Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

М дыбысы және әрпі

М дыбысы және әрпі
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Мақсаты: Балаларға М дыбысы мен әрпін таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. М дыбысының айтылуына мән беріп, М әріптің баспа түрін жазуды үйрету. Буын туралы түсінігін молайту. Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қорын жетілдіру. Зейінін тұрақтандыру. Адамгершілікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, тілек ағашы - бағалау, ертегі әлемі
Билингвизм: Мысық - кошка, май - масло, маса - комар, маймыл - обезьяна.
Әдіс - тәсілі: Таныстыру, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ертегі әлемі

Мотивациялық - қозғаушы
1. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін ұйымдастыру барысы:
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанамыз достарым
Арайлап атқан күнге!

Ұйымдастыру - ізденуші
2. Өткенді қайталау. Сұрақ - жауап
- Балалар дыбыс дегеніміз не?
(дыбысты естиміз)
- Әріп дегеніміз не?
(көреміз, жазамыз)
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
(екіге)
- Дұрыс қандай?
(дауысты, дауыссыз)
- Өткен іс - әрекетте біз қандай дыбыспен таныстық?
- Д д дыбысы мен әрпін
- Қандай сөздермен таныстық?
доп, велосипед, домбыра, дала, доға, дода,
дара, дана.

3. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
- Жарайсыңдар балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
- Иә
- Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады.(МЫСЫҚ)
- Дұрыс балалар мысық сөзі М дыбысынан басталып тұр.
- Бүгін бізге қонақ келді. М дыбысымен танысамыз.

4. Жаңа сабақ
- Балалар мына слайдқа назар аударайықшы.
- Балалар слайдтан не көрдіңдер?
- М дыбысы
- Қане балалар бірге қайталайық.
- М - М - М
- балалар қалай айтылып тұр, М дыбысы қандай дыбыс екен!(дауыссыз)
- Дұрыс балалар созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады
Мұғалім: тақтаға Мм дыбысының баспа және жазба түрін сызып көрсету.
Ертегілер еліне саяхат Мақта қыз бен мысық
Сиырдың тапсырмасы

Дәптермен жұмыс
а) Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу: қам – шы, ма – ши – на, қа – лам
М сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін анықтау.
Ағаштың тапсырмасы
ә) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту: ма, ма, мата, мой, мойнақ, шам, мал, май, маймыл, мол
Қыздардың тапсырмасы
б) Жазу жұмысы: м әрпінің баспа түрін жаздыру.
Дүкеншінің тапсырмасы

Сергіту сәті:
Тауықтың тапсырмасы
в) «Сөз ойлап табу» ойыны арқылы май, мата, шам сөздерін ойлату, дәптерге жаздыру. (дыбыстық, буындық талдау жасату).
Кел тышқанмен ойнайық
«Сөйлем құра» ойыны сөйлем құратып, оның схемасын сыздыру
Талда алма өседі
Алмас алма жеді.
«Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: кубикпен орындалады. Балалар бір - біріне кубикті лақтырып, «м» дыбысынан басталатын сөздерді айтады.

5. Оқу іс - әрекетін қорыту. - Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздермен таныстық

Рефлексивті - Коррекциялаушы
6. Бағалау.
Сабақ барысында белсене қатысқан балаларды «Тілек ағашының» қуанышты хабарламасымен мадақтау, мақтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын және «М м» әрпінің баспа үлгісін танып біледі.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды М дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.

Қызылорда қаласы,
Ы. Алтынсарин атындағы № 10 мектеп – лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақмырзаева Айсауле Қайратқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету