Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Армысың, әз Наурыз!

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

І жүргізуші: Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін АЛЛА берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын Наурыз мерекесі.

ІІ жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым.
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірің нұрланатын
пейілің түзелетін, көңілің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын.

І жүргізуші: Наурыз – бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқа ұлттар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

ІІ жүргізуші: Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.

І жүргізуші: Ал енді осындай керемет Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін
Оқу ісі – жөніндегі орынбасары Жылқыбаева Жанат әпкейге сөз береміз.

ІІ жүргізуші: Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі Халықтың
Наурыз тойын бастайық. – деп ортаға Айымның Сайлаубектің құттықтау сөзін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Наурыз тойым, наурыз тойым,
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.
Алдарыңызда Малика мен Ұлпанның орындауында «Наурыз думан» әнін тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші: Көктем келді балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
«Анаға сый» әнін Ақсұлтанның орындауында қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, байлық тілеймін,
Бүкіл қазақ еліме.
«Наурыз көктем». Орындайтын Аянат.

ІІ жүргізуші. Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз.
Алдарыңызда Айым Сайлаубектің биін тамашалаңыздар.

І жүргізуші: Наурыз келді сан құрып,
Жасарып, жаңарып.
Құлпырды жер мен көк,
Мейірім таң күліп.
Алдарыңызда Ерасылдың орындауында Наурыз әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Наурыз – бұл мереке,
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек әкелсін.
Уа Ағайын «Наурызым - бабамның сөзі, Наурыз - анамның сөзі, ғасырдан ғасырға
Жеткен даламның сөзі» демекші, Қыдыр атамыз келіп қалыпты, Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.

І жүргізуші: Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Алдарыңызда Әбдіуәлі Әйгерімнің орындауында «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші. Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Сайлаубек Айдананың орындауында Гүлдерайым әнін қабылдаңыздар.

І жүргізуші: Алдарыңызда дәстүрлі би Қаражорға.

ІІ жүргізуші: Айналайын халқым – ай
Құтты болсын салтың – ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын – ай - деп мерекелік іс - шарамызды ары қарай ұлттық салт – дәстүріміз тұсау кесу мен жалғастырамыз.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету