Сайтқа кіру Тіркелу

М. Дулатов «Наурыз»

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Наурыз»
Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылар М. Дулатов «Наурыз» атты өлеңі бойынша өлеңнің мазмұнымен таныса отырып, өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ашады.
Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету.
Өлеңнің мазмұнын ашуға, өздігінен ізденіп білім алуға, топ жұмысына белсене араласуға, өзін өзі реттеуге қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері: оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады, тақырып идеясын таба біледі, өздігінен ізденіп, ой қосуды үйренеді., өлеңді талдай білу дағдылары қалыптасады, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Ақпарат көздері, қолданылатын материалдар: Оқулық, сөз жұмбақ, тақырыпқа байланысты суреттер, интеративті тақта, А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, күлегештер.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Білу.
І. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды «Кіру билеті» стратегиясы арқылы 4 топқа бөлу.
Топ басшысын тағайындау. Топ басшысына бағалау парағы беріледі.

2. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Су жылтырлап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Дейін - кейін» сұрақ – жауап әдісі.
1.«Түлік туралы сабақ» өлеңі не туралы айтылады?
2. Болат пен Марат неге таласты?
3. Болаттың сұрақтарына сен қалай жауап берер едің?
4. Төрт түлік малдың атауына байланысты неше түрге бөлінеді?

Түсіну.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3. Ой қозғау «Наурыз»сөзі шығу үшін сөз жұмбақ шешу.
Сұрақтары:
1. Мұсылман халқында жаңа жыл тойланатын ай.
2. Наурыз көжеге қосылатын дән.
3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.
4. Сүттен жасалатын тағам.
5. Ішекке ет тығып жасайтын ұлттық тағам.
6. Бие сүтінен жасалатын сусын.
Автор туралы мәлімет.
Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қыз бел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды.
Жазушы, ғалым, қоғам қайраткері
Шығармалары: 1913ж. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
1913ж. А. Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарды.
1922 - 1926ж. Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болды
1928ж. Бір топ қазақ зиялыларымен бірге қамауға алынады да, он жылғасотталады.
1935ж. тұтқында қайтыс болады.

Кітаппен жұмыс:
1. М. Дулатов туралы мәліметпен танысады.
2. Өлеңді оқушылар шумақпен тізбектей оқиды.
3.«Наурыз» өлеңіне талдау жұмысы жүргізіледі
Әуеден «Парашют» тастау ойыны арқылы оқушылар бір бірлеріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Қолдану.
Топпен жұмыс: тапсырма беріледі (оқушылар шығармашылық жұмыс жасайды)
Топта оқушылар бірлесе отырып, тапсырманы орындап, постер қорғайды.

І топ: Қазақ қызының бас киімі"Сәукеле"
ІІ топ: Қазақ халқының ұлттық өнері"Қамшының түрлері"
ІІІтоп: Қазақ халқының ұлттық ойындары
ІV топ: Қазақ халқының салт - дәстүрі

Талдау.
«Кубизм» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру.
- Ақын наурыз айындағы табиғат өзгерістерін қалай суреттеген?
- Наурыз қандай мейрам?
- «Қыс шыққан өлмей тірі» деген өлең жолдарын қалай түсінесің?
- Наурыз күні қалай аталады?
- Өлеңде қандай ұйқас жолдары бар?
- Наурыз көже қалай жасалады?
- Наурыз өлеңінде дала бейнесі қалай суреттеледі?
- М. Дулатовтың қандай шығармаларын білесің?
- Қазіргі парсы тілінде наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?
- Наурыз мейрамның басқа мейрамдардан айырмашылығы неде?

Жинақтау.
- Балалар қазақ халқы наурыз мейрамды *«Ұлыстың ұлы күні»деп неге атаған?
- Бүгін қандай өлеңмен таныстық? Өлеңді кім жазған?
- Наурыз сөзіне қандай қанатты сөздерді білесіңдер?

Оқыту үшін оқуды бағалау.
-(кері байланыс орнату)
Балалар жауаптарын айтады. Өзара пікір туады.
Оқушылардың бірін - бірі бағалауы және топты бағалау
Мұғалімнің берген бағалау кретерийлері арқылы, топ басшысы бағалайды.
Мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма.
Өлеңді түсініп оқып, жаттап келу. Өлең мазмұнына сурет салу.

Рефлексия
Оқушылардың сабақтан алған ойлары, әсерін туралы жазады.
(Жазғандарын тілек ағашына іледі)

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп - интернатының
бастауыш пәні мұғалімі Надырбаева Гүлайым Айтбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×