катысады. Мұндай нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың қозғалысына да әсер етеді. Жасушаның бөлінуі кезінде ахроматин жіпшелерінің жиырылуы салдарынан, хромосомалар экватордың полюстеріне тең таралатындығы белгілі. Қорғаныштық қызметі. Нәруыздар организмді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы туратын нәруыздар — антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені зарарсыздандырады. аурумен ауырғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады.

Ферменттік (катализаторлық) қызметі. Организмдегі заттардың өзін - өзі жаңартуы ферменттердін әсерімен жүзеге асырылады. Орыс ғалымы И. П. Павлов ферментті «тіршіліктің қоздырғышы» деп атады, өйткені ол организмдегі зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді -

Антидене
Антидене жасап шығаратын жасуша
7 - сурет. Антиденелердің түзілуі
ІІІ. Биологиялық диктант.
ІV. §7
Мына терминдерге анықтама беріңдер: пептид, дипептид, полипептид, пептидтік байланыс
Нәрузды зерттеудің әдістеріне тоқталып, мысал келтіріңдер.
3. Нәруыздың 4 - реттік құрымына сипаттама беріңіздер?
1 - зертханалық жұмыс. Зат алмасу реакциясының ферменттік сипаты

Мақсаты: 1) зат алмасу реакциялары кезіндегі ферменттердің маңызын дәлелдеу; 2) ферменттердің белсенді әрекеттерін анықтау.

Құрал - жабдықтар. Шикі және піскен картоп түйнектері, элодея жапырағы, 3%- дік сутек пероксиді, тамшуыр (пипетка), препараттық инелер, заттық шыны және жабын әйнек, Петри тостағаншасы жөне микроскоп.

Жұмыс барысы. 1. Шикі және піскен картоп кесінділеріне сутек пероксидін тамызыңдар. Қай кесіндіде өзгеріс байқалады? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. 2. Су тамшысында жатқан элодея жапырағын микроскоп арқылы караңдар. 3. Жапыраққа сутек пероксидін тамызып, қандай өзгеріс байқалатынын бақылаңдар.

Жаңа сабақтың сұрақтары
Нуклеин қышқылдары дегеніміз не?
Нуклеин қышқылдарын алғаш тапқан кім, қай жылы неден алды?
ДНҚ құрамындағы мономерлерді ашқан кім олар қалай аталады?
Пуриндік негізбен пиримидиндік негіздерді атап, олардың сәйкестігін сипатта?
ДНҚ - ны зерттеуде М. Уилкинс пен Р. Франклин еңбектері қандай, ДНҚ - құрылысын қалай сипаттаған?
Дж. Уотсон мен Ф. Крик зерттеулері бойынша ДНҚ молекуласын сипаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз ет ...

Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз ет ...

Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді. Нәруыз...
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидте ...

Органикалық заттар көп болғанымен, бір ерекшелігі – құрамына санаулы ғана элементтер кіреді. Ең қарапайым органикалық қосылыстар екі элементтен –...
Аминдер. Амин қышқылдары

Аминдер. Амин қышқылдары

Аминдер, амин қышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру;...
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Ақмола облысы. Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі Кемалов Абзал Аманкелдіұлы...
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

1. Білімділік: Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі тарауын интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, оқушыны шығармашылыққа баулу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету