Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Райымбек батыр

Ұлы Дала елінің дарабоздары
РАЙЫМБЕК БАТЫР
Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1 - жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек батыр 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т. б. хан, ноян, батырларын жекпе - жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге елші болып барған.
Райымбек заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жеңіске жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшыларының бірі болған. Жан беріп, жан алысқан жаугершілікті заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар пайда болып, қалың қол тығырыққа тіреліп, не істеу керектігін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі қамалып келіп қалған қалмақ қолынан ығысып барып, жауынгерлері буырқанып тасып жатқан Ілеге тіреліп, не істерін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін өзінен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, атамекенді жаудан тазартудағы ерліктері ұрпаққа үлгі боларлықтай. Ол талай рет шағын топпен жау шебіне барып, тосыннан тиісіп, қарсы жақты ойран - топан етіп отырған. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойрантөбе шайқасы» сондай шабуылының бірі ғана.
«Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырлардың ерлік жолы Жетісу жері азат етіліп, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуған жеңіс жолына үлессіз келіп жалғасады. Ол осы кездің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізеді.
Райымбек батырдың ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұрпағына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Райымбек батыр Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығарып, егін ектірген.
Жазушы Ж. Тұрлыбайұлы роман, ақын М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» атты поэма жазған.
Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер - су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өтеген батыр

Өтеген батыр

Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан....
Қарасай батыр

Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға....
Жәнібек батыр

Жәнібек батыр

Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын...
Жасыбай батыр

Жасыбай батыр

Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ...
Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)

Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбішева Мөлдір...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету