Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789 — 1864) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт - азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан. Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.

Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан. Оңтүстік өңірді Қоқан хандығы басып алғаннан кейін, ағасы Байтерекпен бірге сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске (1821) қатынасады. Көтерілісшілер қатты жазаланса да, Байзақ Мәмбетұлы беделді адам ретінде, өз руластарына датқа болып тағайындалады. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан отаршыларының айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесін қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады. Отаршыларға қарсы күресте Кенесары Қасымұлының сенімді серігі ретінде әйгілі болады. Оның сарбаздары Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше бекінісін алды (1841), Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады (1858). Патша генералы Колпаковскийдің әскеріне қарсы Алматыға жақын Ұзынағашта болған соғыс қимылдарына өз қолымен келіп қатысқан.
Әкесі Мәмбет пен Абылай ханның өсиетін ұстап, қазақтың "арқасын тамға, аузын нанға сүйеу” жолында өмір бойы еңбек етті. Жергілікті халықты егіншілік кәсіпке үйрету үшін кезінде 160 км канал қаздырған. Оның игілігін Әулиеата (қазіргі Тараз) төңірегіндегі халық күні бүгінге дейін көріп отыр. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан хандығының әкімі Әлімқұлдың бұйрығымен зеңбірек аузына байланып атылды. Оның быт - шыты шыққан денесінен қалған екі саусағы Талас өзеннің жағасындағы Сарыкемер ауылының маңына жерленді. Жамбыл облысының бір ауданы Байзақ Мәмбетұлы есімімен аталады.

Елі сыйлаған, тыңдаған Байзақтың сол абырой, атағын, қадір - қасиетін, шешендік, батырлық, қабілетін білген Қоқан бектері оны датқа, би етіп, сол өңірді басқаруды тапсырады. Сөйтіп олар Байзақ датқаның беделін пайдаланып, алым - салық, зекетті мол жинамақ болады. Жинайды да. Осы бір ауыр тауқыметті, ел тұрмысының күйзелген халін сезінген Байзақ датқа кейін Қоқан бектеріне қарсы шығады. Ел - жұрт Байзақтың айтуымен алым - салық төлеуден бас тартады. Елді қоқандықтар қанауынан құтқару үшін Ресейге қосылуды қолдайды. Сол мақсатпен ол Сұраншы, Сарыбай Тезек төремен бас қоса ақылдаса отырып, Жетісу, Әулиеата, Шымкент аралығындағы соғыстарға қатысады. Оның кейбіріне өзі тікелей басшылық етеді. Баласы Ақмолда батыр өз жасағымен Ұзынағаш, Бішкек, Меркі, Әулиеата қалаларындағы соғыстарға қатысып, ерлік көрсетеді. Байзақ датқа сол жолы Шоқан Уәлихановпен танысып, пікірлеседі. Осының барлығын белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің "Ақбоз атты ару" (1986) романында жан - жақты суреттеген.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өлеңдер жинағы

Өлеңдер жинағы

Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің 4 а сынып оқушысы Нұрмаш Сымбат Болатбекқызы Жетекшісі: Гүлжазира Тайтиева...
Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)

Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбішева Мөлдір...
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Семей қаласы, Пригород жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пән мұғалімі Хасенов Куаныш Мухитович...
Құстар, үй құстары (Бейнелеу сабағында)

Құстар, үй құстары (Бейнелеу сабағында)

Құстар, үй құстары (Бейнелеу сабағында) Авторы: Ерханова Айна Кездікбайқызы Мектебі: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қостөбе орта мектебі Санаты:...
Мұсабек Байзақұлы

Мұсабек Байзақұлы

  Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету