Сайтқа кіру Тіркелу

Діні қуатты елдің іргесі берік

Сабақтың тақырыбы: «Діні қуатты елдің іргесі берік»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазіргі кездегі қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың діни сауатын аша отырып, ізденуге дағдылау және шешендік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жас ұрпақты имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелей отырып өз құқықтарын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттері,
Түрі: сайыс
І. Ұйымдастыру
а) оқушыларды әзірлеу
ә) сыныпты топқа бөлу.
1 - топ «Имандылық»тобы
2 - топ «Адамгершілік»тобы
Сайыс бөлімдері.
1. Топтарды таныстыру
2.. Дінім, ділім өмірімнің тұтқасы. (Ислам діні туралы не білеміз? оқушылар пікірі)
3.. Дін - қоғам өмірінде. (не істер едің? жағдаятқа жауап алу.)
4. Мақалдың жалғасын тап
5. Қорытынды
Психологиялық дайындық
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй боп көрінер.
І - бөлім
Топтарды таныстыру
Имандылық тобы
Имандылық жарасады ұл - қызға,
Бұл тақырып толы екен мазмұнға.
Насихаттап имандылық бастауын,
Өнегелі тәлім берер ұл - қызға.
Ал, балалар, сайысты біз бастайық,
Өлең оқып, ән айтудан қашпайық!
"Әдептілік әліппесін ардақтап,
Иманды бол деп ұран тастайық
Адамгершілік тобы
«Адамгершілік" деп ат қойдық тобымызға,
Сан алуан ұғым болды ойымызда.
Сәлем бердік, баршаңызға жиылған жұрт,
Бүгінгі әдептілік тойымызға.
Қаруланып білімменен біз келеміз,
Қиялменен шартараптан жыр тереміз.
Сайысуға «Адамгершілік " келіп тұрған,
Сөз кезегін өздеріңе береміз.
ІІ - бөлім
2. Дінім, ділім өмірімнің тұтқасы. (Ислам діні туралы не білеміз? оқушылар пікірі)
Ислам діні
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін - өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т. б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т. б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.
ІІІ - бөлім
Дін - қоғам өмірінде.(не істер едің? жағдаятқа жауап алу.)
Имандылық тобына
Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды.
Осы жағдайдағы сенің іс – әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе?
Үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде?
Адамгершілік тобына
Сыныпқа жаңадан оқушы келді, онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді.
Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.
Осы жағдайдағы сенің іс – әрекетің қандай? Ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс
ІV - бөлім
Имандылық тобына
Мақалдың жалғасын тап
1. Адамның ұяты бетінде,...
(Адамгершілігі ниетінде.)

2. Адамгершілікке арналған үш сауал бар:...
(Шөлге құдық қазған бір сауап,)
(Өзенге көпір салған бір сауап,)
(Жолға ағаш еккен бір сауап.)
Адамгершілік тобына
1. Әдептілік ар - ұят...
(Адамдықтың белгісі)
Тұрпайы мінез жат қылық...
(Надандықтың белгісі)

Мұны білу маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта! Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

Қортынды:
Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ өлеңінің бір шумағымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян қазақ!
Дініңді сен ардақтағын, құнықта!
Көз алдында тура жолын тұрғанда!
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
Қорытындылау
Жеңімпаз топтарды мадақтау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушыларға діни экстремизм, терроризмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімдерін...
Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

2018 жылдың 5 желтоқсанында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К. Е. педагогикалық практика аясында «Деструктивті және...
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Арал қаласы, Арал индустриалды техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қараева Айгүл...
Дін – тәрбие діңгегі

Дін – тәрбие діңгегі

Тақырыбы: Дін – тәрбие діңгегі...
Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға діни экстремизмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімін тереңдету;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×