Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тамырдың түрөзгерістері

Сабақтың тақырыбы: «Тамырдың түрөзгерістері»
Сабақтың мақсаты: Өсімдік тамырларының маңызы мен атқаратын қызметі, түрөзгерістері жайлы оқушыларға мағлұмат беру.
Міндеттері:
• Оқушыларды жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
• Тамырдың түрөзгерістерімен таныстыру;
• Өсімдік тамырларының маңызын талдау;
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылар жан - жақты ізденеді, жауапкершілікті сезінеді, шығармашылық қабілеті артады;
• Тамырлардың түрөзгерістері туралы біледі;
• Теориялық білімдерін өмірде пайдалана алады.
• Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, бағалау, сұрақ - жауап, инсерт, диалог,, АКТ, рефлексия.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, стикер, таратпа материалдар, плакаттар, қайшы, түрлі - түсті маркерлер, бағалау парақшалары,, түрлі - түсті қағаз, клей,.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау кезеңі.
1. Тамыр - өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі деп неге айтылады?
2. Тамырдың қызметін атаңдар.
3. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
4. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар.
5. Тамыр бөлімдерін ретімен атаңдар.
6. Тамыр оймақшасының қызметі.
7. Тамырдың ұшынан өсетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.
- Биологиялық диктант.
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі.

Тамырдың түрөзгерістері Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.
Жем - тамырлар Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы). Жемтамырлар асханалық (қызылша, шомыр, шалғам, тарна), техникалық(қант қызылшасы, ақжелкен, балдыркөк)
Тіреу тамырлар Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады
Түйнекті тамырлар Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Ауа тамырлар Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.
Оқушыларды топқа бөлу.
Әр топта 4 - 5 оқушыдан, барлығы 4 топ болады.
І топ - Кесте жасау /постер/
ІІ топ – Ауатамыр, түйнекті тамыр, жемтамыр.
ІІІ топ – Тамырдың пайдасы, тамыр туралы қызықты ақпарат және түрөзгерістер туралы ойларыңды жазыңдар.
ІV топ – тіреу тамыр, емізік тамыр.
Қызығушылығын ояту:
Тақырып бойынша видеоролик көрсетіледі.
Тақырып бойынша ақпарат алады. АКТ
Топтық жұмыс
№8 зертханалық жұмыс.
1. Жемтамырлы өсімдіктерді ата.
2. Емізік тамырлы өсімдіктердің ерекшелігі қандай?
3. Тіреу тамырлы өсімдіктер қайда кездеседі?
4. Ауа тамырлы өсімдіктерді ата.
5. Түйнек тамырлы өсімдіктердің қандай маңызы бар?
6. Түрөзгерістер деген не?
Тірек - сөздермен жұмыс.
Тамыр – корень - root
Ауатамыр – Воздушные корни – Aeral roots
Түйнекті тамыр - Корневые клубни – Root tubers
Жемтамыр - Корнеплоды – Storing roots
Тіреутамыр – Ходульные корни – Stilted roots
Емізік тамыр – Корни - присоски – Sucker roots
Қорытынды
Тамыр туралы аңыз әңгіме оқу.
Оқушылар өз ойларын ортаға салу.
Үйге тапсырма “ Тамырдың түрөзгерістері.”
Тақырыпты оқып келу.
Күнделікті өмірден мысалдар келтіру
Рефлексия
Бағалау
Бағалау парақтарын жинап алу.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Сейтқалиева Гүлмира Шакиқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету