Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс–тәсілдер арқылы дамыту

1 - коучинг сессия 90 минут
Коучинг жоспары
Сабақтың тақырыбы: Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс – тәсілдер арқылы дамыту
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың мақсаты: «Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс – тәсілдер арқылы дамыту» тақырыбындағы әрекеттерді айқындау және шешу жолдарына дағдылану, алдына тұрған проблеманы айқындап, оны шешу жолдарын қарастыру.
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:
1. Оқушының оқу процесінде теориялық білімді қалай қабылдайтынын анықтай алады
2. Оқушылар бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыруға дағдыландыра алады
3. Оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтап, эксперимент жасауға дағдыландырады
4. Мұғалім өз тәжірибесіндегі кедергілерді жеңуді нақтылай алады

Сабақтың нәтижесі: теориялық білімді практикада ұштастыра алады, тәжірибе жасай алады, алдында тұрған проблеманы шешіп, сабақта жүйелілік енеді
Коучинг өткізу әдісі:
- Тақырыпты, тапсырмаларды, эксперименттерді оқушыларға топпен жұмыс жасай отырып меңгерту әдістерін қолдану
- Практикалық жаттығулар және мұғалімдермен кері байланыс рефлексиясын жазу

Ұсынылған ресурстар: Аудио таспа, постер, түрлі қаламдар, А4 қағазы, ноутбук
Коучинг барысы:
Коучингке қатысатын мұғалімдер:
1. Топ ережесін құру 10 минут. Мұғалім мүмкіндіктеріне қарай өздері құрады, осы ережеге бағынуға міндетті (нұсқау ретінде өтеді)
2. Сыни тақырыпты ойландыра алатын «Көбелектің қауызынан шығуы», «Құмырсқа» бейнетаспаларын қойып, оған мұқият зер салып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар

Нұсқау: Алдарыңызға бейне таспа қойылды, көрсетілген бейне таспаға мұқият мән беріңіздер. 15 минут
Енді бейнетаспадан көрген мәліметтер туралы ой қозғайық, сіздерге мына төмендегідей сұрақ қойып, соған жауап берулеріңізді сұранамын.
А) бейне таспада не көрсетілді?
Ә) Бұл бейне таспа сізге қандай ойлар туғызды?
Б) Сіз осы жерде болсаңыз қандай іс – әрекет етер едіңіз?

Бұл бейне фильмде көрген жағдайларды Сіз қалай түсіндіңіз, және сіздің іс – әрекетіңіз (Эссе жазу)

Коучинг жүргізуші: Тақырып мазмұнын өздеріңіз ашып көрсеттіңіздер. Бүгінгі тақырыбымыз «Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс – тәсілдер арқылы дамыту»

3. Белсенді әдіс қолдану: топтық жұмыс
Нұсқау: Мұғалімдер қызыл, сары қағазға «Әлем өзгеруімен бірге мен де өзгеремін», «Мен жаңашыл мұғалім боламын» сөздері жазылған, өздеріне ұнаған түсі бар стикерлерді алып топқа бөлінеді.

А) Қазір оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай теория мен практиканы ұштастыра алатындай деңгейлік тапсырмалар құрастырыңыздар, бұл тапсырмаларда оқушы деңгейін, жас ерекшелігін ескеріңіздер (Химия, биология пәндері бойынша)

Ә) Топ аралық жұмыстарды қарап пікір алмасып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар, кедіргілер мен сәттіліктерін айтып талқылаңыздар

Б) Топтың өз жұмысын қорғауы, талқылаудың нәтижесін көрсетіңіздер (Оқушының сабақ барысында жауап бере алатындай төменгі және жоғары деңгейде болуы керек)

4. Кері байланыстың сұрақтары:

А) Бұл коучинг сабақта не үйрендіңіздер?
Ә) Коучинг сабағы ұнады ма?
Б) Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
В) Болашақта өз тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізбексіз?

Әрбір қатысушыға сауалнама беріліп, алған әсерлері, үйренген әдістері туралы пікірін қағазға түсіру, нәтижесін қарау.

Коучинг жүргізуші: қатысқандарыңызға рахмет! Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Екінші коучинг дәл осылай белгілі уақытта және белгілі тақырыпта іске асырылады. Соңынан коучинг туралы кері байланыстарын жаздыру және оны қалай өз сабақтарында қолданатындары.


"Абай атындағы орта мектебі" КММ - нің
биология пәні мұғалімі
Лукманова Гулмария Асабаевна
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?

Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?

Коучинг барысында пікірлесе отырып, диалогтік оқыту туралы түсініктерін кеңейтеді...
Оқытудағы критериалды бағалау коучинг

Оқытудағы критериалды бағалау коучинг

БҚО, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Галимова Нұргүл Мақсотқызы...
Коучинг жоспарлары

Коучинг жоспарлары

Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл...

"Диалогтік оқыту дегеніміз не" коучинг

СКО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, «Парасат» мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Светлана Кажаевна...
Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану

Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, табиғат, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету