Сайтқа кіру Тіркелу

Аяулы күз, Алтын күз

Аяулы күз, Алтын күз
Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Аяулы күз, Алтын күз.
Оқушының өз бетімен еңбек етуі, әртістік қабілетін дамыту.
«Аяулы күз, Алтын күз» жайлы мағлұмат беру.
Көрнекілік: интерактивті тақта.
Жоспары:
1. Сәлемдесу (өзін – өзі таныстыру). топтың атын, төсбелгі.
2. Өнерлі өрге жүзеді (әр топ өз өнерін көрсетеді. би, ән).
3. Кім көп біледі (сұрақ – жауап).
4. Үй тапсырмасы (қалдық заттардан бұйым жасау).
5. Күз сәні (күзгі сән үлгілерін көрсету).
6. Күз сыйы (күзгі көкөністерден, жеміс – жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту).
7. Ханзада мен Ханшайым биі.

1 – Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым, Берекелі де мерекелі «Аялы күз, Алтын күз» мерекелеріңіз құтты болсын. Әрбір күніміз жақсылық әкелсін.
2 – Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар. бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 3 - 4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Аяулы күз, Алтын күз» атты сайысына қош келдіңіздер.
1 – Жүргізуші: Жүрегімнен шуақты жыр естіртіп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып.
Қарасам жан – жағыма күз келіпті,
Сұрша бұлтқа күрсініс ілесіп.
Күздің жел гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ,
Қоштаспасын тек жаздағы жыр сағым.
2 – Жүргізуші: Құрметті Халайық, бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыз
негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егеменді еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып, тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа адалдыққа, сыпайылыққа, мейірбандыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
1 - Жүргізуші: Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай,
Ендеше Халайық келіп отарған «Алтын күз» мерекесі әрбір жанға құт –
Береке, ырыс пен табыс әкелсін.
2 - Жүргізуші: Мінекей табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, көңілге қуаныш, бәріміз асыға күтетін,
асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрмен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айыда келді.
1 - Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңдер қанекей,
Жұптар сайысын бастайық біз
2 - Жүргізуші: Олай болса «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.
Қарсы алыңыздар кешіміздің үміткерлері Ханзадалар мен Ханшалары.
4 а – сынып «Күзгі бақ» тобы.
4 ә – сынып «Берекелі күз» тобы.
3 а – сынып «Күзгі қол шатыр» тобы.
3 ә – сынып «Күз байлығы» тобы.
1 - Жүргізуші: «Аяулы күз, Алтын күз» байқауының үміткерлеріне ақ жол деп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
2 - Жүргізуші: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда, неше бір,
Сарапқа сал, әділдік пен шеше біл.
Бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Директордың бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары Жанат әпкей.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Бастауыш сынып мұғалімі.
1 - Жүргізуші. Бағдарлама 6 кезеңнен тұрады.
1. Сәлемдесу (өзін – өзі таныстыру).
2. Өнерлі өрге жүзеді.(әр топ өз өнерін көрсетеді).
3. Кім көп біледі (сұрақ – жауап).
4. Үй тапсырмасы (қалдық заттан бұйым жасау).
5. Сән үлгісі.
6. Күз сыйы (күзгі көкөністерден салат жасау жолы).
7. Ханзада мен Ханшайым (би).
2 - Жүргізуші: 1 – сайыс. Сәлемдесу(өзін – өзі таныстыру).
Әділ қазылар алқасы дайын болса сайыскерлеріміздің өнерлерінің бағасын сұраймыз.
1 - Жүргізуші: 2 - сайыс. Өнерлі өрге жүзеді.(әр топ өнерін көрсетеді).
Әділ қазылар бағасын беру.
2 - Жүргізуші: 3 - сайыс. Кім көп біледі.
Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып келесі
кезеңімізге өтейік.
Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар.
Әділ қазылар бағасын беру:
1 - Жүргізуші: 4 - сайыс. Үй тапсырмасы.
Әділ қазылар бағасын беру.

2 - Жүргізуші: 5 - сайыс. Күз сәні.
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан бітеді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған.
Ендеше кезекте Аруларымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар.
Әділ қазылар өз бағасын береді.
1 - Жүргізуші; 6 - сайыс. Күз сыйы (көкөністерден салат жасау)
Әділқазылар өз бағасын береді.
2 - Жүргізуші: 7 - сайыс.
Көркімен жаз жадырап, келіпті күз,
Сұлулықты көргенге үміттіміз.
Қуаныш сыйлай берші бал татыған,
Бимен айналады, қылықты қыз.
Ендігі шарттарымыздың бірі кеш биі, үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, бүгінгі кештің нағыз Ханзада мен Ханшасы екенін көрсете білулері керек.
1 - Жүргізуші: Сонымен қымбатты көрермендер, жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген арыстандай, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз Ханзадаға лайық жігіттерімізбен
2 - Жүргізуші; Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай, ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің төгілген нағыз Ханшаға лайықты, ақылдыда парасатты қыздарымызды анықтайтын кезде келіп жеттік.
1 - Жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің қиылдалсын, қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар.
«Аяулы күз, Алтын күз» байқауының нағыз Ханзадасы мен Ханшайымын
Жариялау үшін ортаға қазылар алқасын шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Қымбатты көрермендер Жеңімпаздарға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсіндей отырып кешімізді осымен аяқтаймыз. Сау – саламат болыңдар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×